116
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
117
еткен қазақ әдебиеті – қалың қауым арманының шапа-
ғатты нұрынан жаратылған, ең үздік дәстүрлерді ілгері
жалғастырған, адам баласы қан-қазынасына толымды
қор қосқан жаңа сапалы құбылыс» /1,5/, – деп, бір ауыз
сөздің бойына жинақтайды. Бұл «қазақ әдебиеті» деген
жалпы да кең ұғымды жинақтаған тұғырлы тұжырым
болып табылады. Тұжырымға қазақ әдебиетінің барша
мінез-бітімі, мақсат-мүддесі сыйып тұр десе болады.
Ғалым оған әдебиеттанудың жаңа көкжиегінен көз тіге
отырып, нақтылайды, терең мағыналы,
әдебиеттануда
афоризмге айналар қуатты ғылыми тұжырым жасай-
ды, оны «Драма өнерінде» жанкешті еңбегі мен текті
талантын, кіршіксіз ар-ожданын сүйеніш ете отырып,
ненің болса да тұңғиығын танып, таныта алатын, өрімі
өзгеше, толғауы тоқсан қызыл тілмен,
өзіне ғана хас
сыршыл ғылыми стильмен еңбектің өн бойында сусы-
ныңды қандыра тарқатады. Енді осыған келейік.
«Драма өнері» авторы поэтиканың ең күрделі де
күрмеулі мәселесі жанрлық жүйені зерттеуге, соның
негізінде қазақ әдебиеті мен қазақ сахна өнерінің көр-
кемдік-эстетикалық ерекшеліктерін, драмалық шығар-
малардың типологиялық сипаттарын ашуға ден қояды.
Ең алдымен, еңбек авторы қазақ әдебиеті мен өнері
туралы жүйелі ғылым салаларының қалыптасуына та-
рихи еңбек сіңірген А. Байтұрсынов бастаған ұлы шо-
ғырды ауызға алады. Жанр,стиль және әдеби әдіс проб-
лемаларын саралауға арналған фольклор мен әдебиет
саласындағы еңбектерді, бұған дейінгі драматургия ту-
ралы арнаулы еңбектерді қағыс қалдырмайды, кешегі-
бүгінгі қазақ театр
сыншыларының тұжырымдарын
бағалайды, жанр проблемасына қатысты белгілі орыс
ғалымдарының концепцияларын, талаптарын ескереді,
жанр тарихының Аристотельден- Белинскийге дейінгі
көне бастауларына үңіліп, жанрлық жүйені пайымдауда
эстетикада әртүрлі мектептер болғанын көрсетеді.
Зерттеу еңбекте академик Р. Нұрғали қазақ
драма-
тургия жанрының өзіндік даму ерекшелігін айрықша
ескерте отырып, оның аз уақыт ішінде жаңа сапалық
деңгейге көтерілуінің сырын: «Егер әлем драматургия-
сы сан ғасырмен есептелетін ұланғайыр жолдан өтсе,
қазақ драматургиясының тарихы әлі ғасырға да жеткен
жоқ. Соған қарамастан, қоғамымыздың әлеуметтік-эко-
номикалық тарихи-мәдени қауырт өрлеп дамуы, халық-
тың мыңдаған жылдық дәстүрі бар фольклоры, кәделі
өнері, бай әдебиеті жаһан мәдениетіндегі дәстүрлермен
қауыша келіп, қазақтың жаңа сапалы өнерін – драма-
тургия мен театрды өмірге әкелді»/1,7/, – деп сабақтай-
ды. Әрине, зерттеуде жаңа сападағы драматургия жанр-
ларының ерекшеліктері эстетикалық категориялармен
«сабақтас түрде, типологиялық салыстырулар арқылы
ашылады, қазақ драматургиясында тақырыптық арна-
лардың қалыптасу кезеңдері қаһарман мәселесімен,
типтендіру әдістерімен,
авторлық позиция принцип-
терімен, көркемдік құралдардың баюымен, халықтық
дәстүрлердің ықпалымен диалектикалық байланыста
тексеріледі»/1,7/. Демек, зерттеу еңбекте автор алға
қойған осындай күрделі мақсат-міндеттердің үддесінен
шыққанына көз жеткіземіз.
Зерттеуші кейбір
батыс оқымыстыларының жанр
туралы тұжырымдарымен келісе бермейді. Озық ғы-
лымда жанрға берілген анықтамаларды өзінше қоры-
тып түсіндіреді. Мәселен, жанр тудырушы элементтер,
жанр құбылысы жөнінде айта келіп: «Кең мағынасында
алғанда, типологиялық тұтастық сипаты бар эстетика-