128
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
129
ізденістер» арнаулы курстарын
оқытуда пайдалануға
қажетті бағалы тұжырымдар аз емес. Өйткені, автор
аталған бөлімде профессор Т. Кәкішұлының «Дәуір су-
реттері» (1967) зерттеу еңбегі мен «Қызыл сұңқар» әде-
би-көркем-публицистикалық шығармасының танылым
өрісін сөз етіп, сыни пікірлерге де өз тарапынан байлам
жасайды. «Дәуір суреттеріне» газет беттерінде берілген
бағалы ой-пікірлерді назарға ұсынады. Әсіресе, қазақ
әдебиетінің классигі С. Мұқановтың «Қызыл сұңқар-
дың» қадау-қадау құндылықтарын көрсетуі,
көрнекті
қазақ жазушысы Т. Әлімқұловтың жанрлық көркемдігі-
не берген зор бағасы Кәкішұлының тек сәкентануда
ғана емес, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің негізін
қалаушылар шығармашылығын зерттеудегі шынайы
ғалымдық дарынын әспеттейді. Оқу құралының авторы
бұны дәйексөздермен нақтылай түсіндіреді. Сондай-ақ,
сыншы Т. Тоқбергеновтің «Қызыл сұңқар» құндылығын
таныту барысындағы кейбір сын пікіріне: «Біздіңше,
Тұрсынбек Кәкішұлы сол уақытта Сәкен Сейфуллиннің
«Тар жол, тайғақ кешуін», 1959 жылғы экспедиция ма-
териалдарын әдеби айналымға тартқан тұста шығарма-
шылық өрісін кеңге салып жазғанымен, Сәкен өмірінің
тұтас бір ақиқатымен ашып тастауға өмірлік материал-
дың әлі де толық еместігі өз алдына, айтуға болмайтын
ақиқаттардың тосқауылынан аттап өтуге тәуекелі де
жете бермеуі, оған қоса «Алаш» дейтін атаудан ат-то-
нымызды алып қашқан замананың ыңғайынан да бой
тартуы әбден мүмкін» (1,17),-деп өз тоқтамын айтқан
Қ. Мәдібай: «Тұрсынбек Кәкішұлы өзінің кейінгі кезең-
дегі зерттеулерінде осы олқы тұсты, Төлеген Тоқберге-
нов атап атап отырған 1925-1937 жылдар аралығын бар
мәнде толықтырумен келеді»(1,17),-деп оны да дәйек-
тейді. Автор «Қызыл сұңқарды» ғұмырбаяндық жанрда-
ғы жаңа бағыт деп бағалаған Тұрсынбек Кәкішұлының
өз ұстазы, көрнекті әдебиеттанушы Есмағамбет Ысма-
йыловтың да пікірін алға тартады. Бұлардың баршасы
ғылыми өрісіміздің кеңдігін,
ғылыми тұжырымдардың
жаңғырып-жаңарумен дамитындығын көрсетеді.
Қ. Мәдібай еңбегінің «Ақталғаннан кейінгі ақтаңдақ-
тар» бөлімінде тағы да тынымсыз, тоқтаусыз зерттеу
үстіндегі ғалым көз алдымызға келеді. Алайда, автор
осы тұста сәкентанушы Т.Кәкішұлының жазу мәнері-
не көңіл аударып: «Болған жайды қаз-қалпында, сырт
баяндауына ішкі әлемін қоса отырып, өзгеше бір мәнер,
өзіндік әңгімешілдікпен айқын суреттейтін Тұрсынбек
Кәкішұлының жазу мәнері де арнайы сөз етуді сұрап
тұрған өзгеше бір машық» (1,20),-деп жас зерттеуші-
лерге ой салады. Сол «өзгеше бір машықпен»
жазған
«Ескірмейді естелік» эссе кітабында да Тұрсынбек
Кәкішұлы «Сәкен Сейфуллиннің қайраткер тұлғасын
өткенді айыптап жатқан, кінәлап жатқан ендігі уа-
қыттың асығыс, аптыққан айыптауынан биік тұрған
қалпында және бір тың қырларынан жарқыратып, жа-
сытпай көрсетуге белін бекем буды» (1,20-21). Бірақ,
естеліктерінің көпшілігі Сәкен жайы болғанмен, автор
оларды екіге тарқата талдайды: «Бірі – ілгерідегінің
көзін көргендердің әңгімесін баяндауы. Яғни, өзгеден
естіген шындығы. Екінші – қазақтың 59,60,70,80 жыл-
дардағы
биік тұлғаларымен тағдыр, еңбекте дәмдес,
құрдас болуды бұйыртқан. Солардың жанын ашу. Со-
лардың сырын жеткізу. Замандарда үлкен аға, кіші ініге
деген өз ықылас, пейіл, бағасына орап отырып жеткізу»
(1,22).