30)Залалсыздық нүктесін анықтау.
Кәсіпорында шығындар деңгейін “Шығын – Көлем - Пайда” талдауында “1 теңге тауарлық өнімге жұмсалатын шығынды” анықтайды:
Шж /ТӨ < 1
Егер қатынас бірге тең болса, онда бұл заласыздық нүктесі және осы нүктеге сәйкес келетін өндіріс көлемі сындық өндіріс көлемі деп аталады.
Сындық шама – шығындар мен табыс шамасы теңесетін өндіріс көлемі, яғни бұл көлемде ол рентабельді бола бастайды. Сындық көлемді анықтаудың аналитикалық әдісі:
Qсынд = Штұрақты / (Б – Sауысп )
Штұрақты – жалпы тұрақты шығындар;
Б – өнім бірлігінің көптеп сату бағасы;
Sауысп – меншікті ауыспалы шығын.
Мысалы: Кәсіпорын өнімді бір бірлігіне 10 $ сатады, тұрақты шығындар 3000 $, 800 бірлік максималды өндіріс көлемі кезіндегі жалпы шығын 6200$.
Шешуі: V = TC – FC = 6200 – 3000 = 3200
Q = 3000/ (10-4) = 500
#
RAZDEL2
Өзіндік құнды төмендету жолдары
Өзіндік құн – өнім өңдіруге және өткізуге кеткен барлық шығындар. Жалпы алғанда өзіндік құнның құрамы келесі түрде көрсетіледі:
ӨҚ = М + А + ЕА
мұндағы М – материалдық шығындар, А – амортизация, ЕА – еңбек ақы.
Өзіндік құнды төмендету арқылы қоғамның таза табысы, кәсіпорын пайдасы өседі. Әртүрлі кәсіпорындарда шығарылатын бірдей өнімнің өзіндік құны әртүрлі болуы мүмкін.
Өзіндік құнды төмендету факторлары:
өнім өңдіруді өсіру (тұрақты шығындар бойынша түсетін үнем арқылы).
B1 – өсіруге дейінгі өнім көлемі;
B2 – өнім шығарудың жаңа мөлшері.
Материал сыйымдылығын азайту (шикізат пен материалдар бойынша үнем болады).
өнім өңдіру өсімін еңбек ақы өсімінен жоғары етіп жасау (еңбек ақы бойынша үнем болады).
Жаңа техниканы енгізу арқылы, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру.
С1 – шараға дейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны.
С2 – шарадан кейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны.
В2 – шарадан кейін шығарылатын өнім көлемі.
өнімнің қор сыйымдылығын азайту арқылы (амортизация бойынша үнем болады).
Қалдықтарды және жоғалтуларды азайту шараларын енгізу.
Өзіндік құнның калькуляциясы.
Өзіндік құн - өнім бірлігін өндіру және өткізуге жұмсалатын барлық шығындар жиынтығы. Бірлік өзіндік құн S келесі түрде есептеледі:
S = Сжалпы / Q (1)
Сжалпы – кәсіпорынның жалпы шығындары
Q - өндірістің жылдық көлемі.
Достарыңызбен бөлісу: |