Индукция (лат. inductio) – логикасы нақтыдан жалпыға ауысатын ғылыми таным формасы. Яғни, жалпы ереже жекелеген ережелерден логикалық жолдармен шығарылады. Индуктивті зерттеу тәсілінде заттардың осы және басқа классы туралы жалпы білімдер алу үшін бұл класстың жеке құрамдарын оқу керек және осы класс заттарына тән маңызды белгілерді табу керек.
Абстракциялау – нақты сипаттар мен объектілер қасиетін оймен анықтаудан тұратын ғылыми таным әдісі. Абстракциялаудың арқасында зерттейтін құбылыстың жалпы және маңызды сипаты мен қасиеттерін бөліп көрсету мүмкін болады.
Модельдеу – көрнекілік, объективтілік принциптері бойынша жауапты - логикалық ойлау негізінде таным объектісінің моделін зерттеуде мәні бар ғылыми таным әдісі.
Модель деп зерттеу процессінде түп нұсқасының орнын басатын, нәтижесі түпнұсқаға таралған объект.
Модельдеу ғылыми оқудың маңызды әдісі болып табылады, ол зерттеу процессін жылдамдатуға және осы арқылы жаңа нәтижелерді енгізу мерзімінің уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Ғылыми зерттеу әдістерінің арасында аргументтеу бөлініп алынады – аса логикалық процесс, оның мәні дәлелдеуге ұмтылған пікірдің шындығы негізделген. Аргументация тек зерттеуші дәлелдеу ережелерін ұстанғанда мақсатқа жетеді және жеке алғанда тезистің құрылымы:
- Тезис нақты және дұрыс құрастырылады, бұл ретте ойдың екі жақтылығы рұқсат етілмейді;
- Тезис өзгермейтін болып қалу керек, яғни бір ғана ереже дәлелденеді; егер бұл ереже орындалмаған жағдайда, онда ой дәлелденбейді.
Осылайша, барлық процесс барысында тезистің бастапқы қалыптасуынан қайтпау керек. Кейде қателер де болады, олар:
- Біріншімен байланысты екінші тезисті ұсыну, бірақ мәні бойынша жаңа ереженің ұсынылуы болып табылады;
- Негізгі тезисті сол тәріздес, бірақ мәні бойынша басқадай тезиске алмастыру;
- Негізгі тезистің жартылай түрін өзгертуі немесе оның белгілі құрамдастарын жою арқылы оны дәлелденбейтіндей етіп жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |