Разряд: ІІ санатты Оқыту технологиясы



Дата25.08.2017
өлшемі79,7 Kb.
#26377
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Л.А.Нурлыбаеваның ІІ – жарты жылдық жұмысының есебі.

2014-2015 оқу жылдары.



Аты-жөні: Нурлыбаева Ляззат Аскаровна

Білімі:Жоғары. Орта Азиялық Университет. 2006 ж.

Разряд: ІІ санатты

Оқыту технологиясы: Кембридж тәсілі 7 модуль.

Мақсатым: Рефлексияны пайдалан отырып оқушылардың қабілеттерін дамыту. Оқушыны ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алуға үйрету арқылы тіл дамыту және танымдық шығармашылық арттыру.

1.Өзекті мәселемен жұмыс істеу деңгейі.

Инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және шетел тіліне қызығушылығын дамыту.



2.Білім жетілдіру курсы: 2014 жылы 26-30 наурыз аралығында мамандандырылған білім беру ұйымдарының қазақ және ағылшын тілдері пәні мұғалімдері үшін Алматы облысының Қаскелен қаласындағы Сулейман Демирель университетінде «Дарынды балаларға тілді оқытудың жаңа парадигмасы» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарына қатысып, сертификат алдым.

7 қараша 2014 ж «Digital Literacy, или Как обучить компьютерной грамотности на примере УМК «Английский в фокусе 5–9»

11 қараша 2014 ж «Современные образовательные технологии на уроках английского языка по УМК «Английский в фокусе 5–9» тақырыптарында онлайн-вебинарларға қатысып, сертификат алдым.

18 мамыр 2015 ж «Открытый урок с использованием электронной формы учебника по английскому языку для 2 кл» тақырыптарында онлайн-вебинарларға қатысып, сертификат алдым.



3.Өзара сабаққа қатысу.

2014-2015 оқу жылдарында өзара тәжірибе алмасу мақсатында ағылшын тілі пәні мұғалімдері: С.Абдыканова, Серікқызы Асем,Жақсыбекова С.А, қазақ тілі пәні мұғалімдері Г.Уразова, А.Туғанбаева, Р.Абдукаримова, алгебра пәні мұғалімі Ілияс Дариға, физика пәні мұғалімі Сағатбекова А.О сабақтарына қатыстым.



4.Қатысқан сабақтар мен іс-шараларға жасалған талдаудың сапасы:

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері С.А.Абдыканова, Серікқызы Асем,Жақсыбекова С.А, қазақ тілі пәні мұғалімдері Г.Уразова, А.Туғанбаева, Р.Абдукаримова, алгебра пәні мұғалімі Ілияс Дариға 7-модуль әдіс - тәсілін пайдаланса, физика пәні мұғалімі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сабаққа қатысу, өзара тәжірибе алмасу барысында тартымды өткізілген сабақтар болды.



5. ІІ жарты жылдық бойынша пән мұғалімнің білім сапасының көрсеткіші: ІІ жарты жылдық

Сынып















10а

барлығы







барлығы

барлығы

Оқушы саны

13

10

10

17

17

16

16

14

113

15

15

13

43

156

"5"

2

1

1

3

2

 

1

1

11

5

3

2

10

21

"4"

5

4

4

7

10

11

5

4

50

6

6

4

16

66

"3"

6

5

5

7

5

5

10

9

52

4

6

7

17

69

Білім сапасы

54%

50%

50%

59%

70%

69%

37%

36%

54%

73%

60%

46%

60%

56%

Үлгерімі

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%


6.Аттестацияға дайындық жұмыстары бойынша озық технологиялармен үзбей танысудамын.

20.11.2014ж Metod-kopilka.ru сайтына “If I had $1000000” тақырыбында сабақ жоспары жарияланды.

01.12.2014ж Tak-to-ent.ru сайтына “Present Continuous Tense” тақырыбында сабақ жоспары жарияланды.

19.05.2015ж Infourok.ru сайтына 5 сыныпқа арналған «Менің отбасым» тақырыбында сабақ жоспары жарияланды.



7.Ашық сабақ, конкурс, семинар.

17.11.2014 жылы Таран ауылында өткен аудандық семинарда 8а сыныбында ағылшын тілі пәнінен «Егер менде 1000000 доллар болса» тақырыбында шебер сынып, 22.11.2014 жылы 8ә сыныбында «Present Continuous» тақырыбында шебер сынып, 6-8 сыныптарымен “Cinderall” атты сыныптан тыс шағын қойылым өткіздік.

21.01.2015ж Мектепішілік «Жыл мұғалімі – 2015» байқауына қатысып, «Жаңашыл мұғалім» номинациясымен мараппатталдым.

8.Озық тәжірибені зерттеу, насихаттау жұмыстары. Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды енгізу мақсатында өз сабақтарымда Кембридж Университеті мен Назарбаевтың зияткерлік мектебінің әдіс-тәсіл технологиясын терең зерттеп, сабақ құрылымы мен деңгейіне қарай қолданамын. Осы мақсатта әдістемелік шет тілі журналын үзбей оқимын.

9.Олимпиада, «Дарын» ғылыми-практикалық конференциясы

2014-2015 оқу жылында аудандық Кіші ғылыми практикасына 9ә сынып оқушысы Байгельдинова Гульнара қатысып, І – орынды иеленіп, облыстық Кіші ғылыми практикасына алғыс хатпен марапатталды. Аудандық олимпиададан 8ә сынып оқушысы Байгельдинова Гульнара І-орынды иеленді.

22.12.2014ж онлайн жүйесінде Халықаралық қашықтықта ағылшын тілінен «Жаңа сабақ» конкурсына қатысып, 5ә сынып оқушылар Кулдейбаева Ақнұр мен Темір Дана 2 орын, ал 10 а сынып оқушысы Пазылжанов Нурболат 3-орынды иеленіп дипломмен марапатталды. 8 сынып оқушылары Бакей Мәншүк, Ауезбаева Данара, Нұрғожа Аружан, Байгельдинова Гульнара қатысқандары үшін сертификатпен марапатталды.

16.02.2015 онлайн жүйесінде Халықаралық қашықтықта ағылшын тілінен «Жаңа сабақ» конкурсына 15 оқушы қатысып, 2 сынып оқушылары Астаубай Нуршат, Булейхан Асылай, Талап Әдемі 1-орын, 5в сынып оқушысы Сафарбеков Амир мен 6а сынып оқушысы Кулдейбаев Асқар 1-орын дипломға ие болды. Ал 10 оқушы алғыс хатпен марапатталды.



10.Өздік білім көтеру жұмысы. Пән мұғалімі ретінде кәсіби құзіреттілікті дамыту үшін нормативтік құжат-жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартын, ҚР-ның «Тіл туралы», «Білім туралы» Заңдарын және оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып жоспар бойынша жұмыс істедім.ӘБ мүшелерінің сабақтарына өзара тәжірибе алмасу мақсатында қатысамын, идеялық-теориялық білімді көтеру мақсатында басылымдарға жазылдым, әр сабақтарымда АКТ-ны қолданып, интернет сайттарын, флипчарттар, электронды оқулықтарды өз сабақтарымда қолданамын, білім жетілдіру курстарына жоспарлы түрде барамын, мерзімді баспасөз беттерінде пәнге қатысты және өзім туралы деректер жарияланды. Оқу процесін жан-жақты дамытудағы шығармашылық жұмысты жандандыру мақсатында лабораториялар мен көрнекі құралдар, тақырыптық тестер мен сызба-тіректерді пайдаланамын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардағы өзгерістер мен жаңалықтары жиі бақылауымда ұстаймын.

11.Апталық бойынша жұмыс.

2014-2015 оқу жылындағы апталық жүктемем 21сағат. 2а сынбында 1, 2ә сынбында 1, 2б сынбында 1, 5ә сыныбында 2 , 7 а сынбында 2, 7 ә сынбында 2, 8а сынбында 3, 8ә сынбында 3, 9а сыныбында 2, 9ә сынбында 2, 10 а сынбында 2 сағат.



Апталық кезінде 22.11.2014 жылы 8ә сыныбында «Present Continuous» тақырыбында шебер сынып, 6-8 сыныптарымен “Cinderall” атты сыныптан тыс шағын қойылым өткіздік.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет