Развивающая социальные навыки и навыки самообучения детей раннего возраста



бет21/64
Дата21.07.2020
өлшемі150,01 Kb.
#63582
түріПрограмма
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
Күтілетін нәтижелер:

- музыкамен жүре біледі;

-ересектердің орындаған әндерін тыңдайды және одан соң қайталайды, әндерді орындағанда интонацияларын қайталайды;

-ойын әрекеттерін орындайды;



- би әуендерінің көңілді сипатын күрделі емес қимылдармен (аяқтан аяққа ауысады, қолдарын шапалақтайды, өкшелерін соғады, қолдың буынын айналдырады, орнында айналады) береді, ересектерге еліктеп, музыкамен сылдырмақты сылдырлатады.

ІV. БІРІНШІ КІШІ ТОП

(2 жастан 3 жасқа дейін)
1. Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы

Осы жастағы бала барынша дербес, қимылдары да барынша үйлесімді бола бастайды. Жүйке жүйесінің қызметі жетіледі, осының арқасында олардың белсенді сергектігінің ұзақтығы 6-6,5 сағатқа артады.

Бұл кезеңнің ерекшелік сипаты - әртүрлі қимылдарға ұмтылу, оларды орындауға қызығушылық пен талпыныстың пайда болуы. Бала өмірінің үшінші жылында барлық мүшелердің қызметі мен баланың психологиялық қызметтерінің жетілуі жалғасады.

Бала өмірінің үшінші жылы баланың өзін жеке тұлға ретінде сезінуінің өзгерісті кезеңі болып табылады. Ол саналы түрде «Мен», «Мен қаламаймын, мен жасамаймын!» деп айтады. Ол өзін айнадан және фотолардан таниды.

Екі-үш жастағы баланың негізгі дамытушы әрекетінің түрі ойын болып табылады. Бала ойынға қажетті ойыншықтар мен қандай да бір заттарды сәйкес таңдап, алдын-ала ойлап ойнауы мүмкін. Қиял, фантазия, абстрактілі ойлауды дамыту арқасында ойынның мазмұны болады. Үшінші жылдың соңында балалардың сүйікті ойыны рөлдік ойындар болады.

Дербестік бала тіршілігінің барлық саласында және әрекеттерінде көріне бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет