Реферат Дәріхана пациенттерімен коммуникация барысындағы мәдениетаралық дағдылар Орындаған: Казыбек А. Р



бет1/5
Дата29.12.2021
өлшемі21,07 Kb.
#106096
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Казыбек Акбопе реферат
2 5303323650282227677, 2 5303323650282227677, 1. То санды жиынты ба алауды ма саты 4 То санды жиынты ба а (1), 1. То санды жиынты ба алауды ма саты 4 То санды жиынты ба а (1), автобиография, Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға педагогикалық

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы


Реферат
Дәріхана пациенттерімен коммуникация барысындағы мәдениетаралық дағдылар



Орындаған: Казыбек А.Р.

Тобы: В-ФҚБ-05-16

Қабылдаған: Баркизатова Г.Б.

Шымкент 2021


Рецептсіз босатылатын дәрі-дәрмектермен емделу бойынша пациентке кеңес беру – алғашқы медициналық қызмет көрсетуде фармацевтің маңызды роліне сүйенетін, дәріхана қызметінің маңызды құрамы. Фармацевт рецептсіз дәрілерді ұсынуы, егер дәрілік терапия көрсетілмесе препаратты сатып алудан пациентті айнытуы дәрісіз емдеуге кеңес беру және пациентті дәрігерге жіберуі қажет.

Фармацевтикалық көмек маңызды іс болғандықтан, фармацевт пациентпен коммуникация орната білу қажет.

Қатынасу, тілдесу (communication) — қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.[1]

Коммуникация (лат. communication байланысамын, катынасамын) (катысым) — адамдардың танымдык-еңбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу — олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша формасы болып табылады. Адамзаттық коммуникацияның хайуанаттар коммуникациянан басты ерекшелігі — оның тіл арқылы жүзеге асырылатындығында.

Коммуникация коммуникативтік актілерден кұралады, пікір айтушылар, оны түсіндірушілер коммуниканттар деп аталады. Коммуникация үшін тілдік катысымнан басқа , бет-қол кимылы, семиотика жүйесіне жататын музыка ноталары, ойын ережелері, Морзе әліппесі, ЭЕМ бағдарламалары, математика, техника саласына қатысты кибернетика, компьютер жүйесі пайдаланылады.

Сөйлеу аркылы адамдар өзара еркін түсінісе алады. Коммуникациялық кызметте тіл танымдық-белгілік мәнге ие болып, адамды әлеуметтік тұлға дәрежесіне көтерудін маңызды тірегіне айналады. Тек жеке тұлғалардың емес, қоғам мен қоғам мүшелерінің арасын байланыстыратын қызметінін арқасында Коммуникация қоғамның калыптасуына айрықша ықпал етеді.



Әңгімелесу

Фармацевтің пациентке кеңес беруге қатысуы сөзсіз дәрі қабылдаудың дұрыстығына оң әсер етеді. Бұл үшін ауру мен фармацевт арасында игі қатынас орнауы қажет, яғни фармацевт әңгімелесудің жақсы дағдыларын игеруі қажет. Фармацевт пациенттің емдеуге байланысты сұрақтарына жауап берген кезде максимальді тиімді нәтижеге жетуге өзара сенуді және тырысуды сипаттайтын, серіктестік өзара қатынас пайда болады. Ондай қатынастың орнауы динамикалық прцесс болып табылады. Алғашқы күні әңгімелесудің оң әсері провизорға қатысы жоқ себепке байланысты бірнеше күннен кейін теріс әсерге ауысуы мүмкін. Фармацевт пациенттің дауысы, бет жүзі бойынша жағдайының белгілерін анықтай алуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет