Реферат «Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапония»


Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапония



бет2/3
Дата26.05.2020
өлшемі19,89 Kb.
#71180
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
реферат «екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапония»

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапония

Соғыс аяқталғаннан кейін Жапония экономикасы қиын кезеңдерді бастан кешірді. Соғыс салдарынан мемлекет өзінің материалдық жағдайының 40 пайызынанайырылуы ауыр өнеркәсіп жабдықтарының 30 пайызынан айрылды. Ал Нагасаки мен Хиросима атом бомбалауынан жермен жексен болды. Тауар мен материал, азық-түлік жетіспеушілігі жалпыға бірдей сезілді.Инфляция 50 пайызға дейін жетті.Жапондық иен курсы американ долларына шаққанда әлдеқайда төмендеп, құлдырай түсті. Көптеген кәсіпорындар жабылып қалды/3/.1946 жылы өнеркәсіп өнімінің деңгейі соғысқа дейінгінің 14 пайызын құрады. 1945 -1947 жылдар аралығында қағаз ақша саны 4 есе өсті. 1945 жылы жұмысшылардың жалақысы соғысқа дейінгі деңгейдің 13 пайызын құрады. Барлығын қайтадан, жаңадан бастауға тура келді. 1947 жылы оккупациялық әкімшілік жаңа Жапондық Конститутция даярлап шығарды. Осылайша, Жапония экономикасының дамуы 3 кезеңге бөлінді:



1 кезең: 1945-1960 жылдары Жапон экономикасының түбегейлі өзгеруі, әлемдік экономикада АҚШ-тың басымдылығы. 1950 жылдардан бастап Жапония экономикасының орташа жылдық дамуы 9,2 пайызды құраған. 1949 жылы салық жүйесінде реформа жүргізілді. Жалпы алғанда салықтар көтеріліп, басқару әкімшілік аппараты қалыпқа келтірілді, мемлекет шығысы қысқартылды. Өз ішінде ғылыми-техникалық базаның жоқтығынан Жапония алдыңғы қатардағы технологияларды шет елдерден алып, оларды өндірісінде тиімді де қолайлы етіп жетілдіріп отырды. Банк жүйесі секілді саясаттың басым бағыттарын мемлекет бақылап отырды. Жапонияның экстенсивті үлгісі өте жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 50 жылдардың орта шеніннен бастап Жапония экономикасы қарқынды дами бастады. «Жапондық ғажап» осы кезеңнен бастау алды.

2-кезең: Жапония экономикасында айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды. 1951-1970 жылдар аралығында өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық көлемі 15,2 пайызды құраған. Ал ол кезде бұл көрсеткіш басқа елдерде төменгідей болатын, мысалы: Германия мен Италияда-7,4 пайыз, Францияда – 6,2 пайыз, АҚШ-та -4 пайыз, Англияда-3 пайыз. 1969 жылы Жалпы Ұлттық өнім көлемі жағынан Жапония АҚШ-тан кейінгі әлем бойынша 2-ші орынға ие болды. Ал 1970 жылы Жапония әлемдік экспортта 4-ші орынға шықты. Жапонияның ірі державаға айналуына біршама факторлар әсер етпей қоймады. Олар:

— энергоматериалдарды азайту арқылы өндірістің белсенділігін арттыру;

— электорника және технология салаларын толықтай игеру;

— экономиканы реттеуші мемлекет рөлінің өзгеруі, инфляция, ұлттық валютаның тұрақтауы, нарықтық механизмдерді құру секілді қосалқы әдістер арқылы экономиканы реттеу;

— сыртқы экономикалық қатынастарда да көзге көрінер өзгерістер болды. Жапония шет елдерге ірі көлемде инвестиция құйып, экспортқа деген тәуелділігінен біртіндеп арыла бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет