Бейнелеу өнеріжайлы айтпай, оны негіздей алмаймыз. Қазақ жеріне бейнелеу өнерінің де келу, даму және өркендеу кезеңдері болды.
Бейнелеу өнерінінің жіктемесіне графика, кескіндеме, мүсін, сәулет, сәндік қолданбалы өнері жатады. Бейнелеу өнері негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықпен бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері арқылы дүниені тану, білу, сезіну, әуестену, байқау, бақылау, көру нәтижесінде шығарманың көркем бейнелері жасалады. Әр ғасыр, дәуір, кезеңінде пайда болған бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік көркемдеу жүйесі мен көркемүндесудің алуантүрлігін құрайды. Бұл өнер танымдық, рухани құндылық және көркем-шығармашылық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыт ағымы мен қоғамдағы даму процесі басқа өнер түрлеріне (музыка, әдебиет, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, себебі ол кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретшінің көзімен көріп, түйсінген шындығын сол уақыттағы қалпымен көрсетуге ұмтылады. Қоғамдағы тіршілік құбылыстары таңдалып,уақыт тіршілік-тынысы жан-жақты көркемдік талғаммен, қуатпен, жігермен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады.
Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы туындылар мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен мұражай, көрме залдары, галлереялар немесе үй интерьерлерін безендіру үшін пайдалаылады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен үй, кеңсе және т.б., интерьерлерінде орналасады. Сонымен қатар, Шығыс және батыс бейнелеу өнерінің тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар бар.
Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі кезеңде қалыптасқан бейнелеу өнері - бай әлемдік көркем мәдениетінің аса арналы саласы. Көне дәуірден Еуроазия мәдениетінің дәстүрін сақтап қалған Қазақстанның бейнелеу өнерінің әлемдік мәдениетте өзіндік орны бар. Қазақстанның бейнелеу өнерінің қалыптасуы, даму үрдісі оның геосаяси жағдайына, қазақ халқының көшпелілік мәдениеті мен тарихи кезеңдердегі көркемдік гүлдену дәуірлерімен тікелей байланысты. Қазақстанның көне өнері бастауын палеолит және неолит дәуірінен алады. Алғашқы қауымдық мәдениетке саздан жасалған ыдыстардағы суреттер, т.б. жатады. Қазақстандағы бейнелеу өнерінің келесі даму кезеңі - қола дәуірі. Өзінің мифологиялық мазмұн-сюжеті, пластикалық өрнегі жағынан ерекше қуатымен көрінген кешенді таңбалы тастар - Тамғалы, Бұғы тас, жоғары Ертіс алқабы, Орталық Қазақстан ескерткіштері осыны айғақтайды. Сақ дәуірінен жеткен бейнелеу өнерінің мұрасы да аса бай. Есік қорғанынан табылған сақ өнерінің кешеніндегі (б. з. б. V, IV, IV - III ғ) бүгінге дейін сақталып жеткен “Алтын адам” соның ең бір көрнекті үлгісі [1].
Қазақстанның орта ғасырлардағы өнері өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Бұл кезеңдегі өнер тәңіршілдікпен, түркілердің қуатты саясатымен, қалалардың салынып, сауда мен қолөнердің дамуымен үндесті. Балбал тастар мен құлыптастар да осы кезеңнің туындылары. Зергерлік өнер, тері илеу, қыш құю, тоқыма өнері дамыды. Қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесі мен бейнелеу тілінің байлығы ою-өрнек өнерінде, белгі, таңба жүйесінде айқын ізін қалдырған. Адам мен табиғатты тұтас бірлікте қарастыратын қазақтың дәстүрлі дүниетанымы мен өнері киіз үйдің құрылысынан өз көрінісін тапқан.
Қолөнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Яғни, ұста, ағаш шебері, зергер, ісмерлердің тынымсыз еңбегі арқылы қазақ қолөнерінің көркем туындылары пайда болды. Атап айтсақ, ұсталар: найза, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, асау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекей бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.
Қазақ ғалымдары академик Ә.Марғұланның [2], С.Қасимановтың [3], Х.Арғынбаевтың [4], Т.Бәсеновтің [5], т.б. зерттеу еңбектері қазақ халқы қолөнерінің даму тарихын, ұлттық негізін жан-жақты дәлелдеп берді. Мәселен, қазақ ою-өрнегін зерттеп, оны жіктеп көрсеткен Т.Бәсеновтің “Орнамент Казахстана в архитектуре” деп аталатын еңбегінде көптеген құнды мәліметтер келтіріліп, зерттеушінің тұжырымдары өз кезеңінде қазақ қолөнерін зерттеген орыс, шетел ғалымдарының теріс тұжырымдарына берілген үлкен соққы болды [5]. Бұл мәселе жөнінде қолөнерін зерттеген бірсыпыра қазақ ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады.
Қазақ ғалымдарының еңбектерінде қолөнерінің мыңдаған жылдық тарихы бар екендігі, оның қазақ топырағында қалыптасқандығы жан-жақты дәлелденді. Жалпы халқымыздың қолөнері арқылы болашақ мамандарды оқытып тәрбиелеу мәселесіне бір топ еңбектер арналғанымен, халық қолөнерін үйрету және сол арқылы өмірге даярлау тұрғысынан сан түрлі мәселелерді шешуді ғана зерттеу нысаны етіп алған.
Қазақ қолөнерінің дамуы және қалыптасуынының тарихы мен әлеуметтік маңызын Ә.МарғұМарѓ±тік мањњев, С.П. Крягжде ж. Альмухамедов, А.Ш. Мнский, И.Г. Песталоции, К.Д. Ушинский, технология пәні мұғалімін кәсіби далан [6], Б.В.Веймарин [7], Қ.Ақышев [8], С.М.Дудин [9], Х.Арғынбаев [10], Қ.Мұқанова [11], Ө.Жәнібеков [12], т.б., әртүрлі саладағы ғалымдар зерттеген.
Қазақ халқы қолөнерiнiң шығуы ежелгi дәуiрден басталады. Осы айтқан ойымызды Қазақстан территориясынан табылған қола дәуiрiндегi ескерткiштер: сүйектен жасалған керамикалық бұйымдар, мыс, қола және алтыннан жасалған әшекейлер дәлелдейдi.
Қола дәуiрiнде сүйек ұқсату өнерi кеңiнен дамыған. Шортанды бұлақ мекенiнен, Қарқалы даласынан шағын, жарты ай пiшiндi жылтырақ түйме, үшбұрыш және ромб тәрiздi жылқының жiлiктi сүйегi, екi шетiнде екi қатар ұсақ үшбұрыштар түсiрiлген және ортасына шеңбер тәрiздi күн әлемi бейнеленген пластина табылған. Қазбалар арасынан ою-өрнек суреттерiн шамалап белгiлейтiн циркуль де шыққан. Осы құралдың шеттерi де үшбұрыштардың кезектесе бiресе жоғары, бiресе төмен екi қатар бейнеленуiнен әшекейленген. Осындай суреттер сүйектен жасалған сынық тұтқалардан да кездескен. Қостанай маңындағы Алексеевка ауылынан табылған сүйектен жасалған түймелiктерге ойылған ою-өрнектер де аса зор көркемдiк қызығушылық тудырады. Бұл ескерткiштер кейiнiрек дамыған өнер түрлерiнiң прототипi болып саналады. Қазақ ұлттық өнерiнiң шығу тегi ертедегi Қазақстан территориясын мекендеген сақ, үйсiн, ғұн және басқа да тайпалар өнерiнiң дамуынан да негiз алады. Өйткенi олардың тұрмысы мен шаруашылығында ортақ ұқсастықтар көп. Олардың бәрi де көшпелi өмiр салтын кешкен, мал шаруашылығымен айналысқан.
Күйме жылжымалы үй ретiнде көшпелi малшылар тарихының бүкiл көшiп-қону тұрмысын басынан өткерген. Зерттеушiлердiң айтуы бойынша ертеректе Орта Азияда, Қазақстанды қосқанда, Алтай және Оңтүстiк Сiбiрде мәдениетi бiрдей, үнемi бiр-бiрiмен тығыз қарым-қатынаста болған туыс тайпалар шоғырланған. Осы аймақтарда б.э.д VII-IV ғ. сақ-азияттық скифтер өмiр сүргенi туралы мәлiметтердi зерттеушiлердiң еңбектерiнен кездестiруге болады.
Қазақстан территориясындағы сақ дәуiрiне тән ескерткiштер болып тас тiзбектерiнен құрылған «мұртты» қорғандар есептелген. Осындай қорғандардың көп бөлiгi Орталық Қазақстанда, ал азырақ бөлiгi Жетiсу мен Сырдарияда таралған. Оларда б.э.д VII-VI ғғ. ертедегi сақ тайпаларының тарихы мен тұрмыстық мәдениетi көрiнiс тапқан. Шығыс Қазақстан менАлтайда Шiлiктi, Пазырық, Қотанды, Берел, Шибi сияқты белгiлi зираттардың болғаны мәлiм. Т. Аткинсонның айтуы бойынша «осындай ескерткiштердi тек қана малшылар емес, сонымен бiрге егiншiлер де соққан, себебi оларда дала өмiрi мен тайпалардың кең мәдениетiнiң байланысы көрсетiлген» [13].
Алтайда Пазырық қорғанынан қайталанбас ескерткiштер табылған. Археолог С.И. Руденко былай деп жазған: «Таулы Алтай тұрғындары жылқышылар болған, олардың үйлерi қазақтардiкiне ұқсас, сондай-ақ олар антропологиялық тұрғыдан да қазiргi қазақтар мен қырғыздарға ұқсас келген».
Пазырық қорғанынан табылған ескерткiштер арасындағы киiзден жасалған бұйымдары да ерекше: кiлем мен кiшiрек кiлемдер, қабырға әшекейлерi, түйе жабулары және т.б. Жазғы тұрғын үй әшекейлерiн, кiлем және басқа бұйымдарды дайындау барысында киiз бетiне немесе мата бетiне әр түрлi матадан, терi қиындыларынан немесе қанық түске боялған қиiзден ою-өрнек бейнелерiнiң жапсырмасын жасау кеңiрек қолданылған.
Халықтың қолөнерінің тағылымдық мәні туралы кезінде қазақ ағартушылары: Ш.Уәлиханов [14], А.Құнанбаев[15], Ы.Алтынсарин[16] да айтып өткен. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері педагогика ғылымы саласында орындалған бірқатар зерттеулерде оқушыларға еңбек, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру (С.Ұзақбаева[17], Б.Альмухамбетов[18], Р.Төлеубекова[19], Қ.Шалғынбаева[20], О.Сатқанов[21] және т.б.), көркемдік-эстетикалық, танымдық қызығушылығын қалыптастыру (С.Жолдасбекова[22], Б.Ж.Жиентаева[23], және т.б.), кәсібилігін шыңдап, шығармашылық қабілетін дамыту (Ж.Балкенов[24], А.Манабаева[25] және т.б.) мақсатында қарастырылса, кейбір зерттеулерде Ұ.М.Әбдіғапбарова[26] және т.б.) қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін болашақ көркемөнер мұғалімдерінің кәсіби даярлығында пайдалану мақсатында жан-жақты зерделенген. Көркем білім беру мен эстетикалық тәрбие беру мәселелерін халықтық педагогика, халықтық мәдениет арқылы зерттеген ғалымдар С.К. Қалиев[27].