Реферат есеп 9 беттен, бөлімнен, 3-тараудан 37-пайдаланылған қайнар көзден, 4-қосымшадан тұрады



бет8/18
Дата04.12.2023
өлшемі10 Mb.
#194886
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
kz 63729 1048370 1604221345

Суық экопринт әдісінің бірізділігі. Алдымен үстел бетін салафанмен төсеп аламыз. Оның үстіне мақта матаны жайып, бетіне дымқыл немесе құрғақ жапырақтарды орналастырамыз. Композициялық орналасуы сіздің көңіліңізден шықса, бетіне тағы салафан тастап, оны оқтауға не болмаса кез келген оқтау тәріздес пластмассаға нығыздап астынғы салафанымен қоса орап аламыз. Оралған матамызды жіппен байлап бірнеше аптаға алып қоямыз .

Ыстық экопринт (hot-bundling) – бұл өте күрделі технология. Баяу әрі ұзақ тыңғылықты еңбекті қажет ететін, көптеген нюанстары бар әдістердің бірі. Пресс, бу және жапырақтардың көмегімен мата мен қағазға таңқаларлық іздер жасалады. Олар ешқандай жағдайда жасандыларға қарсы тұра алмайды одан асып түспесе кем түспейді.

Заманауи суық экопринт (cold-bundling) бояу әдісінің бірізділігіне тоқталық:

Пияз қабығымен "Мәрмәр тасына ұқсатып бояу әдісі".

Қоңыр және қызыл пияздың қабығын жинаңыз. «hubutai» жібегінің кесіндісін (кимоноға арналған) немесе крепдешинді алыңыз. Жібек матасын жұмыс бетіне қойып, оған пияз қабығын жайыңыз. Сірке суымен толтырылған бүріккіш (пульверизатор) пистолетпен (немесе үйде дайындалған кез-келген улы емес бекіткішпен) ылғалдандырыңыз. Пияз қабығын ішінде қалдыра отырып, жібекті шұжық түрінде бұраймыз. Қатты арқанмен немесе резеңке таспамен тартып байлап қоямыз. Сыртқы бетін ылғалдандырып сулаймыз. Содан кейін пластикалық пакетке немесе қақпағы бар құмыраға саламыз. Ораулы матаны бір аптаға немесе бір айға алып қоямыз. Егер көгеру процессін байқасаңыз, жұмысты аузы жабылатын қапшыққа ауыстырыңыз немесе тоңазытқышта бірнеше күн бойы мұздатып не болмаса қайнаған суға 30 минут бу жіберіп тазартып алыңыз. Бірнеше апталар өткен соң оралған жібек матаны ашып, пияз қабықтарын алып (бұл процессті далада істеген жөн) тастаймыз. Әбден кептіріп алып, оны дәке (мәрлі) арқылы бумен үтіктеңіз. Шүберекті шаймас бұрын бірнеше күн тұрсын. Бұл әдістің ең қиыны - қызығушылық танытып, матаның арасын ашып қоймауында!!!! Матаны бекіткішпен немесе сірке су қосылған сумен шайып аламыз..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет