Реферат
Химияның негізгі заңдары мен
түсініктері
Орындаған: Жаңабек Көркем
Химияның негізгі заңдары мен түсініктері
Химиялық элемент
– ядро зарядтары бірдей болатын атомдар түрі.
Атом
- химиялық реакция кезінде бөлінбейтін
элементтің ең кішкене
бөлшегі, бірақ сол элементтің химиялық қасиеттерін көрсетеді.
Молекула
– сол заттың химиялық қасиетін көрсететін
заттың ең кішкене
бөлшегі.
Жай заттар
– құрамына тек бір элементтің атомдары ғана кіретін заттар.
Күрделі заттар
– құрамына әртүрлі элементтер атомдары кіретін заттар.
Массаның атомдық бірлігі – 1/12 көміртегі -12 атомының массасы (12С), яғни
1,6666×10
⁻
²
⁷
кг.
Элементтің салыстырмалы атомдық массасы (Аr)
– өлшемсіз шама,
элементтің табиғи изотоптар құрамының орташа
атомдық массасының
көміртегі-12 атомының 1/12 массасына қатынасына тең .
Жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасы (Мr
) -
өлшемсіз шама , заттың табиғи
изотоптары құрамының орташа
массасының көміртегі – 12 атомының 1/12 массасына қатынасы.
Моль – заттың мөлшерінің бірлігі, көміртегі-12 атомының 0,012 кг
массасындағы атомдар
санына тең, яғни 6,02× 10²³ .
Заттың эквиваленті
- 1 моль сутегі атомдарымен ( 0,5
моль оттегі
атомдарымен) қосыла алатын не сондай сутегі (оттегі) атомдарының
мөлшерін химиялық реакцияларда ығыстырып шығара алатын мөлшері.