Реферат ы қызылорда 2013 жыл



Дата19.02.2017
өлшемі348,43 Kb.
#10555
түріРеферат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ӘОЖ 37.018-053. 5: 37.036 Қолжазба құқығында


Жарылқасынова Алтынай Шакмақызы
Ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу

«6M010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның



Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қызылорда 2013 жыл

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының

кандидаты, доцент М.К.Жайлауова

Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының

кандидаты, доцент М.Н. Есенғұлова

Диссертация 2013 жылдың «___» маусымында сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-педагогикалық институтында (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, 36 А, №7 оқу ғимараты, №____ дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Оқушылардың қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу мәселелері қазіргі білім берудің, педагогика ғылымының, мәдениеттің басты назарында болып отыр. ҚР «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің міндеттері қатарында «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» көзделген.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық. Біз осы құндылықтарды әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек» деген болатын.

Дегенмен қазіргі қоғам жағдайында бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу көптеген қиындықтарға әкелуде. Жас ерекшелігіне байланысты кіші мектеп жасында қарым-қатынас тәжірибесі әлі жеткіліксіз және оқушылар мінез-құлық үлгісіне еруге көп мән береді. Ал ол әрдайым ұнамды бола бермейді. Бұқаралық ақпарат құралдары «қазіргі батырды» насихаттайды.

Кіші мектеп жасындағы балаларға тән ойлаудың эгоцентризмі балалардың тұлғалық және топтық қарым-қатынастағы кикілжіңдерге әкеліп соғатын өзара төзбеушілігінен, бірін-бірі тыңдағысы келмеуден көрінеді. Парыз, адалдық, әділдік, мейірімділік, жауапкершілік, сыйластық сезімдері адамдардың өзара қатынас саласын бейнелейді және оқушылар оны қиындықпен қабылдайды, кейде тіпті ізгілікті түсініктерден бұрыс түсіндіріліп жатады.

Сонымен, оқушының дамып келе жатқан тұлғасының мәдени-құндылық саласын меркантилизациялаудың алғышарттары пайда болады.

Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің күрделілігі қарым-қатынас мәдениеті жайлы түсініктерді тікелей логикалық баяндау оларды түсінудің қиындықтарын жеңуге жиі көмектеспейді.

Сонымен, бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу үдерісінің мазмұнын назарға алу және тәрбие үдерісінің нәтижелілігін арттыруға ықпал жасайтын тиімді педагогикалық құралдарды іздеуді жүзеге асыру қажеттігі туындайды.

Бастауыш сынып оқушыларының қарымқатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселелеріне арналған әдебиеттерді талдау нәтижесінде төмендегі қайшылықтар айқындалды: бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу қажеттілігі мен ұнамды мінез-құлық үлгісінде қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу үдерісін мазмұндық қамтамасыз етудің жеткілікті дәрежеде қарастырылмағандығы; білім беру үдерісінде қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық құралдарын пайдаланудың мүмкіндіктері мен оларды жүзеге асырудың педагогикалық шарттарының жасалмағандығының арасындағы қайшылықтар.

Бұл қайшылықтар төмендегі зерттеу проблемасын айқындауға мүмкіндік берді: бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық шарттарын айқындау.

Проблеманың өзектілігі мен оның практикалық маңызы зерттеу тақырыбын «Ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу» деп алуымызға мүмкіндік берді.



Зерттеудің мақсаты - ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының жиынтығын айқындау.

Зерттеу нысаны – бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.

Зерттеу пәні- ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық шарттары.

Зерттеудің міндеттері:

  • зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-

педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену және талдау негізінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетінің компоненттерін айқындау;

  • бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін

тәрбиелеудің педагогикалық құралдарын анықтау;

  • ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының

қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық шарттарын анықтау және негіздеу.

Зерттеудің жетекші идеясы: ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуді оқу-тәрбие үдерісінде мақсатты түрде жүзеге асыру қажет.

Диссертациялық зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін тұлғаға бағдарланған қатынас, жүйелілік қатынас, әрекетті қатынас, әрекеттің жетекші түрі теориясы, тұлға дамуының жас ерекшелік кезеңдерінің тұжырымдамасы; тәрбие үдерісінде қарым-қатынас мәселелерін қарастыру бағытындағы жұмыстар құрайды.

Зерттеу әдістері: тарихи-педагогикалық және салыстырмалы талдау, жинақтау, сипаттау, ғылыми дәлелдеу, педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдау,тікелей және жанама бақылау, әрекет өнімдерін талдау, педагогикалық эксперимент, сауалнама, зерттеудің статистикалық нәтижелерін математикалық өңдеу әдістері .

Зерттеудің болжамы ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу тиімді болады, егер оқушылардың қарым-қатынас мәдениетінің айқындалған компоненттері аталмыш үдерістің жүйеленуіне ықпал ететін болса; ұнамды мінез-құлық үлгілері оқушылардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық құралы ретінде көрінсе; мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының айқындалған жиынтығы осы үдерістің тиімділігіне ықпал ететін болса.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Диссертациялық зерттеу жұмысының алынған нәтижелерінің шынайылығы әдіснамалық ережелермен, педагогикалық жағдайларды жасауда жүйелік қатынасқа сүйенетін бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің теориялық бағыттарының негізделгендігімен сипатталады. Эксперименттің тиімділігі нәтижелерді өңдеуді таңдау көлемінің статистикалық маңыздылығымен, алынған мағлұматтардың бастауыш мектептегі оқыту тәжірибесімен салыстыруға болатындығымен сипатталады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1. Оқу-тәрбие үдерісінің мақсатты бағыттылығына ықпал ететін бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетінің компоненттері айқындалды (мотивациялық, когнитивті, мінез-құлықтық).

2. Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық құралы ретінде ұнамды мінез-құлық үлгісі айқындалды. 3. Ұнамды мінез-құлық үлгісінде оқушылардың қарым-қатынас мәдениетінің педагогикалық шарттарының жиынтығы айқындалды.

Зерттеудің теориялық маңызы оның нәтижелері бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу теориясының дамуына маңызды үлес қосатындығында: қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу үдерісінің тиімділігіне ықпал ететін педагогикалық шарттар айқындалған.

Зерттеудің практикалық маңызы бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық құралы – ұнамды мінез-құлық үлгісін, ұнамды мінез-құлық үлгісінің картасын жасаумен, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-әдістемелік нұсқаулар құрумен, «Әдебиеттік оқу» сабағының типтік оқу бағдарламасына қосымшалар әзірлеумен, зерттеудің эксперименталдық картасын жасаумен айқындалады. Зерттеу нәтижелері бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу үдерісінде қолданылуы мүмкін.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік-эксперименталдық базасы ретінде Қызылорда қаласындағы «Мұрагер» орта мектебі алынды.

Зерттеуді ұйымдастыру кезеңдері. Зерттеу 2011-2013жж. аралығында ұйымдастырылды және 2 кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең (2011-2012жж) зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдауға, проблеманы анықтауға, зерттеу объектісін, пәнін, ғылыми болжамды құруға, жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындауға, мақалалар әзірлеуге арналды.

Екінші кезең (2012-2013жж) ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын апробациядан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа, алынған нәтижелерді диагностикалау, жүйелеу және қорытуға, диссертация материалдарын безендіруге арналды.

Зерттеу нәтижелерін апробациялау және ендіру. Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының мәжілістерінде талқыланды. Диссертацияның негізі қағидасы, нәтижесі, тұжырымдары мен қорытындылары «Оқушылардың мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбындағы (Алматы, 2012), «Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасының ерекшеліктері» тақырыбындағы (Қызылорда, 2013) мақала түрінде мерзімді басылымдарда жарияланды.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу қортындыларының жалпы әдіснамалық негізде дәлелденуімен, нақты зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, теориялық тұжырымдардың практикада алынған нәтижелермен үйлесімдігімен, олардың тиімділігін тәжірибе жүзінде тексерумен және теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістерінің үйлемісімен практикаға ендірумен қамтамассыз етіледі.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1. Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениеті өзара байланысты компоненттерден тұрады:

Мотивациялық компонент оқушылардың оның басқа қатысушыларымен өзара әрекеттестік жағдайында (ойын және оқу әрекеті, бос уақыт, тұрмыс) қабылданған нормаларға, ережелерге және құндылықтарға қатынасын қамтиды; сондай-ақ оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру мақсатына қол жеткізуге мотивациялық дайындығын қамтиды; когнитивті компонент өзара әрекеттестік жағдайындағы (ойын және оқу әрекеті, бос уақыт, тұрмыс) оқушылардың мінез-құлық нормалары мен ережелері жайлы білімдері мен түсініктерін (оқу-тәрбие ақпаратын есте сақтау, қайта жаңғырту және сақтау) қамиды; мінез-құлықтық компонент практикалық өзара әрекеттестік жағдайындағы (ойын және оқу әрекеті, бос уақыт, тұрмыс) оқушылардың оның басқа қатысушыларымен мәдени қарым-қатынас біліктері мен дағдыларынан тұрады.

2. Ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының жиынтығына: оқушылардың өзінің мәдениет деңгейін рефлексивті талдау тәсілдерін меңгеруі; бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу және оқыту үдерісін ұйымдастыру формалары: жеке дара (консультациялар, диагностикалау), топтық (сынып-сабақтық, сабақтан тыс) және ұжымдық (тренингтер, топсеруен); оқушылармен оқу-тәрбие әрекетінде педагогикалық өзара ықпалдастықтағы мұғалімнің қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі; оқу-тәрбие үдерісінде ойын, проблемалы-ізденістік, оқыту мен тәрбиелеудің жобалық құралдарын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларын жобалық білім беру жағдаяттарына тарту тәсілдерін қолдану.



Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Диссертацияның негізгі мазмұны

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының қоғам өмірі саласында жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі бір әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылған талаптар арта түсуде. Бірақ, нақты айғақ ретінде соңғы жылдары ғана қабылданған мемлекеттік мәні зор мына төмендегі құжаттарды атауға болады.

Қарым -қатынас-тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторларының бірі. Қарым -қатынасты түрлі гуманитарлық ғылымдар тұрғысынан қарастыруға болады. Мәселен, әлеуметтануды эволюцияяның ішінде тіршілік ету тәсілі ретінде қарастырылады. Макрсистік философияда белсендіру ол үдерісі және белсендіру тәсілінің шарты ретінде түсініледі. Сонымен, осы философиялық тұжырымдама шеңберінде кез келген қоғамдық әрекет белгілі бір дәрежеде қарым қатынас болып қалады.

Педагогика тұрғысынан алғанда (А.А.Леонтьев бойынша) қарым қатынас мақсатты бағытталған адамдар арасындағы тікелей немесе жанама байланыс құралдарынымен жасалатын және қолдау табатын үдеріс. Бұдан гөрі жай анықтаманы И.И.Лисина береді: «Қарым қатынасты орнату және жалпы нәтижеге қол жеткізу мақсатында күш жігерді бағытталған екі немесе одан да коп адамдардың өзара әрекеті» .

Қарым- қатынас – баланың тұтас әрекетінің бір жағы және осы әрекеттің ерекшеліктерімен анықталады. Қарым-қатынас бар болғаны қатысушылардың бірлескен әрекетінің аспектілерінің бірі.

Қарым- қатынас – баланың тұтас әрекетінің бір жағы және осы әрекеттің ерекшеліктерімен анықталады. Қарым-қатынас бар болғаны қатысушылардың бірлескен әрекетінің аспектілерінің бірі.

Қарым-қатынас деп біз оның барысында адамдар сан алуан ақпараттармен алмасатын адамдардың белгілі бір өзара әрекетін деп түсінеміз. Кез келген әрекет белгілі бір құрылыммен сипатталады. Оның элементтері: Оятушы-мативациялық бөлім (қажеттілік, мотивтер, мақсаттар), әрекет пәні, пәнмен әрекет мативінің сәйкестігі өнім немесе әрекет нәтижесі және оны жүзеге асыру құралдары. Қарым-қатынас деп әрекеттің пәні басқа адам болып табылатын адамдардың өзара әрекетінің аспектісін айтамыз. Қарым-қатынаста қажеттілік баланың ересек адаммен бірлескен әрекетінің сипатына байланысты мазмұны бойынша өзгереді. Баланың ересек адаммен қарым-қатынас жасау қажетілігі дамуының төрт кезеңін көрсетуге болады.


  • Бірінші кезең – ересек адамның зейіні мен мейірімділігіне деген қажеттілік

  • Екінші кезең – ересек адаммен ынтымақтастықты қажет ету.

  • Үшінші кезең– ересек адамның сыйластық қатынасын қажет ету

  • Төртінші кезең – ересек адамның өзара түсінуімен жаны ашуы деген қажеттілік.

Қарым-қатынас тұлғаны дамуында маңызды рөл атқарады. Қарым -

қатынассыз тұлғаның дамуы мүмкін емессіз қарым қатынас үдерісінде тәжірибе игеріледі, білімдер жинақталады, практикалық білімдер мен біліктер қалыптасады, көзқарастар мен сенімдер нығаяды. Тек сонда ғана рухани қажеттіліктер, моральдық эстетикалық сезімдер қалыптасады.

Қарым-қатынас тек жеке тұлғаның дамуында ғана емес, сонымен бірге қоғамның дамуында да маңызды орын алады. Қарым-қатынас үдерісінде тұлғалық және қоғамдық қатынастар қалыптасады және жүзеге асырылады.

Адам қоғамымен адамдар қарым-қатынасының дамуын – күрделі деалектикалық үдеріс. Қарым-қатынастың мүмкіндіктері қоғам дамуымен бірге кеңейеді. Сонымен байланыстарға басқа адамдармен қоғаммен байланысты.

Б.Ф. Ломов қарым- қатынастың үш фунциясын бөліп көрсетеді:


  • Ақпатарттық комуникативтік

  • Реттеушілік комуникативтік;

  • Аффектифті комуникативтік

Әрбір тұлға көптеген функцияларды атқарады: қызметтік.( мысалы, басшы, қызметкер, педагог, тәрбиеші, бала бақшаның тәрбиеленушісі т.б), отбасылық (анасы, атасы, әкесі, апасы т.б), бұл қарым- қатынастың сан алуан түрлерін қамтамасыз етеді.

Оқушылардың қарым-қатынас проблемасының әр түрлі аспектілерін Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, Е.И. Головаха, А.Б.Добрович, А.А. Бодалев, И.С. Кон, Л.А. Петровская, В.В.Столин, Н.И. Шеврандин, Л.Д. Столяренко, Қ.А. Айдарбеков, Т.М. Шалғынбаев т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап, оны түзету жолдарын ұсынған Э. Берн, Дж.Морено, Д. Карнегин. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін жіктеп, бір жүйеге келтірген. Сонымен қатар осы мәселеге қатысты «Трансактілік талдау», «Социометриялық талдау», «Ұйымдастырушылық және коммуникациялық қабілетті анықтау», «Басқа адамдарға әсерлілікті бағалау» т.с.с. көптеген әдістемелер жасалған. Психодиагностикалық әдістемелердің қалыптасуына байланысты қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін, оның қарым-қатынасының қалыптасуын толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік туды

Ұстаз бен оқушылардың қарым- қатынасы оқу – тәрбие үдерісінде ұйымдастыру жөнінде көптеген маңызды зерттеулер бар. В.А. Кан-Калик, А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, М.И. Лисина, А.В. Петровский т.б. қарастырған.

Сонымен қатар қарым- қатынас мәселесімен бірге отбасы ішілік қарым- қатынастар ерекшеліктерін А.И.Захаров, А.С.Спиваковская, А.Я.Варга, Э.Г. Эйдемиллер, Ю.Гипнрейтер, М.Буянов, З.Матейчек, Г.Холкентаускас, А. Фромм, Р.Снайдер және басқалар зерттеген.

Балалар мен ата- аналар арасындағы қарым- қатынастарды зерттеуге А.С. Макаренко көп үлес қосты. «Ата- аналарға» деген кітабында Макаренко отбасының алғашқы ұжым екенін көрсетеді, мұндағылардың барлығы толық құқықты мүшелер болып келген, олардың әрқайсысының өзіндік жұмыстары бар, оларға баланың да кіретінін көрсеткен.

Жалпы балалар мен ата – аналар арасындағы қарым- қатынастар бала жеке басының дамуына әсер ететіндігін көптеген ғалымдар зерттеп, оны жан-жақты қарастырады. Бұл мәселе оқушылар мен ересектер арасындағы өзара қарым- қатынас психологиясына теориялық және практикалық тұрғыда зерттелінген жұмыстар өте көп. Олардың әрқайсысы іс- әрекет барысында тиімді әрі жүйелі түрде қолданылуда.

Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын қарастыруға болады. Коммуникативті жағы, мұнда – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара әсер етуді ұйымдастырудан тұрады; перспективті жағы – қарым-қатынасқа түскен адамдардың бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.

Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу. «Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек, яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады тағы сол сияқты сұрактарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық компентенттілік – адамдармен керекті контактіні құру және ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшелінеді.

Қарым-қатынас ол ортақ қажеттілгі және әрекеттері бір адамдар ара қатынасының көп қырлы даму үрдісі.

Б.Д. Ломов қарым-қатынас деңгейлерін қарастырады:

1) Макродеңгей – индивид басқа адамдардың қалыптасқан қоғамдағы қатынастарға, дәстүрлерге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан көрінеді.

2) Мезодеңгей – тақырып мазмұнымен анықталады.

3) Микродеңгей – мазмұны мен сыртқы көрсеткіштері арқылы көрінетін контактілік байланыс.

Адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде араласатын объективті қарым-қатынас негізінде жүзеге асады. Объективті қарым-қатынас және байланыстар (біреуге тәуелді болу, бағыну, бірлесу, өзара көмек көрсету т.б.) кез-келген топта болуы мүмкін. Бұл субъективті жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас. Бұны әлеуметтік психология зерттейді.

Ең негізгі қарым-қатынас құралы - тіл. Ал қарым-қатынастың вербалды емес тәсілін келесі ғылымдар зерттейді:

1) Кинестика – адам сезімдері мен эмоциясының сыртқы көрінісін, мимика беттің бұлшықеттерінің қозғалысын, жестика дененің әр бір бөлігінің жестік қозгалысын, пантомимика дененің барлық моторикасын, поза, жүріс-тұрысын, иілуді зерттейді.

2) Таксика қарым-қатынас жағдайындағы жанасуды, қолды қысуды, сүйісу, сипау, итеру және тағы басқалаларды зерттейді.

3) Проксемика қарым-қатынас кезіндегі адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді.

Қарым-қатынас түрлері:

1) «Маска контактісі» – формальді қарым-қатынас, онда әңгімелесушінің жеке даралық ерекшеліктері ескерілмейді, яғни бастапқы маска қолданылады (кішіпейілділік, салмақтылық, қатысушылық және тағы басқа). Әңгімелесушіге деген шын қатынасын, әмоциясын көрсетпей, жестер, мимика қолданылады.

2) «Жабайы қарым-қатынас» – басқа адамды керекті және бөгет жасайтын объект ретінде бағалау – егер әңгімелесуші адам керек болса, қарым-қатынасқа белсенді түрде түседі, ал егер бөгет жасаса, агрессивті, ұнамсыз қылықтармен жауап береді.

3) Формалді-рөлдік қарым-қатынас. Қарым-қатынастың тәсілі мен мазмұны алдын-ала белгіленіп қойған, және де әңгімелесуші туралы пікір оның әлеуметтік орнына қарай анықталады.

4) Іскерлік қарым-қатынас – онда әңгімелесушінін мінезі, жеке өзіне тән ерекшеліктері, жасы, оның көңіл күйі ескеріледі, бірақ іс мәнді болып қала береді.

5) Рухани, жеке адам аралық достық қарым-қатынас – мұнда кез-келген тақырыбта әңгімелесуге болады және тек ғана сөзбен емес, бір-бірін бет әлпеті, қозғалысы, интонациясы арқылы-ақ ұғады. Мұндай қарым-қатынас егер, қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірінің көзқарасын, қызығушылығын жақсы білсе ғана жүзеге асады.

6) Манипулятивті қарым-қатынас – әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы әңгімелесушіден пайда табуға бағытталған қарым-қатынас турі .

Қарым-қатынастың көп қырлығы және көп сапалығы. Бұл тұрғыдан алып қарайтын болсақ, қарым-қатынас адамдардың бір-біріне қатынасы, ақпарат алмасуы. Жеке адамның өзара қатынас аспектісі – бұл құбылыстың бір ғана компоненті. Адамдық қарым-қатынастың ғылыми-технологиялық революцияның әсерінен ең кең тараған формасы – рухани коммуникация.

Қарым-қатынасты зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті ұғымына төмендегідей анықтама беруге болады:

Қарым- қатынас мәдениеті дегеніміз-адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуды айтамыз.

Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасу деңгейін, оның сапасын өлшеп көрсету өте қиын. Өйткені тек қана іскерлік, қолданбалы, тәжірибелік мәселелердің тиімді шешілгені қарым-қатынастың барысында барлық қатынасқан субьектілері үшін оң жағдайда жүргенін көрсетуі мүмкін. Сондықтан іс-шаралар нәтижесі гуманистік, адамгершілік қасиеттерді сақтау негізінде, басқаларға психологиялық қысым, зорлық көрсетпей жүргізу бағытында болғанда ғана қарым-қатынас мәдениеті сақталғаны анық байқалады.

Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасы негізінен ойын барысында қалыптасады. Ойын кезінде ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімдері дамиды.

Қарым-қатынас мәдениетін:


  • қарым-қатынас ретінде;

  • жүйе құраушы, кіріктіруші әлеуметтік фактор ретінде;

  • көркем, эстетикалық, ақпараттық және т.б. мәдениет түрлерімен бірге қарастыруға болады.

Балаларды тәрбиелеу белгілі бір құралдар мен әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Әдістер қаншалықты жақсы болғанымен, олар белгілі бір жағдайларда ғана тиімді нәтиже береді:

- кез келген әдіс (әдістер тобы) ізгілікті, баланы қорламайтындай, оның құқықтарын бұзбайтындай болуы тиіс. Бұл кез келген жастағы балаларға қатысты.

- әдіс шынайы, жүзеге асатындай болуы тиіс, ол логикалық аяқталғандықты талап етеді.

Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу бастауыш сынып оқушыларының қоғамда қалыптасқан қатынастарды қалай игеретініне тәуелді.Бұндай игеруді қамтамасыз ету үшін тиімді тәрбиелік әдістерді таңдау және тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру қажет.

Халықтық педагогика идеялары негізінде жастардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі үлттық мәдниетті дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мәдни мұраларымыздың мәнін түсіну тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мәденитті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі – ұлттық қасиеттерімізді танып-білу, соның негізнде қарым-қатынас мәдениетімізді қалыптастыру. Өзімізді -өзіміз танып, өзгелерге таныту, яғни ұлттық ерекшеліктеріміз мен құндылықтарымызды бүгінгі талаптарға сәйкес жүйелеп, байытып, дамытып, басқаларға тарту арқылы өзіміздің ұлттық мәдени деңгейлерімізді көтере білу. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлау барысында ұлттық педагогика идеялары негізінде қарым-қатынас мәденитін қалыптастыруды кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек.

Қарым-қатынас – білім мен біліктілік, дағды және адамның ішкі құндылықтарына негізделген мәдени сауаттылығы.

Қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттық дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы.

В.С.Библердің зерттеулерінде мәдениет ұғымы төмендегідей жіктеледі:



  • Біріншіден, мәдениет әр түрлі (өткен, бүгін, болашақ), мәдениет адамдардаң қарым-қатынасы мен бір кезедегі болмысы, мәдениетті туғызушы диалогиялық формасы;

  • Екіншіден, мәдениет – жеке адам шегінде индивидтің өзіндік детерминациясы, өмірінің, санасының, ойлауының формасы;

  • Үшіншіден, мәдениет – әлемдік «қайта жаратылу» жолдары.

Олай болса, мәдениет-адамның құндылығы, оның қайталанбас белгісі. Мәдениет өзінің ішкі механизмдерімен адам тұлғасының бағытталғандықтан, оны өзін-өзі танып білу немесе адамның рухани өмір баяны деп есептелінеді. Мәдеиеттің өмір сүруінің шарты – ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа сабақтастықпен беріліп отырады. Сондықтан мәдниет өзін-өзі тарату мәселесін алдыңғы орынға қояды.

Философия, психология, мәдениет тану өкілдері қарым-қатынас – табиғи күштерді басқару және адамның қажеттілгін қанағаттандыру үшін игіліктерді игеру үшін қалыптасқан жол, сонымен бірге адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін табиғи инстинктерді біріктіретін құбылыс п көрсеткен.

Қарым-қатынас жүйесі көп қырлы, философиялық, танымдық теориясы барлық пікірлердің әдіснамалық негізі болып табылады.

Қарым-қатынас үдері субъектілер, күрделі жүйелер формасы ретінде социомәдеи детерминациясы ұғымын анықтайды, яғни ақиқат өмірдің қарым-қатынасқа негізделген формасын, қызметін, құрылымын. Тереңдңгңн зерттейді.

Жеке тұлғаның әлеуметтені проблемасында қарым-қатынастың маңыздылығын дәлелдейтін еңбектер бар, олар: Л.П.Буева, Е.Г.Злобина, М.С.Каган, В.М.Соковнин және т.б зерттеулері маңызды.

қарым-қатынас пен тұлға мәселесін әр қырынан зерттеген Н.А.Асипова, Р.А.Дюсупова, Н.Д.Неустроева проблеманың ғылыми практикалық негізін, ұлттық ерекшелктерін, педагогикалық негізін, педагогикалық процесті ұйымдастырудағы мүмкіндіктерін теориялық, әдістемелік тұрғыда аша білген.

Бұл теорияға ұқсас ой нақты «мен», қалыптасқан қатынас, адамның бір-біріне тәуелділігі, субъект-объект аралық қатынастары мәселелері О.В.Шмайлова еңбектерінде көрніс тапқан.

Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынас кезінде олардың дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде қарым-қатынас жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктірген.

Бірінші - мегафакторлар («мега»-өте үлкен) – ғарыш, ноосфера, планета, әлем, бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.

Екінші – макрофакторлар («макро» -үлкен):



  • ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекеде өмір сүретін тұрғындар

Үшінші – мезофакторлар («мезо» - орташа):

  • тұрғылықты жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобы.

Микрофакторларға – белгілі нақты адамдар әсер ететін қозғаушы күштер жатады: әйел мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум.

мектепте адамгершілік пікірді оқытушының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тәрбие үдерісіне көңіл бөлген қазақ ойшылдары М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин т.б.

«Қарым-қатынас», «жеке адамаралық өзара әрекеттерстік», «тұлғаралық қатынас» ұғымдарына сипаттама беріп, зерттеу барысында Я.А.Коменский төмендегідей көзқарасын көрсетеді: қарым-қатынас кең мағынада ішкі (өзара қарым-қатынас) және сыртқы (дәл қарым-қатынас) құрылымды жеке адамаралық өзара әрекеттестікті қамтуға бағытталады. Оқыту үдерісінде жеке адамаралық өзара әрекеттестік педагогикалық өзара әрекеттестік деп қарастырылады, демек ішкі (педагогикалық қатынас), ол сыртқы (нақты педагогикалық қарым-қатынас) құрылымдарына енгіземіз. Ян. Амос.Коменский мұғалімдерге төмендегідей өсиет айтқан болатын: «балаларды өзіңіздің қатаң келбетіңізбен оларды қорқытып- үркітпей, керсінше, қайырымдылығыңызбен, мейірімділігіңізбен балалардың жүрегіне жылу беріп, өзіңізге тарта білсеңіз олардың мектепке, білімге деген құштарлығын оятар едіңіз».

М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде келешек ұрпақтың тәрбиесі, дүниетанымы мен мәдениетінің жетік болуы ұлттық тәрбиенің түп-тамырын сақтағанда ғана терең білім мен қабілеттің қалыптасуына, психологиялық мүмкіншіліктерге байланысты болады дейді. Баланың ішкі жан дүниесіндегі құндылықтарды (ақыл-ой, сезім, ерік) етілдіру үшін арнайы, оқытушының болғаны маңызды деген тұжырымға келеді.

А.С.Макаренко бала өзінің шын мәніндегіден аз-кем жоғары сезінетін ойынның тәрбиелік мәніне үлкен көңіл бөледі. Ойын ойнамайтын ұжым ешқашан шын мәніндегі балалар ұжымы бола алмайды деп есептеді. Ұжымдық ойындарда балалар – ұйымдастырушылар, балалар – көсемдер анықталады және қалыптасады. Ойнаушылар белгілі бір ережелерге, нормаларға бағынуды үйренеді.

Балалар ойындары сан алуан. Ережесі бар ойындарда балалар өзінің әркетін ойынның басқа мүшелерінің әрекеттерімен үйлестіре білуге, белігілі бір ережелерге бағынуға үйренеді, олай болмаған жағдайда ойын бұзылады. Сюжеті – рөлдік ойындардан маңызды оқиғалар, баланы қоршаған өмір құбылыстары орын алады.

Ойын кезінде оқушылардың қиялдауға деген бейімділігі көрінеді, қиял дамиды, жетіле түседі. Балалардың мазмұнды ойындарын ұымдастыра отырып, педагог балаларды түрлі рөлдердегі ұйымдстыра елестету тілегін тәрбиелейді.

Жас ерекшеліктері сабақтардың қызықты формада өткенін, ойын әрекеттерімен байытылғанын талап етеді. Композициялық жағынан ашық және сан алуан болған сайын сабақ тұлғаның эмоционалдық саласына үлкен ықпал жасайды, бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік дамуы үшін тиімді болады. Сондықтан әрбір сабақта ойындар өткізу ұсынылады.



Коммуникативті мәдениетті дамыту бойынша сабақтар мазмұнының үлгі жоспары төмендегі кестеде келтірілген.
Кесте 1. Қарым-қатынасқа үйрету бойынша тәрбиелік сабақтар жоспары



р/с

Сабақтың тақырыбы

Тәрбиелік міндеттер

Сабақтың мазмұны

1

Сыпайылық ханшайымында қонақта

Оқушыларға сыпайылық ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіру, белсенді түрде қолданылатын сыпайы сөздердің қорын кеңейту

Сыпайылық туралы түсінік. Сыпайылық ережелері. Сыпайы-сыпайы емес-дөрекі. Сыпайылық жайлы мақал-мәтелдер

2

Таңқаларлық сөз «Сәлеметсіз бе?»

Белсенді түрде қолданылатын этикалық сөздердің қорын кеңейту

Сәлемдесудің тарихынан. Күннің әр кезеңінде сәлемдесу формалары. Сыпайы сәлемдесудің ережелері. Сәлемдесудің стильдік ережелері. Сәлемдесу кезіндегі сұрақтар мен жауаптар. Сәлемдесудің вербалды емес әдістері

3

Сені көргеніме қуаныштымын

Түрлі сәлемдесу сөздерін қолдану білігін бекіту, әңгімелесушінің қуанышы мен қайғысына көңіл бөлу

Түрлі адамдармен сәлемдесу формалары: туған-туысқандармен, мұғалімдермен, таныстармен, бейтаныс адамдармен. Сәлемдесу барысында әңгімелесушіде сыйластықтың көріну деңгейлері.

4

Өте қажетті сөз «Рахмет»

Балаларды алғыс сезімін білдіретін сөздерді қолдануға және алғысқа сыпайы жауап беруге үйрету

«Рахмет» сөзінің шығу тегі. Сөздің мағыналық мәні. Алғыс сөзін білдірудің формалары мен деңгейлері. Алғыс сезімін білдірудің вербалды және вербалды емес тәсілдері: дауыс, тон, мимика

5

Жай сөз «кешіріңіз»

Балаларға кешірім сұраудың түрлі формаларын және оларға жауап беруді үйрету

Кешірім түрлерінің шығу тарихынан. Кешірімнің себептері. Кешірім сұрауға жауаптар. Кешірім сұрауды айтудың стильдік деңгейлері. Кешірім сұраудың вербалдық және вербалдық емес тәсілдері: тон, дауыс

6

Адамға қатынас

Балаларды жағдаяттарға байланысты адамдарға қатынастың түрлі формаларын қолдана білуге үйрету.

Адамдарға сыпайы қатынас ережелері. Бір-біріне, туыстарына, таныс және бейтаныстарына қатынастың формалары мен деңгейлері

7

Тілдік этикеттің «сиқырлы құпиялары»

Оқушыларды сыпайы сөздің тұлғалық мәнін түсінуге көмектесу

Сыпайы әңгіменің маңызы туралы. Сыпайы сөз және қарым-қатынас мәдениеті. Тілдік этикет «сиқыры»



8

Тілдік этикет бойынша көңілді бақылау жұмысы

Жыл бойы өткізілген тәрбие жұмысының қорытындысын шығару: оқушылардың сыпайы қарым-қатынас ережелерін меңгерудің деңгейін өзіндік бағалау үшін жағдай жасау

Тапсырмалар: қарым-қатынастың түрлі жағдаяттарындағы этикеттік қателерді табу. Қалып кеткен сыпайы сөздерді қою. Сыпайылыққа берілген тест

Этикет бойынша сабақтар арқылы балалар олардың негізінде төзімділік, мейірімділік, қоршаған адамдарға көңіл аудару сияқты адамгершілік ұғымдар мен принциптер жатқан этикалық нормаларды меңгереді.Этикет сабақтары арқылы қалыптасатын бұл адамгершілік ұғымдар - тұлғаның ажырамас сапалары.

Тұлғаның қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасқандығы төмендегі критерийлер тобымен айқындалады:

- сөйлеу мәдениеті;

- қарым-қатынас іскерліктері;

- қарым-қатынастық ойлау;

- құндылық бағдарлар;

- бос уақыттағы қызығушылықтар.

Төмендегі критерийлер бойынша мәдениеттің ұйымдастырушылық тобын бағалауға болады:

- әлеуметтік-психологиялық ахуал;

- топтық құндылықтар;

- бос уақытқа байланысты құрылған топтардың өзін-өзі ұйымдастыру деңгейі;

- топтық ынтымақтастық;

- топтық қабылдаудың біртұтастығы;

- мақсатқа бағыттылық.

Қарым-қатынас мәдениетінде эмоционалдық критерийлерге де айрықша мән беріледі:

- эмоционалды түрде іс-әрекетке ену;

- мәдени-сауықтық іс-шараларға қатысу арқылы қанағаттанғандық сезімде болу.

Қарым-қатынас мәдениетінің критерийлерін қарастыра отырып, оның үш негізгі мотивін бөліп көрсетуге болады: іскерлік мотивтер ынтымақтастыққа, ойынға, жалпы белсенділікке қабілеттіліктен көрінеді; жаңа әсерлерге қажеттіліктерді қанағаттандыру үдерісінде пайда болатын танымдық мотивтер. Оның негізгі көзі - жаңа ақпарат беруші және бастауыш сынып оқушысының пікірі мен сұрағын түсінетін және бағалай алатын тыңдаушы – ересек адам.

Қарым-қатынас негізінде жатқан коммуникативті біліктерді дамыту деңгейін анықтау мақсатында 1-сынып және 4-сынып оқушылары арасында диагностикалық зерттеу жүргізілді.

Оқушыларға мінез-құлықтың сан алуан формалары қарастырылған жағдаяттар ұсынылды. Нәтижелер мінез-құлық пен жауаптар мазмұнын сапалық талдау әдісімен анықталды.

«Сен мектепке досыңа көрсету үшін жинап жүрген күнтізбесі бар альбом әкелдің. Күтпеген жерден балалардың біреуі оны қолыңнан тартып алып, бермей қойды. Сен оған не айтасың?» деген сұраққа 1-сынып оқушылары «Маған альбомды қайтар» деп жауап берген. 3-сынып оқушылары «Альбомды берші, мен кейін саған көруге беремін», «Сенің альбомды көргің келетін шығар, сұрасаң, мен саған беремін» деген жауаптар берген. Бұл 3-сыныптың 6 оқушысы берген ең ұнамды және дұрыс жауаптар. Қалған оқушылар этикалық ережелер шеңберінде қарым-қатынасты құру біліктерінің қалыптаспағандығын көрсететін жауаптар берген. 1-сынып оқушылары «тартып алуды», «мұғалімге шағым айтуды», «орнына тез қоюды», «қайтаруды өтіну, ал егер қайтармаса, ол жайлы мұғалімге айтуды» ұсынған.

Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерттеудің басқа әдісі ретінде бақылауды таңдап алдық. Сабақтар мен үзілістер кезінде қарым-қатынас барысындағы балалардың мінез-құлқына, тілдік құрылымдарды құру және тұлғааралық қарым-қатынас мазмұнына бақылау жүргіздік. Біз 1-сынып оқушыларының этикалық нормаларлы сақтамай-ақ қызығушылықтар негізінде қарым-қатынас жасайтынын байқадық.

Үшінші сынып оқушыларын тұлғааралық байланыстары тұрақты және неғұрлым сан алуан. Олардың қарым-қатынасының әлеуметтік сипаты бар.

Ол тапсырмаларды орындауға, бірлескен әрекетке, іскерлік байланысқа

негізделген. Дегенмен 3-сынып оқушыларының арасында қарым-қатынаста қиындықтар, сөйлемдердің дұрыс құрылмауы, паразит сөздер мен нормаланбаған лексиканы қолдану байқалды.

Алынған мәліметтерді талдау бастауыш сынып оқушыларын қарым-қатынасқа үйрету бойынша арнайы жұмыс қажет деген болжамды дәлелдеді.

Біз бастауыш сынып оқушыларын қарым-қатынасқа үйрететін арнайы бағдарлама қажет деп есептейміз. Онда оқушылар тұлғааралық қарым-қатынастың қажетті деңгейін, коммуникативті мәдениет нормаларын меңгереді.

Қазіргі мектептегі тәрбие мазмұны біріншіден, адамгершілік, экономикалық, азаматтық, эстетикалық, экологиялық, жыныстық, дене, еңбек және т.б.сипатта бол­са; екіншіден, шындық, мейірімділік, сұлулыққа қатысты жағымды көңіл-күйді сезінуге және өтірік, зұлымдық, ұсқынсыздыққа қатысты жағымсыз көңіл-күйді сезінуге баулу.

Мұндағы мақсат – оқушының эмоционалдық-еріктілік сферасын дамыту және жетілдіру. Үшіншісі карым-қатынаста көрініс табатын мінез-құлықтық – әрекеттік форманы құру болып табылады. Мұның логикасы мынада: әлем, дүние туралы білім, эмоционалдық бағалау оларды саналы түрде түсініп, әрекеттер жасауға әкеледі. Дұрыс, жақсы қарым-қатынас жасау ережесінің нәзік жақтарын білетін, оны эмоционалды қабылдай алатын оқушы, әр уақытта мәдениетті және әдепті.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениеті мен мінез құлқын тәрбиелеу мәселелері қазіргі білім берудің, педагогика ғылымының, мәдениеттің басты назарында тұр. Ол өз кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу үдерісін күрделі тұлғалық құрылым ретінде қарастыруды негіздейді. Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу тиімділігі оқушылардың қарым-қатынас саласындағы қоғамның рухани және адамгершілік байлықтарын игеруінің жоғары деңгейімен сипатталады. (құндылықтар, нормалар, мәдени білімдер және т.б).

Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларын қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу үдерісі көптеген қиындықтарға ұшырайды. Олардың арасында адами өзара қатынастар саласын бейнелейтін ұғымдарды оқушылардың түсінуі мен ой елегінен өткізудің күрделілігі де: парыз бар сезімі, әділеттілік, адалдық, мейірімділік, жауапкершілік, ар-ұят.

Диссертацилық жұмыстың қойылған міндеттерін шешуге бағытталған бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселелерін зерделеуге арналған психологиялық-педагогикалық зерттеулерді талдау нәтижесі төмендегідей болды:

1. Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену және талдау негізінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетінің компоненттері айқындайды; бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық құралдарын анықтайды; ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық шарттары анықтайды және негіздейді.

2. Диссертация тақырыбы бойынша өткізілген теориялық және эксперименттік зерттеу бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу әдістерімен құралдарының мәні мен мазмұнын анықтауға мүмкіндік берді.

3. Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселелерін зерделеуге арналған психологиялық педагогикалық зерттеулерді талдау нәтижесі бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу үдерісін педагогикалық модельдеу болып табылады. Оған; мақсаты қарым-қатынас мәдениетінің көмпоненттері және олардың қалыптасқандық критерийлері, қарым-қатынас мәдениетінің функциялары, қарым-қатынас мәдениетінің тәрбиелеудің педагогикалық құралы, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу үдерісінде ұнамды мінез-құлық үлгілерін жүзеге асыру кезеңдері, оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру формалары, бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін қамтиды.

4. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мақсаты - ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық айқындалған педагогикалық шарттарының білім беру үдерісінде тиімді қолданылуын дәлелдеу болып табылады.

Эксперименттік зерттеу шеңберінде ана тілі пәнінің типтік бағдарламасына қосымша жасалды. Ол ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу құралдарын қолдануға негізделген эксперименталдық сабақтардың тақырыптарын қамтиды.

Эксперимент нәтижелері ақпараттарды статистикалық өңдеу әдістерді қолдану көмегімен өңделді. Эксперименталдық зерттеудің алынған нәтижелері эксперименттік топпен алынған оң нәтижелер ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған оқу-тәрбиелік өзара әрекеттестіктің салдары болғанын көрсетеді.



Сонымен, эксперименттік зерттеудің нәтижелері оның тиімділігін, сондай-ақ ғылыми болжам мен қорғауға ұсынылатын қағидалардың дұрыстығын дәлелдейді.
Түйін сөздер: мәдениет, қарым-қатынас, қарым-қатынас мәдениеті, коммуникативті біліктер, ұнамды мінез-құлық, педагогикалыық шарттар, дидактикалық ойындар, ізгілік түсініктері, өнімді топтық қарым-қатынас, сұрақ-жауап түріндегі диалог, этикалық сипаттағы диалогтар, мотивациялық дайындық, когнитивті компонент, мінез-құлық компоненті, ойын және оқу әрекеті
Диссертация мазмұны мен нәтижесі төмендегі басылымдарда жарияланды:

  1. Оқушылардың мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру//Бастауыш білім. -№ 6. -2012.- 29-30 б. (М.К.Жайлауовамен бірлестікте)

  2. Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасының ерекшеліктері //Әлімсақ. -№ 4.-2013.- 24-25 б. (М.К.Жайлауовамен бірлестікте)


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. ҚР «Білім туралы» Заңы. –Астана, 2007.-25б

  2. Жанаспаева Г.Б. Ұжымдық қарым-қатынас балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің ортаға бейімделу факторы ретінде//Бастауыш мектеп.- 2009.- N2.- 26-29б.

  3. Жанаспаева Г. Мектепалды жастағы балалардың қарым-қатынасы//Қазақстан мектебі.- 2009.- N2.- 69-72б.

  4. Жарқынбек Қ. Құқыққа қарсы мінез-құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы //Заң.- 2007.-№6-20б.

  5. Жетібаева С. Жасөспірімдердің құқық бұзуға бейім мінез-құлқының қалыптасу себептері//Заң.- 2010.-№2.-12-16б.

  6. Камалова Н., Ормолдаева М. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың дәстүрлі үлгілері //Білім технологиялары.- 2010.-№2.-28-32б.

  7. Кереймағанбетова Ж.Н. Қарым-қатынас ұғымы және оның мәні //Білім - Образование.- 2008.- №6. - 84-85б.

  8. Көкшеева З. Мектепке даярлық топ балаларының қарым-қатынас психологиясы//Қазақстан мектебі.- 2009.-№10.- 68-70б.

  9. Құлымбаева А. ХІХ-ХХІ ғасырлардағы қарым-қатынас психологиясының өзекті мәселелерінің жан-жақты қарастырылуы //Қазақстан жоғары мектебі.- 2011.-№2.-112-116б.

  10. Құлымбаева А. Жеткіншектік кезеңдегі қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері. //Жантану мәселелері.- 2009.-№3.- 38-44б.

  11. Құрманғалиева С.Ж. Қарым-қатынас мәдениеті //Кәсіптік мектеп.- 2010.- №4- 5.- 27-29б.


Резюме

Жарылкасынова Алтынай Шакмакызы

Воспитание культуры общения младших школьников на примере позитивного поведения

6М010200 - Педагогика и методика начального обучения

Актуальность исследования. Вопросы воспитания культуры общения и поведения учащихся находятся в центре внимания современного образования, педагогической науки, культуры. Целью школьного образования является обеспечение условий для самоопределения личности, обладающей высоким уровнем общей культуры.

Вместе с тем вопросы воспитания культуры общения младших школьников на примере позитивного поведения остаются слабо разработанными.

Предмет исследования: педагогические условия воспитания культуры общения младших школьников на примере позитивного поведения.

Цель исследования: разработать модель воспитания культуры общения и выявить совокупность педагогических условий воспитания культуры общения младших школьников на примере позитивного поведения.

Методы исследования: системный анализ и изучение психолого-педагогической литературы, сравнение, обобщение, наблюдение, анкетирование, собеседование, педагогический эксперимент, статистический метод.

База исследования: опытно-экспериментальной базой исследования выступила средняя общеобразовательная школа «Мурагер» г. Кызылорда.

Научная новизна исследования: выявлены компоненты культуры общения младших школьников; разработана модель воспитания культуры общения младших школьников на примере позитивного поведения в процессе обучения, определены ее структурные компоненты и этапы реализации; определено педагогическое средство воспитания культуры общения младших школьников на примере позитивного поведения; выявлена совокупность педагогических условий воспитания культуры общения младших школьников на примере позитивного поведения.

Теоретическая значимость исследования заключается в том, что его результаты вносят существенный вклад в развитие теории воспитания культуры общения младших школьников: разработана модель воспитания культуры общения; выявлены педагогические условия, способствующие эффективности процесса воспитания культуры общения.

Практическая значимость исследования определяется разработкой педагогического средства воспитания культуры общения младших школьников на примере позитивного поведения; разработкой карт-образцов примеров позитивного поведения: составлением научнометодических рекомендаций.

Структура диссертации. Диссертация состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованной литературы.

Summary
Zharylkasynova Altynay Shakmakyzy
Upbringing culture of communication primary school as an example of positive behavior
6M010200 - Pedagogy and methods of primary education
The relevance of the research. Questions of a culture of dialogue and behavior of students are the focus of modern education, teaching, science and culture. The aim of the school is to provide for self-identity, which has a high level of general culture.

However, the question of a culture of communication primary school as an example of positive behavior remain poorly developed



The subject of research: pedagogical conditions of a culture of communication primary school as an example of positive behavior.

The aim of the research: work out a model of a culture of communication and to identify a set of pedagogical conditions of a culture of communication primary school as an example of positive behavior.

Methods of the research: system analysis and study of the psychological and educational literature, comparison, generalization, observation, questionnaires, interviews, experiments, statistical method.

The base of the research: experimental base for research performed secondary school "Murager" in Kyzyl-Orda.

The scientific novelty of the research: identified the components of the culture of communication primary school, developed a model of a culture of communication primary school as an example of positive behavior in the learning process, defining its structural components and stages of implementation; defined pedagogical tool, of a culture of communication primary school as an example of positive behavior, revealed a set of pedagogical conditions of a culture of dialogue primary school as an example of positive behavior.

The theoretical significance of the research is that the results make a significant contribution to the development of the theory of a culture of communication primary school: work out a model of a culture of dialogue, identified educationally conditions conducive to the efficiency of the process of a culture of communication.

Practical implications of the research is determined by the development of a culture of teaching means of communication primary school as an example of positive behavior, develop maps of sample examples of behavior: the compilation of scientific and methodological recommendations.

The structure of the dissertation. The dissertation consists of reference, two chapters, conclusion, and bibliography.
Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет