2.1 Карбонаттардың алынуы.
1) Көмірқышқыл газын суда ерітіп:
СО2 + Н2О = Н2СО3
2) Тұзынан күшті қышқылмен әсер етіп:
Na2CO3 + 2HCI = 2NaCI + H2CO3
Екі негізді қышқыл ретінде сатылап диссоциацияланады
Н2СО3 <=>Н ++НСО3– гидрокарбонат ионы
НСО 3 -<=> Н ++СО3 2- карбонат ионы
ά =0,17 %
2.2 Карбонаттардың химиялық қасиеттері.
Сілтілермен әрекеттесіп екі қатар тұздар түзеді:
Н2СО3 + 2NаОН(конц)=Nа2СО3 +2Н2О
натрий карбонаты
Н2СО3 + NаОН(сұйыл.)=NаНСО3+Н 2О
натрий гидрокарбонаты
Гидрокарбонаттарға сілтінің артық мөлшерімен әсер етсе, карбонатқа айналады:
Nа НСО 3+ NаОН=Nа2 СО3 +Н 2О
Көмір қышқылының тұздары (карбонаттар):
Қыздырғанда ыдырайды: СаСО 3=СаО+СО 2↑
2NаНСО3 =Nа 2СО3 +СО 2 ↑+Н 2О
Гидролизге ұшырайды: Nа2 СО 3+НОН=NаОН+NаНСО 3
Сапалық реакциясы:Nа2СО 3+2НСl=2NaCl+СО 2 ↑+Н 2О
СО 2↑+Са(ОН) 2 = Са СО 3 ↓+Н 2О
ақ тұнба
Қолданылуы
NaHC03 ас содасы - тамақ, шыны өндірісінде
К2СО3 сақар - сабын алуда
СаС03, MgC03 - құрылыс материалдары
Таралуы.
Жер қыртысының шамамен 1,7%-ын (массасы бойынша) құрайды. Ең көп таралған және жынысқұрушы минералдар қатарына жататындар — кальцит (СаС03) және доломит (СаС03.МgС03).
Бұлар әктастар және доломиттер деп аталатын шөгінді карбонатты тау жынысытарды құрайды. Аталған тау жынысытардан гөрі сирегірек ұшырасатын карбонатты тау жынысы өкілдері:
анкерит — (Са,Ғе,Мg)СО3,
сидерит — ҒеС03,
магнезит — МgС03,
родохрозит — МnС03. Карбонатты тау жынысытардың өзге түрлері мүлдем сирек ұшырасады.
2.3 Карбонаттардың графикалық (құрылымдық) формуласы
Құрылымдық (графикалық) формула көрнекі болып табылады. Карбонаттардың құрылымдық формулаларын көмір қышқылының барлық кальцийлі тұздары мысалында қарастырайық: CaCO3 — кальций карбонаты және Ca(HCO3)2 — кальций гидрокарбонаты.
Сурет 1. Кальций карбонатының құрылымдық формуласы.
Сур. 2. Кальций гидрокарбонатының құрылымдық формуласы.
Иондық формуласы
Карбонаттар әртүрлі түрдегі тұздар (орташа және қышқыл), олардың әрқайсысы су ерітіндісінде диссоциациялануға қабілетті:
СaCO3 ↔ Ca2+ + CO32-;
Ca(HCO3)2 ↔ Ca2+ + 2HCO3—.
Қорытынды
Карбонаттар - кристалды заттар. Карбонаттардың химиялық қасиеттері олардың әлсіз қышқылдардың Бейорганикалық тұздарының класына жатуымен байланысты. Карбонаттар табиғатта өте кең таралған, бұл минерал түзілу процестерінде СО2 және Н2О қатысуымен негізделген.
Карбонаттар - кең таралған минералдардың көптеген тобы. Карбонаттар класының минералдарына көмір қышқылының тұздары жатады, көбінесе бұл кальций, магний, натрий, мыс тұздары. Бұл сыныпта 100ге жуық минерал бар. Олардың кейбіреулері табиғатта өте кең таралған, мысалы кальцит және доломит.
Рефератты жасау барысында карбонаттар және де оның қосылыстары, құрылымы, табиғатта кездесуі, химиялық және физикалық ерекшеліктері туралы көптеген мәліметтер қарастырылды. Оған қоса карбонаттардың түрлері кеңінен зерттелінді.
Қолданылған әдебиеттер
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D1%80%D0%B1%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D1%82_%D1%82%D2%AF%D0%B7%D1%96%D0%BB%D1%83
Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990.
http://www.xumuk.ru/bse/1213.html
http://www.kstu.kz/karbonaty-3/?lang=kz
Достарыңызбен бөлісу: |