Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ Автомобиль-Жол Институты
Факультет «Автодорожный»
Реферат
Орындаған:Жанаманова М.
Тексерген:
Алматы -2019
ОГЮСТ КОНТ (1798 − 1857) − француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы. Ол «әлеуметтану» терминің ғылыми қолданысқан алғаш рет енгізген. Он ввел в употребление сам термин «социология». Әлеуметтану басқа да ғылымдар сияқты бақыланатын әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен айналысады.
Конттың философиялық эволюциясы кезеңдерін, адамзат бірлігі туралы тезисті түсіндіретін және ақтайтын, дәлелдеулердің үш тәсілі ретінде көрсетуге болады. Бұл кезеңдер Конттың үш негізгі еңбектерімен белгіленген.
Бірінші кезең (1820-1826) – мынадай кішігірім жұмыстарды жазу кезеңі: «Әлеуметтік философия опускулдары»; «Қазіргінің өткендігі элементтерін жалпы бағалау» (көкек, 1820 ж.); «Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыстар жоспары» (көкек, 1822 ж.); «Ғылымдар және ғалымдар туралы философиялық ойлар» (қараша−желтоқсан 1825 ж.). «Рух қуаты туралы ойлау» (1825-1826 жж.).
Екінші кезеңді «Позитивтік философия курсы» дәрістері (жеке томдармен 1830 жылдан 1842 жылға дейін жарыққа шығып отырған) құрастырады. Үшінші кезең «Позитивтік саясат жүйесі, немесе Адамзат діндері негіздері туралы социологиялық трактат» (1851 жылдан 1854 жылға дейін жарыққа шығып отырған) еңбегінде көрініс табады.
Бірінші кезеңдегі өзінің «Опускулдарында» («Позитивтік саясат жүйесінің» 4-і томының аяғында оны қайта шығарып отырып, Конт өз ниетінің бірлігін осылай атап көрсеткісі келеді), Политехникалық мектептің жас бітірушісі өз уақытындағы қоғам туралы пайымдайды. Социологтардың көпшілігі үшін олардың әрекеттерінің бастамасы болып, онда олар өмір сүретін, дәуір сипаты туралы пайымдаулармен байланысты. Бұл Огюст Контқа да тән. оның «Опускулдары», ХІХ ғ. басында еуропалық қоғам өз басынан өткізіп жатқан, тарихтың сәтін суреттеу және түсіндіру болып табылады.
Үш күйлер заңына сәйкес, адам ақылы бірінің артынан бірі келетін үш фазадан өтеді. Адамның өзімен салыстыруға тұратын, мәндерді немесе күштерді оларда мойындай отырып, ол біріншісінде құбылыстарды түсіндіреді, екіншісінде ол, табиғат сияқты, абстрактілі мәндерге көңіл аударады. Үшіншісінде адам феномендерге байқау жүргізумен және олардың арасында не осы мезгілде, не басқа уақыт барысында өмір сүре алатын, тұрақты байланыстарды тағайындаумен шектеледі. Ол деректердің себептерін ашудан бас тартады және оларды басқаратын заңдарды ашумен риза болады.
Теологиялық фазадан метафизикалыққа, ал кейін поитвтікке ауысу әр түрлі интелектуалдық пәндерде бір мезгілде жүрмейді. Үш күйлер заңы Конт ілімінде тек ғылымдар жіктемесімен қоса қатаң мағынаға ие бола алады. Әр түрлі ғылымдардың таратылу тәртіб біз үшін әр түрлі салалардағы позтвтік ақыл қалыптасу тәртібін ашады.
Басқаша айтқанда, позитивтік ойлау, биологияға қарағанда, матесатикада, физикада, химияда бұрын қалыптаса алмады. Дегенмен, күрделі пәндерге позитивизмнің каөрініс таба алуы кейінірек болатындығы қалыпты нәрсе. Материя неғұрлым қарапайым болса, ол туралы соғұрлым позитивтік фазаға жетелейтін, тіпті, сондай феномендерде бар.
Үш күйлер заңын ғылымдар жіктемесіне үйлестірудің мақсаты математкада, астрономияда, физикада, химия мен биологияда үстемдікке жеткен ойлау тәсілі түбінде саясат саласында да жеңіске жете алатын және қоғам туралы позитивтік ілімді социологияны құрастыруға әкелетінін дәлелдеу болып табылады.
Конт философиясында үш үлкен мәселе қойылады.
Біріншісі – Батыс Еуропа елдеріне тән индустриалды қоғам − оған бүкіл азамат ілесіп жүретіні мысал бола алады. Еуропалық индустриалды қоғамның белгілі бір жақтары жалпылама мағынаға ие болады деп Конт есептегенініңдұрыс еместігі дәлелденбеген. Еуропалық қоғамды ерекшелейтін, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастырудың кез−келген басқа түрінен анағұрлым тиімді, сондықтан оның құпиялары ашылғаннан кейін басқа халықтар оны меңгеруі қажет, өйткені ол қоғамның гүденуі мен құдіреттілігінің шарты болып табылады. Екінші мәселе − ғылыми ойдың екі жақты әмбебаптылығы. Математкада, физикадағы немесе биологиядағы позитивтік ойлау әмбебапты мағынаға ие, өйткені оның көмегімен жеткен табыстар көз алдымызда болғандықтан, оны бүкіл адамзат қабылдайды. Конт дұрыс болып шықты: батыс ғылымы бүгін әңгімелегендей математика, астрономия, физика, химия және тіпті орасан зор мөлшерде биология туралы болсын, бүкіл адамзат ғылымына айналды. Алайда ғылым әмбебаптылығы басқа мағынаға да ие. Қашан астрономияда немесе физикада позитивті түрде ойлай бастасақ, онда саясат немесе дін салаларында дәстүрлі ойлауға болмайды. Органикалық емес табиғат туралы ғылымдарда табыстарға жеткізетін, позитивтік метод ойлаудың барлық жақтарын қамтуға міндетті. Алайда позитивтік методтың таралуы онша анық емес. Математика немесе физикада қолданылатын методтардв, біз социологияда, морль немесе саясат салаларында қайта құрастыуға міндеттенеміз бе? Тым болмаса пікірталас әлі біткен жоқ. Үшінші негізгі мәселені Конт «Позитивтік саясат жүйесінде» көтереді. Егер тап осындай адам табиғаты жалғыз сол болса, онда, түбінде, әр түрлілікті қалай сақтауға болады?
Басқаша айтқанда, оның жолының үш негізгі кезеңдеріне сай, Огюст Конттың адамзат бірлігі концепциясы үш форманы қабылдайды.
1. Қалыптасу үрдісінде тұрған Батыс қоғамы үлгі тұтарлық, онымен батыстық авангард келе жатқан, жолға бүкіл адамзат түседі.
2. Адамзат тарихы − бұл позитивтік ойлау қалыптасуы түріндегі рух тарихы және, оның үстіне, бүкіл адамзатты позитивизмге оқыту тарихы.
3. Адамзат тарихы − бұл адам табиғатының гүлденуі және дамуы тарихы.
Бұл үш өзара байланысты мәселелерді Конт солай немесе басқаша болса да өз жолының барлық кезеңдерінде көтереді, бірақ оларды әр түрлі атап өтеді. Олар адамзат бірлігі тақырыбының үш мүмкін түсіндірмесі болып табылады.
Конт өзінің индустриалдық қоғам теориясын, не либералды экономистерге, не социалистерге бағытталған, сын формасында дамытты. Ол индустриалдық қоғамның, либералдық та емес, социалистік те емес, ал оны, егер де бұл сөйлемшіе Бернхемнің «Мененджерлер ревалюциясы» кітабының фрацуздық аудармасында қолданылмаған болса, ұйымдастыру теориясы деп анықтауға болатын түсіндірмесін ұсынады, себебі Конттағы ұйымдастырушылар Бернхем мененджерлерінен біршама ерекшеленіледі. Индустриалдық қоғамның заңы − мүдделердің түпкілікті үйлесуін бекітетін немесе ұйғаратын байлықтың артуы.
Социология деп аталатын, жаңа ғылымды өзінің түсінуін Конт «Позитивтік философия курсының» соңғы үш кітаптарыныда, әсіресе төртінші томында ерекше баяндады. Оларды өздерінің рухтандырушылары немесе ізашарлары деп көрсетіп, үш авторға ол сілтеме жасайды, олар − Монтескье, Кондорсе, Боссюэжәне кім туралы мен ары қарай айтатын, Аристотельді есептемегенде. Осы үш есімдермен оның социологиялық ілімінің кейбір негізгі тақырыптары байланысты.
Конт Монтескьенің көрнекті жетістігі деп тарихи және қоғамдық құбылыстардағы детерминизмді атап көрсеткенін есептейді. Ол «Заңдар рух туралының» қарапайымдалған түсіндірмесін береді, оның басты идеясын бірінші кітаптағы мынадай белгілі формула арқылы жеткізуге болады: « Заңдар, заттар табиғатынан шығатын, қажетті қатынастырға жатады». Конт бұл формуладан, әр түрлі қоғамдық құбылыстар мен сол мезгілде қоғам қалыптасуы процесіне таралатын, детерминизм принципін аңғарды
.
Достарыңызбен бөлісу: |