«ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
Педагогика және психология факультеті
РЕФЕРАТ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ БАСҚАРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ
Талдықорған, 2021 жыл
Жоспар:
1. Мекптгеп, отбасы, жұршылықтыұ және мектептің бірлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық
2. Мекшептің педагогикалық ұжымы. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері
3. Отбасы — ерекше пгдагогикалық жүйе
4. Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялың-педагогикалық негіздері
5. Мұғалім, сынып жетекшісінің оқушы ата-аналармги оқымыс істеу формалары мен әдістері
Қолданылған әдебиеттер
1. Мекптгеп, отбасы, жұршылықтыұ және мектептің бірлескен жұмысын уйымдастырушы орталық
Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі-мектептің, отбасының жөне жұртшылықтың күшін біріктіру. Бұл жұмыстың мазмұны, өдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады. Ол әрекетгің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторларға байланысты. Олар педагогикалық процестің обьективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы.
Мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы төрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Жас үрпақты өмірге дайындауда жаңа сапалық белгілер қалып-тасып, дербестікті дамыту, кәсіптік бағдар, білім алу және өздігінен білім алу, қабілеттерді анықтау және дамыту сияқты мәселелерге ерекше маңыз бсре бастады. Мектеп-тің, отбасының және жүртшылықтың тәрбиелік қызметі-нің біртүтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың бірі.
Белгілі педагог В. А. Сухомлинскийдің еңбектерінде "мектептік-отбасылық тәрбие" үғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртүтас және оны қалыптастыру процесі де біртүтас сипат алады. Міне, осындай біртүтас тәрбие процесінде мектеп жетекші рәл атқарады.
Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады, осы бағыттта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық және мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсгтуін ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекеттерін үйлестіреді. Мектеп басшысының, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиімді түрлер мен әдістер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады. Ол жүйе жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететіндей талаптарға жауап беруі тиіс.
Ең бірінші талап - бүкіл педагогикалық ұжым әрекетінің мақсаттылығы. Ата-аналармсн жұмыс деген мүлде жалпы үғым. Оның орныиа імқты педаіогикалық проблемаларды шешу үшін ата-апа. іар жиналыеын өткізу, лекция оқу, ата-анаға, отбасыиа жскелеп ықиал жасау қажет.
Екінші талап - мұғалімнің кәсіптік біліктілігін, педагогикалық мәдениетін көтеру. Оның жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: сынып жетекшілері секциясының жұмысы, "Отбасылық педагогика" немесе "Отбасы тәрбиесін жетілдіру" сияқты тұрақты педагогикалық семинар жұмысы; мектеп тәжірибесінде анықталған формалды емес жасөспірімдер тобының ерекшеліктерін есепке алу, қолайсыз отбасылар мен педагогикалық түрғыдан бетімен жіберілген балаларды есепке алу, ата-аналардың жүргізген жұмыстарының тиімділігін анықтау, олардың озық тәжірибелеріне педагогикалық талдау жасау. Үшінші талап - педагогикалық ұжымның сынып жетекшісі мен мұғалімдердің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарына бірыңғай талап жүйесін жасау. Бұл талап негізді, әдепті, заңцы болуы тиіс. Асығыстық, талапты бүрмалаушылық ата-аналармен келіспеушілікке апарып соғады.
Төртінші талап — ықпалды қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру.
2. Мекшептің педагогикалық ұжымы. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері
Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретівде қазіргі педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға үмтылуы сйяқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Тәрбие мақсаты, балалар ұжымын қалыптастыру мәселесі отандық педагогика ғылымында педагогикалық ұжымның екі орнықты моделін іздеумен бірге қарастырылды. Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалын біріктіру 20-30 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. Н. К. Крупская, С. Т. Шацкая, А. С. Макаренко және т.б./ "Тәрбиешілер ұжымы болуы ксрек", — ден жазды. А. С. Макаренко - тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде жәнс біртүтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбис процесі болуы мүмкін емес".
Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В. А. Сухомлинскийдің иедагогикалық жүйесіңце практикалық көрініс тапты. Ол әрбір педагогикалық ұжымның езіңдік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті. Тәжірибе алмасу сол мектептің жұмысын көшіріп алу емес, қайта оның қызметінің идеялары мен концепцияларын бағалау болмақ,
Соңғы жылдары педагогикалық ұжымның дамуы мен қызметінің ішкі механизмін ашуға арналған /Н. С. Дежиннова, В. А. Кераковский, Л. И. Новикова, Р. X. Жакуров жөне т.б./ еңбектер жарияланды.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік жөне кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық жене кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып ссептеледі.. Кез келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады.
Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тэрбиелеуде. Педагогикалық ұжымның көсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мөдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, ұжымдық жөне дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен анықталады. Өзінің мәні педагогикалық, тәрбиелік болып табылатын оку орындарының ұжымы оқушьыарға үлкендердің ұжымы, олардың өзара қатынасы, бірлесе әрекет етуі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады. Бұл жағдай педагошкалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға, үнемі өздігінен жетілуге ынталандырады.
Мұғалімдер ұжымның педагогикалық қызметі оқуіпылар ұжымымен өзара тығыз өрекеттестікте өрбиді. Сондықтан педагогикалық міндетті шешу оқушылар ұжымының тәрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде, қаншалықты іске асырылуына тікелей тәуелді болып келеді. Басқару ілімінің категориясы ретінде педагогикалық ұжым басқарушы, ал оқушылар ұжымы басқарылушы болады. Ал қазіргі әрекет пен қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлғаға баса назар аударылған жағдайда педагогикалық және оқушылар ұжымы басқарудың да, өзін-өзі дамытудың да субъектісі болып отыр. Мұғалімдер ұжымы езінің орасан зор интеллектуалдық, тәрбиелік күш-қуаты бойынша балалар ұжымына ғана емес, өз ұжымына қатыстылығына байланысты да тәрбие субъектісі ретінде әрекет жасайды.
Педагогикалық ұжымның басты ерекшслігінің бірі ретінде мұғалімдік кәсіп қызметінің көп қырлылығын атау керек. Қазіргі мұғалім пән мұғалімі, сынып жетекшісі, үйірме, студия жетекшісі, қоғамдық жұмыстар сияқты қызмсттерді атқарады. Бұндай көпқырлылық барлық педагогикалық ұжымға тән. Өзінің кәсіптік міндеттерін шешу барысында педагогикалық ұжым мектеп шегінен шығып кетеді. Қоршаған әлеуметтік ортаны педагогика-ландыру, яғни ата-аналар мен жұртшылық өкілдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру түтас алғанда педагогикалық ұжымның ажырамас қызметіне айналады. Көптеген мұғалімдердің педагогикалық өрекетіне зерттеушілік қызметі тән. Қазіргі мұғалім-зерттеуші -нормативті қызмет жасымен яюктелмейтін, педагогика-лық жаңалықтың жетістігі мен кемшілігін тез аңғаратын, жаңа құндылықтар мен технологияларға баға беріп, игеріп және практикада қоддануға қаблетті педагог.
Педагогикалық ұжымның ендігі бір ерекшелігі оның жоғары денгейде өзін-өзі басқара алуында. Ұжымдағы мектеп кеңесі, әдістемелік комиссиялар, қоғамдық ұйымдар да қатардағы мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік алуы ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып дербестік пен белсенділік дамытады. Педагогикалық ұжым мүшелерінің, оның басшыларының қызметтік міндеттері, қызметтік нүсқаулары арқылы дәл айқын-далуы да ұжымның ұйымдасқандық сипатын нығайтады. Педагогикалық ұжымның келесі ерекшелігі оның қызметіыің үжьшдық сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Егер жекелеген мұғалімдердің, әсіресс орта жөне жоғары сынып мұғалімдерінің іс- әрекетін өзге мұғалімдердің іс-әрекетімен сәйкестендірмесе, оқушы-лардың білімін бағалау, мектеп жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай талап болмаса онда ол табысқа жеткізбейді. Мұғалімдердің біртүтастығы олардың құндылық бағдар-лары мен сенімдерінен көрінеді, дегенмен бұл жағдай педагогикалық технологияның бірсарындылығын білдірмейді. Балаға деген махаббат, оны оқытуға деген ынта, оқушы тұлғасына деген құрмет педагогикалық шығармашылық, оптимизм, жалпы және косіптік мәдениет мұғалімдердің іс-әрекетінің біртүтастығын материалдық негізін қүрайды.
Педагогикалық ұжым өмірінің еркешеліктерінің қатарында белгілі бір педагогикалық еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауын атауға болады. Бұл жағдай мұғалімнің шамадан тыс жұмыс бастылығына, рухани дүниесін байытьш, кәсіптік дамуын арттыруға уақыт таба алмауына себеп болады. Бақылау нәтижелері көрсеткендей соңғы жылдары материалдық жағдайға, уақыт жетіспеуіне байланысты мұғалімдірдің баспасөзге жазылуы, түрлі әдебиеттер сатып алуы, олардың кино-театрлар, мүражайлар мен көрмелерге қатысуы күрт төмендеп кетті.
Педагогакалық ұжымға тән өзіндік ерекшеліктердің бірі оның құрамында әйелдердің басым болуы десек, бұл жағдай ұжымдағы өзара қатыстық сипатына ықпал жасайды. Әйелдер ұжымы еркектер басым болып кететін ұйымдарға қарағанда тез әсерленгіш, квңіл күйі жиі алмасады, барынша дау-жанжалға бейім. Дей түрғанмен, әйелдер жаратылысынан тәрбие ісіне бейім, педагогикалык ықпал жасаудың әдістері мен.тәсілдерін таңдауда барынша икемді екендігін де есте ұстау керек.
Педагогикалық ұжымдарда әйелдердің басым болуы — жаңа проблема емес. Ол проблема материалдық сипаттағы себептерге байланысты педагогикалық ұжымдардан еркектердің басқа табысты салаларға көптеп ауысуына байланысты шиеленісе түсті. В. А. Сухомлинский, А. А. Захаренко сияқты педагогтар мектебінің төжірибесі педагогикалық ұжымда, әр жыныстың қажетті өкілеттілігінің болуы педагогикалық ұжымның үйлесім-ділігін, педагогикалық процестің біртұтастығын қамтама-сыз ететіндігін көрсетеді.
Бұл проблема соңғы кезде өкесіз отбасылар көбеюіне байланысты маңызды бола түсуде. Дегенмен, педагогикалық ұжымдағы еркек пен әйелдердің барынша орнықты арақатынасын айқындау өте қиын. Ол әрбір нақты жағдайда өзінше шешім табуы тиіс. Бірақ қалай болғанда да мектептегі еркектердің жетіспеушілігіт оке, ата-аналарды, өндірістік ұжым мүшелерін сабақтаи тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарына тарту арқылы толықтыру қажет.
Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы
Ұжым психологиясы жөніндегі зерттеулер /А. И. Донцов, А. Н. Лутошкин, А. В. Петровский, А. Л. Свентицкий және т.б./ ұжымның құрылымы туралы тиянақты мағлүмат береді. Соның ішінде ұжымға әлеуметтік-психологиялық талдау жасағанда, оның ұйымдық құрылымы ресми және бейресми болып бөлшетгіндігін аңғарамыз. Бұл жағдайда құрылым ретінде ұжым мүшелерінің салыстырмалы түрде біршама тұрақты өзара қатынасын атауға болады.
Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерінің міндеттері мен құқықтары, еңбек бөлінісінің ресми реттелуіне байланысты. Ресми құрылымның шеңберінде әрбір адам кәсіптік қызметті атқаруда белгілі тәртіп, ережелер негізінде еңбек ұжымының өзге мүшелерімен әрекеттеседі. Бір сыныпта жұмыс істейтін мғалімдер білім
стандарттарын, оқу бағдарламаларын, сабақ кестесін, кесіптік этика нормаларын басшылыққа алады. Әрбір мұғалім мектеп басшыларымен, әріптестерімен іскерлік қатынаста болады. Ал, мұғалім мен мектеп басшылары-ның арақатынасы қызметтік нүсқаулар жөне өнімдерімен реттеледі.
Ұжымның қалыпты істеуі, оның ресми құрылымы бірқатар жағдайларға байланысты. Мұғалімдердің ұжымдық өзара ықпалдастығы ресми құрылым шегінде бірлескен жұмысты ұйымдастыру деңгейімен, өрекеттерді үйлестіру, түрлі шүғыл жұмыс кестелерінің, оқу-тәрбие процесінің барысы мен нәтижелерін тексеру жүйесінің болуымен, қоғамдық міндеттер мен тапсырмалардың теңцей бөлінуімен айқындалады.
Педагогикальщ ұжымның бсйресми құрылымы ұжым мүшелерінің алдын ала белгіленген міндеттерінен тыс нақты іс-әрекет негізінде қальштасады. Ұжымның бейресми құрылымы оның мүшелері арасындағы қалыптасқан қатынастар жүйесінен түрады. Ондай қатынастар жек көру мен үнату, құрметтеу, махаббат, сенім немесе сенімсіздік, ынтымақтасу, бірлесе жұмыс істеуді қалау немесе қаламау сезімдері негізінде қалыптасады. Бұндай құрылым ұжымның ішкі, көбіне жасырын, көзгс көрінбейтін жағдайын танытады.
Жас мұғалім педагогикалық қызмет процесінде қиындыққа кездескенде ресми ұйымдық құрылымға сәйкес мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына, сонымен бірге қажет деп тапса білікті, тәжірибелі маман ретінде басқа мұғалімнен көмек сұрайды.
Ал мұғалімдер арасындағы бейресми байланыстар түрлі себептерден туывдайды. Бір жағдайларда бұл араласу, достық, махаббат сияқты әлеуметтік қажеттіліктен туындаса, келесі жағдайда тәжірибелі жолдасынан кәсіптік көмек, қолдау алуға байланысты, үшінші жағдайда — жаңа, қызықты ақпарат алуға байланысты, төртінші жағдайда өзгелерді өзіне бағындыруға ұмтылған эгоистік себептерден туындайды. Ұжымдағы бейресми қатынастардың пайда болуының мынадай белгілерін бөліп айтуға болады: достық, жолдастық топтардың құрылуы, бейресми пікірдің қалыптасуы, бейресми басшылардың шығуы, жаңа қүядылық бағдарлардың нығаюы және т.б.
Ұжымның ұйымдық құрылымының дамуына бір-қатар факторлар ықпал етеді. Педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, осындай ықпал етуші факторларды қарастырып көрейік.
Ол ең алдымен мұғалімдер ұжымы шешетін кәсіптік-педагогикальщ міндеттердің сипаты. Педагогикалық процестің түтастығы, оқыту мен тәрбиелік ажырамас байланысы мұғалімдер, сынып жетекшілері, ата-ана мен жүртшылық өкілдерінің әрекетін біріктіреді. Дегенмен, әр мұғалім өзінің нақты қызметін атқарғанымен ол өз ерекетін педагогикалық процестің басқа да қатысушылары — мұғалімдер, оқушылар, мектеп өкімшілігімеч келісе отырып жүргізеді.
Мектептегі, сыныптағы істің жағдайы туралы дер кезіндс алынған объективті ақпарат ұжымның ұйымдық құрылымын нығайтып, ұжым мүшелерін біріктіре түседі. Психологиялық зерттеулер /А. И. Донцов, Р. X. Шакуров/ ұжымның топтасуының қажетті шарты мақсат бірлігі екендігін дөлелдейді.
Ұжымдық құрылым белгілі дәрежеде педагогикальщ ұжым мүшелерінің әлсуметтік-демографиялъщ, дербестік-психологияльщ ерекшеліктеріне тәуелді тығыз іскерлік, тұлғааралық қатынастардың қолайлы негізі ұжымның жасына, біліміне, біліктілік деңгейіне, кәсіптік құндылықтары сияқты белгілері бойынша біртектілік екендігі даусыз.
Бұндай ұжымдар топтасу, ұйымдасудың жоғары Деңгейімен ерекшеленеді. Дегенмен педагогикалық ұжымдар өзінің құрамы жағынан барынша әртекті болып келеді: оның құрамына біліктілік деңгейі әртүрлі жыныс өкілдерінен тұратын жас және тәжірибелі мұғалімдер енеді. Бүның барлығы әртүрлі бағыттағы бейресми топтардың құрылуына негіз қалайды. Мектеп басшылары педаго-ғикалық ұжымды ұйымдастырғанда және басқарғайда бұл жағдайды ескеруі тиіс.
Өзара қатынастың педагогикалық ұжымның тұрақтылығына ықпал екі жақты сипат алады. Бір жағынан ұжымішілік қатынас, ұжымның тұрақтылығын білдірсе, екінші жағынан педагогикалық ұжымдағы тұрақтылық педагогтардың өзара қатынасының сипатын айқындайды.
Ұжымның ұйымдық құрылымы ұжым мүшелерінің мүддесін, қажеггілігін, қавшальщты қанағаттаңдыруна да байланысты. Қанағаттану деңгейін анықтайтын бұндай факторлардың қатарында ұжымның беделі, достарының болуы, осы ұжымдағы өз еңбегінің мәнін сезіне білу, моральдық-психологиялық ахуал, ұжымның дәстүрлерін айтуға болады.
Ұжымньщ ұйымдық құрылымының сипатын айқындауды оның көлемі де елеулі етеді. Психологияда шағын ұжымдардың мүшелері арасында байланыс біршама тұрақты, берік болып келетіндігі дәлелденген. Ұжым үлкейген сайын ұжым мүшелерінің арасындағы қатынас ресми сипат ала береді. 30 адамнан асатын педагогикалық ұжымда мүдде, қызығушылық ортақтьиы, бірге демалу сияқты түрлі себептермен бейресми топтар, бірлестіктер пайда бола бастайды.
Педагогикалық ұжым мүшелерінің саны оны басқарудың сипатын айқындайды. Шағын ұжымдарда педагогтар бірін-бірі жақсы біледі, бірақ бұндай ұжымдарда араласу, бірін-бірі рухани байыту мүмкіндігі барынша шекгеулі. Ал үлкен ұжымдарда өзара қатынастың күрделі құрылымы қалыптасады, олар барынша қунақы, кейде тіпті үрыс-жанжалға бейім, бірақ осындай ұжым-дарда жарқын, ешкімге үқсамайтын тұлғалардың танылуы мүмкіндігі де үлкен.
Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтпік-психологиялыц климат
Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялык, климат-пен айқындалады. "Психологиялық климат", "әлеуметтік-психологиялық климат" немесе "микроклимат" үғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Географиялық климат сияқты мамыражай әлеуметтік-психологиялық климат адамның осындай климаттағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық және кәсіптік қатынас-тарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді. Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмүндық сипатын адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық климатты сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен, жьшы шырайлылықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектікпен ерекшеленеді. Сондықтан да А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді /мажырлы/ екпінге баса мән берген.
Әлеуметтік-психолоғиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-өрекет пен өзара катынас процесінің силатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялык жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мьгаадай негізгі қызметтерін атауға болады. Педагогикалық ұжымның елеуметтк-психологиялық климатының топтастырушылык қызметі ұжым мүше-лерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады. Ынталан-дырушылык кызметі педагогикалық әрекетгің қолдануына қажетті ұжымның "эмоциалдық күш-қуатын" қалышастыруға байланысты. Тұрақтандырушылық қызметіұжым ішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды.
Реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің төртібіне баға беруде керінеді.
Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипатгамасына баса мән беріледі.
Ондай сипаттамаларға мыналар жатады:
ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен нәтижесіне қанағаттануы;
ресми жөне бейресми жетекшілердің беделщ мойындауы;
ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй;
ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-езі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі;
ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшыл-дығы;
сапалы тәртіп;
еңбектің өнімділігі;
кадрлардың тұрақтылығы.
Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың бұл белгілерін педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады.
Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. Өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш табады. Ал немқұрайдылық, селқостык нсмесе қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжыргасы түсіп, қағажау көреді, бұл жағдай оның көсілтік қызмстінің існдеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа ұжымға ауысуына апарьш соғады.
Кең квлемдегі кәсіптік-педагогикалық міндеттерін аткара жүріп мұғалім өзін және еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді. Педагогтар әсіресе беделді адамдар тарапынан, соның ішінде басшылар мен ата-аналар тарапынан берілғен бағаны түсінуте бейім. Жағымды баға педагоггы ынталандырады. Жағымсыз бага өзінің қызметін, кәсіптік позициясын. өзгелсрмен қарым-қатынасын қайта қараута негіз бплады. Сондықтан педагогикалық ұжымдағы қатынас өзара сынастық, принцииті, талапшыл және тілеулестік сипатта болуды талап етеді.
Әлеуметтік-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының механизмі еліктеуден - өзге адамдардың сезімін, ойларын тікелей қолдану, пайдаланудан тұрады. Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер өз әріптестерінің эмоциялық жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса, екіншілері оньщ психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі, ықыласымен сәйкес келетін, келмейтіндігін салыстыруға бсйім. Үзақ уақыт бірлесе қызмет жасау, мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін едәуір жеделдетеді. Өз өріптесінің сезімдік-психологиялық көңіл-күйін танып, оны түсіне алған педагог қалыптасқан жағдайдан шығудътң оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді.
Өзара әрекеттестіктен екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа ықпалынан түрады. Обал, сауапты білетін, принципті, іске жауапкершілікпен қарайтын, төртіпті, кепшіл, қайырымды, әдепті педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал керісінше, тоғышар, әдепсіз, тәртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды.
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік және мінездерінің жігерлілік елгілеріне тәуелді болып келеді. Жекелеген педагоггардың танымдық белсенділігі, өнер тапқыштығы ұжымды инновациялық қызметті дамытып, жаңа технологиялар іздестіруге үмтылады. Жігерлі педагог-жетекші соңынан өзгелерді ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы, сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырылса, одда табысқа жсту қиын емес.
Жеке адамның ұжымға және оның әлеуметтік-психологаялық климатына ықпал жасайтын негізгі әдістері — кезін жеткізу, сеңдіру, жске үлгі көрееіу. Көзіыжеткізу адамдардың бағасын, пікіріи, қалыптасқаи мінез-құқық нормалары мен ережелерін нақты адамнын - көз жеткізетін тұлғаның түсінігіне сәйкес өзгертуге бағытталады. Осы жағдайда көз жеткізуші факторлардың қуатын, қисыымен дәлелді пайдаланыя, тек ақыл-ойға ғаня емес, әңгімелесушінің сезіміне де әсер етеді. Сенліру процесінде бір адамның екінші адамға немесе түтас ұжыміа әсері ырықты немесе ырыксыз түрде іске асады, Сснтірудің көмегімен ііедагогикалық ұжымда көңіл-күй қальштасыя, мдеялар, педагогикалык құндылықтар эрнығіды. Үжнмдағы жағымды әлеуметтік-психологиялык климаттың қалып-тасуынз жеке тұлғаның жасайтын ыкдалыііьщ тиімді әдісі жеке үлгі көрсету болъш табылады, Ол үлгі адамішң ез еңбегіне, әрштествріне. ұжымдык пікірге қатынасы болуы мүмкін. Үлгі барлық кезде де нақты, ол ирекет пен мінез-қүлықтың үлгісін береді, көңілдегі мен өмірдегіні салыстыруға мүмкіңцік береді.
Педагогикалыц ұжымдагы келіспеушілік
Жағымдн лсихологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардын катарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе "климаттык ауытқуды" атауға болады. Әлеуметтік-психологиялык келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын карама-қайшыльщтын шиелешсіл кетуі ретіндв қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен қүралдары туралы әртүрлі пікірде болады.
Келіспеуиііліктер әртүрлі себептердің саддары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралык келіспеу-шіліктер бірлескен педагогикалық әреқет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына бапланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар арасыңдағы іскерлік сипаттаіғы байланыс болуы мүмкін.
Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеу-шіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ - кесіптік-педагогикалық әрекетті максатқа жетуге крдергі келтіретін, іскерлік бай/ганыстардың бүзылуынан іуындайтын кәсіптік келісігеушіліктер. Бұндай келіспеу-шіліктер жұмыстағы ынтасьтздықтан, мүгалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен тур-тндайды. Екінші топ - дедагог мінез-құлқының өзара қатынас нормііьіна сай келмеуіне, сол сияқты мінез-қүлық псн іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің оір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестеріне жене оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, көсіптік этика нормаларының бүзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді. Үшінші топ — педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық түрақсыздығы, шамадан тыс өкпешіддігі сияқты сапалар қүрайды.
Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттер-ДІҢ бірізділігінен түрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шсічімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін шешу. Келіспеушілікті алтын алу кезінде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы карамауы ткіс, сондықтан ол ксліспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қальштасқан жағдайды бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан дайывдауы тиіс.
Егер келіспеушілікті бастапқы кезеңінде келістіру мүмкін болмаса, онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы жасалуы керек. Оны мектеп директоры немесе оның орынбасарлары іске асырады, қажет болған жағдайда ұжымдық шешім қабылданады. Ол бойынша келіспеуші ұжым мүшслеріне біршама уақыт бір-бірімен араласпау немесе ол араласуды чгектеу туралы шарт қойылуы мүмкін. Кәсштік келіспешшіліктер енбек жағдайын, оқу-тәрбие процесін өзгерту, .мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы реттеледі. Ая тұлғальтк сәйкессіздіктен туындаіан келіспеушілікті жою күрделі сииаг алады. Бұндай жағдайда басшы келіспеуші жақтарға өзге де пікірлердін өмір сүруін мойындататындай шеяіім қабылдайды.
3. Отбасы — ерекше пгдагоеикалық жүйе
Социология ғылымы отбасын түтас қоғамдық организмнің бөлігі, әлеуметтік тәрбие беретін ұжым ретіяде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық салада орын алған өзгерістерді міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Бірақ, ендірістк кәсіптік, саяси ұжымдарға қарағанда отбасына қайта құру тікелей әсер ете бермейді. Отбасының моральдық, психологиялық жаңаруы барынша созылмаль, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да отбасывда жаңа қатынастар, жаңа моральдық орнығуы экономикалык салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені, отбасындағы қайта құруларға негізгі әлеуметтік, экономикалык факторлар мен бірге биологиялық, психологиялық және демография-лық факторлар да қатысады. Отбасын "болжамдаудың" қиындығы осындай себептерге байланысты.
Отбасылық өмір байланыстарын жан-жақтылығымен сипатталады. Олар - әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық-экономикалық, адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңцері зның бір қызметінің жойылып, екінші қызметінің қалыптасуымен және отбасы мүшелерінің әлеуметтік қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Сһбасы қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:
ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
білім, дағды, шеберлік, рухани құндылықтарды ісейінгі ұрпаққа жеткізегін тәрбиелік қызмет;
өндірістік — шаруашылық кызметі;
отбасының жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;
Отбасының адамга қатысты қызметі мыналар;
Жұбайлық қызметі. Жұбайлар ең жақын адамдар.
Ата-аналық қызметі- отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді;
Тұрмысты ұйымдастыру қызметі. Отбасы тұрмысы психологиялық түрғыдан алғавда ең жайлы тұрмыс болып есептеледі.
Отбасының қызметін, оның көп түрлілігі мен байланыстарын ескере отырып, қазіргі отбасы дамуының бағыттары мен бірқатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу жөне ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іскс асыруына көмектеседі.
Ауылдық және қалалык отбасы дамуындағы ерекшелік олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан бұндай әлеуметгік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі болады. Ал қалаларда, әсіресе үлкен қалаларда бұндай бақылауға мүлде орын жоқ.
Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне білімі төмен аталар мен әжелерге жүктеледі. Кейде бір отбасында ата мен әженің және жас ата-аналардың тәрбие жүйесі қақгығысып қалады. Отбасы тәрбиесіне ден қойған мұғалім бұл жағдайды естен шығармауы тиіс.
Қоғамда жүріп жатқан түрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жа*дайы әртүрлі ата-аналардың қарым-қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50% жүмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көрсоқырлық тойынғандық (щамадан тыс еркелету, коңілін жықпау, мейманасы тасығандық) жағдайда алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге, өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, немкетгі қатынас. Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасынан торығупшлағ, қавдыбастар, "қызыкты" әсерді іздеушілер өсіпшығады.
Қазіргі кезде отбасының "уақталу" процесі жүруде. Ол дегеніміз — жас ата-аналардан түратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қалыптастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегенмен жас отбасьінда алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі, бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, оларды шешу қоғамның құзырында.
Отбасы мүшелерінің кемуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының срекшелігін қүрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан жэне өте күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығы; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмсу; бала тәрбиесіне шығынның көп жүмсалуы; әйел-ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз түрғын үйі; тұрмыстықжағдайы; ата-аналардың "өзі үшін өмір сүруге" үмтылған тоғышарлық үмтылысы және т.б. Бала туудың азаюы — шағын отбасындағы тәрбие әдісгерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.
Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатгалады. Ажырасудың 90 пайызы тұрмыс қолай-сыздығы мен дайыңдықеыздык^ың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, ейткені кей жағдайда ажырасу баланың лсихикасына теріс әсср стетін үрыс-жанжал, отбасылық кикілжіңнің алдин алады.
Бір бадааы отбасының әлеуметтік -педагогикалыц проблемалары
Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады. Бұндай отбасыларда ага, опке сияқты тәлімгер іні, қаршідас сияқты қамқррлығьгаа алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынасгар аясын мүддем тарылта түссді. Осындай жағдайда баланың қызыгу-шылығы мен қажетгілігін қамтамасыз студе ата-ананың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сыншггагы кезінсн оныңбойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттсрдің қалыптасқандығын аңгарамыз.
Кейінгі ксздс немере, шөбсре туыстарды айтпаған-ның өзіцдс бірге туган бауырлардың да туыстық қатынас-ошқындай бастағандығы аңғарылады. Көп балалы отбасйның балаларй ауылда; мектепте, ұжымда, қатар қүрбылары арасында тез сіңісіп' кетеді, өйткені олар отбасында бір-біріне қамқорлық, құрмет жасауды көріп өседі. Ал бір баламен шектелген отбасылардың бүқаралық сипат алуы балалар арасында жатырқау, тасбауырлық сезімдердің нығая түсуіне негіз қалайды.
4. Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялың-педагогикалыц негіздері
Мұғалімнің оқушылардың ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бүрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогакалық ерекшеліктеріне тоқталған орывды.
Бірінші ереже, Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жүртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік, көсемдік сөз саптауы өкпе, реніш, ыңғайсыздыққа негіз болады. "Міндеті", "қажетті" деген үзілді-кесідді сөздерден соң ата-ананын ақыл кеңес сүрауға деген ынтасы жоғалады. Ата- аналардың көпшілігі өз міндеттерін жап-жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкің. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керектілігін білу де маңызды. Мұғалім мен ата-ананың арасындағы бірден-бір дүрыс норма - ол бірін-бірі құрметтеу. Осындай жағдайда бала тәрбиесін қадағалау, тәжірибе алмасу, ақыл-кеңес, бірлесе шешім қабылдау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Бүндай қатынастың маңыздылығы сол - мұғалім мен ата-аналарда жеке жауапкершілік, азаматтық парыз, өзіне деген талап-шылдық дамып нығаятын болады.
Ата-аналардың жұмыс орнына "Үлгерім экраны", "Ашық журнал" сияқты тәрбие құралдарын ілу нәтиже бермейді. "Қара тізімге" ілінгең әкелер мен аналар ондай форманың тиімсіздігін айтады. Өйткені, сол арқылы олардың балаға көңілі толмауы оны жазалауға, мектепке деген теріс көзқарастың қалыптасуына алып барады. Балалары туралы жағымсыз әңгіме естіген ата-ана мекгептің маңайын көргісі келмейді. Көп жағдайда осы негізде әке мен шешенің ара қатынасы бүзылады. Осының бөрі түптің-түбінде баланың мұғалімді, мектепті жек көруіне үласады. Мұғалім, сыньш жетекшісі осы жағдайларды ескеріп, жұмыс әдістері мен түрлерін тандағанда баланың көз алдында ата-аналардың беделін кетеру жоне нығайтуды басшылыққа алуы тиіс.
Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдауға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, жоғары білімі жоқ ата-аналардың өзі бала тәрбиесіне терең түсіністікпен және жауапкершілікпен қарайды.
Үшінші ереже. Отбасының еміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық өдеп. Сынып жетекшсісі-ресми тұлға. Ол өз қызметі аясында кеп жағдайда қаласа да қаламаса да отбасының езгелерден "жасыратын" қүпия сырларына куә болуы мүмкін. Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бетен емес, қайта ата-аналар одан көмек күтіп сеніп сыр айтады, ақылдасады. Соыдықтан отбасы қандай болса да, ата-аналар қандай тәрбиеші болса да мұғалім барынша өдепті болуы тиіс. Ол отбасы туралы барлық білімін ата-аналардың тәрбие ісіне кемектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға жұмсауы керек.
Төртінші ереже. Тәрбие мөселелерін шешуге әмірге қүштар, көтеріңкі көңіл күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену. Тәрбиеленушінің мінезін қалыптастыру қиындықсыз, қайшылықсыз және оқыс оқиғасыз іске аспайды. Егер осының бәрі даму завдылығы түрінде қабылданса (бала мінезінің түрақсыздығы, соқтықпалы сипаты т.б.) онда қиындық, қайшылық және күтпеген нәтиже педагогты әбіржітпеуі тиіс. Қалыптасқан педагогикалық міндетті шешудің овдаған тәсілдері болғанымен солардың біреуі ғана нақты жағдайға толық нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан педагогика ғылымына дайын тәрбиелік рецент беретін анықтама деп емес, тұлғаға тиімді ықпал жасайтын жалпы заңдылықтар туралы ғылым деп қарау қажет.
Ата-аналармен, оқушы отбасымен байланыс орнату мұғалімнің ең басты мівдеті. Ондай байланыс орнатудың бір формасы оқушы отбасында болу. Бұл форма мұғалімдер мен ата-аналарға өте жақсы таныс болғаңдықтан оның екі кезеңіне ғана тоқталу қажет сияқты.
Отбасында болу, шақыру арқылы іске асқаны жөн. Статистйкалық моліметтер бойынша балалардың 80 пайыздан астамы әкесі де, шешесі де жұмыс істейтін отбасыларда тәрбиеленеді. Демек кез келген уақыт мұғалім үшін қолайлы бола бермейді. Мұғалімнің кенеттен үйге келуі ата-аналарды жұмыстан қалдыруь;, күн тәртібін бұзуы, алавдатуы мүмкін. Шақыру бойынша отбасында болу ата-ананы да, мұғалмді де қолайсыздықтан құтқарады.
Отбасында болуға мұғалім дайындалуы тиіс. Ол дайындық шөкіртінің ең жағымды, қызықты құндылықтарын айқындау болуы тиіс. Дегенмен ол құндылықтардың өзі мұғалім санасында қорытылып, психологиялық және педагогикалық тұрғыдан сенімді шығуы керек.
Отбасымен, ата-аналармен байланыс орнату отбасы тәрбиесін насихаттауға ықпал жасайды. Бұл мәселелерде ата-аналар мен мұғалімдерге "Семья и школа", "Воспитание школьников", "Бастауыш мектеп", "Ақжелкен" журналдары мен "Үлан" газеті сияқты басылымдарда жарияланған материалдар көмек жасайды. Дей тұрғанымен сынып жетекшісінің жанды сөзін ата-аналар құлақ қойып тыңдайды. Оның өз атына айтылған мақтау сездерімен бірге тәрбие міңдеттерін шешу туралы ақыл - кеңестерін тыңдау ата-аналарға қуаныш сыйлайды.
Ата-аналар мен сынып жетекшісінің байланыс жасауының бір түрі ата-аналардың педагогикалық тапсырмаларды орындауы болмақ. Ондай педагогикалық тапсырмалардың бірнеше түрін атауға болады.
Тапсырманың бірінші түрі — Белсенді тәрбиелік позиция, балалармен тікелей жұмыс жасаудан туындайды. Олар: қызығушылықтар бойынша қүрылған үйірмелерге жетекшілік жасау, дербес қамқорлыққа алу, тәлімгерлік ;кәне т.б.
Тапсырманың келесі түрі — мұғалімге, тәрбиешіге ұйымдастырушылық көмек көрсетуден туындайды. Олар: саяхат ұйымдастыруға ықпал жасау, қызықты адамдармен кездесулер ұйымдастыру, сынып кітапханасын жабдықтау, кітапқүмар клубын ұйымдастыру.
Ендігі тапсырмалар мекгептің материаддық базасын дамыту және нығайтуға қатысудан туындайды. Олар — кабинетті безендіру, қүралдар, приборлар дайындау, мектепті көгалдандыру, жәндеу жұмыстарына қатысу.
Бұл аталғаңдар қоғамдық жұмыстар мен тапсырмалардың бір белігі ғана. Қоғамдық жұмысқа тартуда ата-аналардың немен айналысқысы келетшдігін анықтау үшін сынып жиналысында олардың өз ұсыныстарын жазбаша беруін етінуден бастау дүркс болады.
5. Мұғалім, сынып жетекшісінің оқушы ата-аналармги оқымыс істеу формалары мен әдістері
Мектептің отбасыларымен жүргізетін барлық жұмыстары ұжымдық және дербес болып негізгі екі топқа бөлінеді.
Ұжымдық жұмыс формаларын мыналар құрайды.
Педаготкалық лекторийлер ата-аналардың назарын белсенді тербиелік мәселелерге аударуды мақсат түтады. Жұмыстың бұл формасы ата-аналарды тәрбие теорияларын жүйелі білімдерімен қаруландыруға бағытталынады.
Сынып бойынша педагогикальщ білім беру деп аталатын жұмыс формасын 1—11 сыныптан бастап қолға алу қажет. Өйткені педагогакалык ағарту жұмысын осы кезден бастау тиімді. Оның алғашқы сабағын мектеп директоры немесе орыкбасарлары бастап бергені жөн. Педагогикалық білім беруде параллель-сыныптардың ата-аналарын біріктіруге болады.
Көптеген мектептерде педагогикалық білім университеттерітабысты жұмыс істейді. Білім берудің бұл формасы лекциялық курстан және семинар сабақтарынан түрады. Бұндай күрделі жұмыс формасына барлық ата-аналар аудиториясы дайын болмауы мүмкін. Сондықтан да бұл жұмыс формасын аса сақтықпен практихаға енгізу керек.
Мектептерде ата-аналардың тәрбие проблемаларына арналған жылдьщ қорытынды ғылыми-практикальщ конференцияларын өткізу дәстүрге айналған. Конференцияға "Балаларды еңбекке тәрбиелеу", "Жақсылыққа апарар ең тәте жол — имандылық арқылы" және т.б. тақырыптар таңдап алынып, мектептс ол проблема жыл бойы теориялық және практикалық қырынан зерттеледі. Осындай жағдайда ғана конференция өз атына лайық қорытынды болып шығады.
Ашып есік күндері немесе ата-аналар күні үлкен дайындықты қажет етеді. Әдетте оны тоқсанның басында, немесе каникул күвдерінде өткізген тиімді. Бұл күнге мектеп арнайы тақырыпқа сай безендіріледі, кезекшілік ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама түзіледі. Мерекенің құрылымын мына үлгіде түзуге болады.
Мәжіліс залында ата-аналар үшін 1-11 сыныи оқушыларының концертін ұйымдастыру. Концертте үздік өнер көрсеткен сыныпты, жекелеген оқушыны атап өтуге болады.
Сыньштардағы кездесулер. Оқупіылар бұл жайында ата-аналарына қалай оқып, қалай жүріп тұратындығын айтады, үйренген дағдылары мен шеберліктерін көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушылары кәдесыйлар дайындап ата аналарға тарту етеді;
"Үздік суреттер", "Үздік қолөнер шебері", "Фото мерген", "Өнертапқыштар мен конструкторлар" және т.б. көрмелерге қатысу;
Спорт зал, спорт алаңында ата-аналар комитетіңің жүлдесіне жарыстар ұйымдастыру;
Мәжіліс залында көркем фильмдер көруді ұйымдастыру. Ата-аналарға арңалған "Менің атым Қожа", "Алты жасар Алпамыс", "Көксерек" және т.б. фильмдерді ұсынуға болады.
Мерекені ұйымдастырудың нұсқалары көп болуы мүмкін, ең бастысы оларды ұйымдастырғаңца ата-аналар-дың назарьш мектепке, тәрбие жұмыстарьша аудару болуы керек.
Сынып ата-аналарының жиналысы — дәстүрлі жұмыс формасы болғанымен оны өткізудің әдістемесі жетілдіруді қажет етеді. Сынып жиналысын ұйымдастыруда, оның проблемалық тақырыбын айқымдап алудың маңызы зор. Мысалы "Балаларды тәрбиелеуге қиындықпен бетпе-бет келу көмектеседі ме әлде одан жалтару кемектеседі ме?" деген тақырыпты таңдап алған соң, оны өткізуге дайындауда ата-аналармен алдын ала сұрақ-жауап өткізуге болады.
Ол сұрақтар мынадай болуы мүмкін.
1. Сіздің мінезіңізді, ерік күшіңізді өміріңізде кездескен қандай қиывдықтар шынықтырды деп ойлайсыз?
2. Балаңыздың қиындыққа тап болған кездегі (сөз, іс-әрекет, сезім мен көңіл-күй) ахуалын еске түсіріп, сипаттап беріңіз.
3. Сіздің балаңыз қиындықтардың қандайын жеңіп, қандайына шамасы жетпейді?
Осы мазмұндағы сұрақтар ата-ананың ойын жинақтап, тәрбие мәселесіне терең мән беруіне көмектеседі.
Дербес жұмыс формалары ата-аналармен жұмыс жүргізуде маңызды рөл атқарады.
Педагогикалық консультация - дербес жұмыстың кең тараған формасы. Өкінішке орай балалары сыныптан-сыныпқа көшкен саймн ата-аналардың белсендігі төмен-дей береді. Консультацияның негізі - ата-аналардың сүрақтарына жауап беру. Педагөғикалық - психологиялық түрғыдан алып қарағанда консультация ата-ананың бастамасына мұғалімнің қалауы, отбаеьша көмек көрсетуге дайын болу, ата-аналарды мазалаған сүрақтарға нақты ақыл — кеңес беру сипатында болуы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер
1. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А.М. – Алматы: Дарын, -2004. -448 бет.
2. Сапарғалиев Г. Оқушыларға праволық тәрбие беру туралы. -А., 1988.
3. Смайылова М. Тәрбие жүмысын жоспарлау туралы. //Қазақстан мектебі, №10, 1988. 29-30 бетгер.
4. Степаненков Н. О планировании работы классного руководителя. -Минск, 1978.
5. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. - Алматы, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі баспаханасы, 1992.
Достарыңызбен бөлісу: |