Реферат Пән бойынша: Қолданбалы бизнес Тақырыбы: б изнес жүйесіндегі маркетинг Оқу семестірі: 3



бет2/2
Дата22.12.2023
өлшемі35,47 Kb.
#198390
түріРеферат
1   2
Байланысты:
бизнес жүйесіндегі маркетинг

Қортынды
Осы мәселе бойынша көптеген ғалымдар өз ойларын, өз еңбектерін арнаған. Олардың зерттеулері бойынша жалпы маркетингтің фирмалардағы және кәсіпорындардағы маңызы туралы сөз қозғады. 1. Өндіріс жүйесі басқару жүйесінсіз тіршілік ете алмайды, ал басқару жүйесі бірімен-бірі байланысты екі бөлімнен тұрады: басқарушы ішкі жүйе немесе басқару объектісі, яғни өндірістің өзі. Сондықтан өндірістік жүйенің тыныс - тіршілігін басқару мынадай жалпы функцияларды құрайды: жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және реттеу, есептеу және талдау. Ал, маркетинг болса, кәсіпорынды бірімен-бірі ажырағысыз екі негізгі бағытына жетуге бағыттайды: өндіріс істерінің ең жоғарғы кірісіне және тұтынушылар тобының қажеттіктерін неғұрлым артық қанағаттандыруға жету. 2. Фирманы басқарудың мынадай маркетингтік қағидалары бар: 1) өндірісті жетілдіру қағидасы; 2) тауарды жетілдіру қағидасы; 3) коммерциялық қимылдарды интенсивтендіру қағидасы, яғни өткізу қағидасы; 3) әлеуметтік пиғылды маркетингтік қағида; Маркетингті қағидалы басқару деп қарасақ, оны үрдіс ретінде түсінуіміз керек, яғни маркетинг үрдісі - тұтынушылардың талабына және нарықтың мүмкіндігіне сәйкес өнімдерді жобалап, жасап және өткізудің іс қимылдары мен мезгіл межелерінің реттелген жиынтығы. Осыдан маркетингті басқару - нақты мақсаттарға жету үшін айырбас аймағында (рынокта) шаралар талдау, жоспарлау және іске асыру. Бірақ фирманың тауарларына сұраным болмаса, ол ешқандай мақсатына жете алмайды, осы себепті маркетингті басқаруды сұранымда басқару деп білу керек. 4. Маркетингтің даму мезгілдеріне байланысты, оның бес түрін білу керек: сараланбаған, сараланған, шоғырланған, жиынды және өзара байланыста.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Алтынбаев Б.А, Истаев А.А. 
Основы маркетинга/Учебное пособие-А.,Экономика,2002
2. Есімжанова С.Р., Маркетинг/оқу құралы.- А.:Экономика, 2003
3. Жолдасбаев Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы / Оқу құралы.- А.: Экономика, 2002
4. Кнышова Е.Н., Маркетинг: Учебное пособие.- М.: Форум, 2004
5. Котлер Ф., Маркетинг негіздері, А.: «Жазушы»,2002
6. Маслова Т.Д., Божук С.Г., Ковашн Л.Н., Маркетинг- СПБ: П., 2002
7. Сатыбалдыұлы С., Маркетинг- нарықтану: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық- А.: «Білім», 1999

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет