Жұқпалы аурулардың емдік тамақтануы
Жұқпалы ауруларға ем тағайындауда, сырқаттың жасы, жынысы, аурудың ауыртпалық дәрежесі, ауру кезеңі, асқынулар, алдында ауырған аурулары есепке алынады. Ауруларды емдеуде маңызды орын күтімге, толык физикалық, психикалық тыныштыққа беріледі. Аурулардың тамақатнуына үлкен көңіл бөлінеді, түрлі жұқпалы ауруларға түрлі диета тағайындалады. Тамак механикалық, химиялық тұрғыда тез сіңетін, дәрумендермен байыту үшін шырындар қосу, тамақтар суда, буда пісіріледі. Жұқпалы ауру барысында №4, №5, №13, №15 ем-дәм пайдаланылады.
№4 емдәм, диета іш өтумен байланысты, жедел ішек ауруларында пайдаланылады, ішектің жиырылуын арттыратын өнімдерден берілмейді, тағайындалады: ет сорпалары, шырышты көжелер, кисель, сілікпе, кепкен нан, ірімшік, айран, буда пісірілген ет, фрикадельки, пісірілген балык, үгітілген ботка. Сүт, табиғи кофе, тұздалған тағамдар, кондитерлік заттар. дәмдеуіштер берілмейді.
№5 емдәм, диета вирустық гепатиттерде, лептоспирозда, холестерині көп тамақтар мен тығыздалған майлар тағайындалмайды. №5 диетаға кіреді: ірімшік, айран, сүт және көкөніс көжелері, ботқалар, салаттар, компоттар, жемістер, майлы емес балық түрлері (судак, минтай), ет (коян еті, майлы емес сиыр еті, терісі алынған тауық еті) піскен түрде, кара, ак нан, шектелген мөлшерде шемішке және сары майы аз мөлшері.
№13 емдәм, диета аурудың жедел кезеңінде қалтырағанда тағайындалады (ЖРВИ, тұмау, ангина) физиологиялық нормасына сәйкес келеді, құрамында жеткілікті түрде белок, көмірсутегі, дәрімендері болады (шырындар, шөп тұнбалары, морстар, компоттар, лимон қосылған шай, көк шай және т.б.)
№15 емдәм, диета арнайы диетаны қажет етпейтін ауруларға тағайындалады. Тамақтану аз көлемде, 5-6 бөлшекті болуы керек.
Ауруханалық тәртіптер. Тәртіптің 4 түрі бар және олар жұқпалы аурудың түріне, кезеңіне және дәрежесіне байланысты тағайындалады.
Қатан төсек тәртібі сырқаттың қозғалысы шектеулі, төсектеде өзбетімен қозғалуға және жатқан бетін өзгертуге тыйым салынған, барлық кимылдар, дәрігер кеңесі, тамақтандыру аурудың төсегінде өткізіледі.
Төсек тәртібі - сырқат төсекте қозғалады, басын көтеріп отырады, барлық қимылдар мен тамақтандыру төсекте жүргізіледі.
Жартылай төсек тәртібі сырқат күніне 3-4 рет дәретханаға және тамақтануға тұра алады, көпшілік жағдайда төсекте жатады.
Жалпы тәртіп. Бұл ретте сыркат өзінің жағдайына байланысты отырады, жүреді, жатады.
Аурудың тәртіпті немесе диетаны бұзуы, асқынуларға әкеліп соғады (іш сүзегі, бөртпе сүзегі), мейіргерлер сырқаттардың тәртіп сақтауын, жамбас ойылып қалмау мақсатында, ұзақ уақыт бір жағдайда жатқызбау керектігін бақылауға алады. Этиотропты терапия жұқпалы ауруларды емдеуде алдыңғы орында, коздырғышка әсерететін препараттар тағайындалады
Достарыңызбен бөлісу: |