Реферат пән: Мейіргерлік істегі жұқпалы ауру Студенттің аты жөні: Сағидоллаева Аяжан


Тақырыбы: Зооноздық инфекциялардың алдын алу



бет12/17
Дата22.12.2023
өлшемі101,83 Kb.
#198504
түріРеферат
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
реферат Сағидоллаева 4 сд С

Тақырыбы: Зооноздық инфекциялардың алдын алу
Зооноздар (зоо... және гр. nosos – ауру) – әр түрлі жабайыжәне үй жануарларынан жұғатын, адамдар мен жануарлардыңжұқпалы аурулары.
Зооноздар қоздырғыштарының қатарынамикроорганизмдердің көптеген түрлері – бактерияларвирустарриккетсияларсаңырауқұлақтарқарапайымдарқұрттар, паразиттік жәндіктер жатады. Зооноздарды екі топқа бөледі:
• 1) үй жануарларынан жұғатын зооноздар (сальмонеллезсарыпаусыллептоспирозмаңқамелиоидозорнитозтрихофитиямикроспориябалантидиазтоксоплазмоз, т.б.);
• 2) жабайы жануарлардан жұғатын зооноздар (обатуляремиякене энцефалитіриккетсиоз, трипаносомоз, т.б.).
Таралуы жағынан белгілі бір тұрақты аймақтармен шектелетін зооноздарды табиғи ошақтық инфекциялар деп атайды. Зооноздар қоздырғыштары эволюциялық даму барысында белгілі бір жануарлар организмінде паразиттік тіршілік етуге бейімделген. Кейбір аурулардың қоздырғыштары адамдар мен жануарлардың организмінде тұрақты айналыста болып, түр ретінде сақталуға бейімделген. Ондай қоздырғыштар ауруларын антропозооноздар немесе зооантропоноздар дейді (дене сарғаю қызбасы, африкалық және америкалық трипаносомоз, тениоидоз, описторхоз, т.б.). Зооноздар адамнан адамға сирек жағдайда жұғады (мысалы, оба ауруы кезінде), көбінесе, адамдарға жануарлардан жұғады. Жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне (мысалы, саршұнақтардың, кенелердің көктемгі-жазғы белсенділігінің күшеюі) байланысты зооноздардың маусымдық таралуы байқалады (мысалы, оба індеті, кене энцефалиті, т.б.). Қоздырғыштар сүт, сілекей, несеп, қи арқылы тарайды. Зооноздар ауырған жануарлардың өзінен немесе олардан алынған өнімдерден дайындалған азық-түліктен, ауру малдың қи-несебімен, ласталған судан, жемнен, қорадан, жайылым топырағы арқылы, сондай-ақ маса, бүрге, сона, шыбын-шіркей, кене шаққанда жұғады. Бұл ауруларға қарсы күрес жүргізуде санитарлық-малдәрігерлік шаралар: ауырған малды дер кезінде анықтау, оларды сау малдан оқшаулау; ауру малдың сүтін сатуға және ветеринарлық бақылаудың рұқсатынсыз союға тыйым салу, малды алдын-ала егу, т.б. басты рөл атқарады. Залалсыздандыру шараларын жүргізудің және жеке бастың тазалық ережелерін сақтаудың маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет