Тақырыбы: Медициналық персонал арасында парентеральды инфекциялардың таралуының алдын алу Мейіргердің жұқпалы науқастармен атқаратын жұмысының тиімділігі, санитарлық-эпидемиялық тәртіп және ауруды аурухана ішінде ауру жұқтырудың еңбек қауіпсіздік техника ережелерін қатаң орындауда.
Жұқпалы ауруларға қызмет көрсетуші қызметкер міндетті: • жұмыска келісімен, киімдері мен аяқ киімін шешіп, арнайы киім киюге;
• жұмыс аяқталасымен санитарлық бөлмеде жуынуға, шайынуға (душ кабылдау);
• үй киімдері мен арнайы киімдерді әр түрлі шкафтарда сактауға;
• сыркатка күтім жасау барысында қолдарын тазалықта ұстауға,
• тырнақтарды қысқарақ алуға;
• әр ем-шара жасағаннан кейін міндетті түрде қолдарын жуып, зарасыздандыруға;
• колда немесе теріде жарақат болса, міндетті түрде резеңкелі қолғап киюге;
• ыдыстарды жуарда (асханада, мейіргерлер бөлмесінде, сондай-ақ бөлістерге, іріндерге арналған ыдыстарды) резеңкеленген алқымша киюге; шаштары қалпақпен жабуға;
• тамшылы жұқпалы аурулардың палатасына кірерде, сондай-ақ эпидемия кезінде міндетті түрлі дәке маскаларын киюге;
• медициналық қызметкерлер мен қызмет көрсетушілерге арналған барлық белгіленген екпелер мен зерттеулерден өтуге;
• халатты аптасына 1 рет айырбастауға, қатты кірлеген жағдайда тез арада ауыстыруға.
Қызмет көрсетушіге рұқсат етілмейді:
• науқастың кереуетіне отыруға;
• науқастардың заттарын, ыдыстарын пайдалануға;
• палатада, дәлізде, зертханада тамақ ішуге, темекі тартуға;
• жұқпалы аурулар бөлімінің сыртына арнайы киімде шығуға, сондай- ақ арнайы киімді сыртқа шығаруға;
• еш қажеттіліксіз бір бөлімнен екінші бөлімге баруға.
Жұқпалы аурумен ауыратын науқастармен жұмыс кезінде инфекциядан қорғау үшін негізгі сақтық шараларын сақтау керек:
Әрбір науқас ықтимал қауіпті деп саналады.
Медицина қызметкерлері COVID-19 науқастарымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысқа кірісе алады. Нұсқаманы тіркеу журналында міндетті түрде белгі қойылуы тиіс. Сондай-ақ, медициналық қызметкерлерге кәсіптік жұқтырудың алдын алу және медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу мәселелері бойынша нұсқаманы құрылымдық бөлімшенің басшысы жарты жылда кемінде 1 рет жүргізеді.
ЖҚҚ нақты талаптарға сәйкес қолданыңыз: оларды науқасқа жанасқаннан кейін үнемі ауыстырып отырыңыз. Қолғаппен бетке немесе дененің басқа ашық бөліктеріне тимеңіз. Үнемі маскада болыңыз, қайта-қайта жаңасына ауыстырып отырыңыз.
Лас костюммен таза аймаққа кірмеңіз.
ЖҚҚ толық жиынтығынсыз лас аймаққа кірмеңіз (1 түрдегі костюм, маска, көзілдірік).
Қолдың жеке гигиенасын сақтау. 70% спирт антисептиктерін қолданыңыз.
Аспаптармен жұмыс істеу кезінде сақ болыңыз, терінің зақымдануына және дерматиттің дамуына жол бермеңіз.