Тірі вакцина — микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез (БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады.[1]
Өлтірілген Вакцина Өлтірілген Вакцина — микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі. Химиялық вакцина
Химиялық вакцина — микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер — улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923 — 1926) француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т.б. ауруларға қарсы қолданылады.
Ассоциацияланған Вакцина
Ассоциацияланған Вакцина — 2 — 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды, қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 — 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.
Иммунопрофилактиканы жүргізу үшін медицина
қызметкерлерін дайындықтан өткізудің
бағдарламасы
1. Иммунопрофилактиканы жүргізу үшін медицина қызметкерлерін дайындықтан өткізудің бағдарламасына мыналар енеді:
1) вакцинамен басқарылатын жұқпалар;
2) белсенді және белсенді емес иммундау, олардың айырмашылығы оларды қолдану көрсеткіштері;
3) вакциналардың түрлері;
4) тірі вакциналар, әр препараттың сипаттамасы, сақтау және қолдану ережелері;
5) анатоксиндер, әр препараттың сипаттамасы, сақтау және қолдану ережелері;
6) белсенділігі жойылған вакциналар, әр препараттың сипаттамасы, сақтау және қолдану ережелері;
7) қансарысулар, олардың қай түрі вакцинамен басқарылатын жұқпаларға қарсы қолданылады, олармен жұмыс істеудің ережесі;
8) иммуноглобулиндер, гамма-глобулиндер, олардың қай түрі иммундау тәжірбиесінде қолданылады, сақтау және қолдану ережелері;
9) ертінділерді қолданудың негізгі принциптері, сақтау, тасымалдау, есепке алу режимдері;
10) қауіпсіз иммундау тәжірбиесінің принциптері;
11) вакцинаны енгізуге оңтайлы орындар және әдістері;
12) бірмезгілде әртүрлі вакциналарды енгізу;
13) "ашық құтылар" саясаты;
14) қолданылмаған вакцина қалдықтарын жою;
15) екпе кабинеттері, оларды жабдықтау, жұмыс режимі;
16) балаларды есепке алу;
17) ересек тұрғындарды есепке алу;
18) профилактикалық епкелерді жоспарлау;
19) екпе кабинеттерінің медициналық құжаттары;
20) картотеканы орналастыру принциптері - "Профилактикалық екпе картасы" 63/у үлгісі;
21) Қазақстан Республикасында бекітілген профилактикалық екпені жүргізу мерзімдері;
22) ересектерге вакцина егу;
23) балаларды екпеге дайындаудың тәртібі;
24) N 5 және N 6 үлгілер; оларды жүргізудің, сараптаудың дұрыстығы;
25) балалардың егілгендігі жағдайын бағалау мониторингі;
26) 1 жасқа дейінгі мақсатты топтың балаларын дұрыс іріктеу;
27) вакциналар мен ертінділердің қозғалысына, оларды есепке алу және есеп беруге қойылатын талаптар;
28) вакциналарды сақтау және тасымалдау;
29) әртүрлі вакциналады егу арасындағы интервалдар, вакциналар мен иммуноглобулиндер арасындағы интервал;
30) екпелерге қарсы көрсеткіштер;
31) екпеден кейінгі кезеңді бақылау;
32) вакцинадан кейінгі реакциялар мен асқынуларды тіркеу кезіндегі медицина қызметкерінің тактикасы;
33) вакцинадан кейінгі реакциялар мен асқынуларды тіркеу кезінде жедел көмек көрсету;
34) естен тануға қарсы қолданылатын препараттар;
35) вакцинадан кейінгі асқынулар болған жағдайда ҚР ДСМ МСЭҚ Комитетіне берілетін медициналық құжаттардың тізімі;
36) жарақат алған жағдайда сіреспеге жедел профилактика жүргізудің көрсеткіштері;
37) құтырманың алдын алуға қолданылатын вакцина;
38) жылжымалы екпе бригадаларын құрастыруға қажетті көрсеткіштер, оларды жабдықтау, шығу еселігі.
Жалпы ережелер
1. "Профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер мен нормалар) тиімді және қауіпсіз иммундауды қамтамасыз ету үшін, халыққа аурудың алдын алуға бағытталған егу жұмыстарын жүргізетін медициналық ұйымдарға арналған негізгі талаптарды қамтиды. P092295
2. Осы санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарын орындау - меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, аурудың алдын алу үшін егу жұмыстарымен айналысатын барлық ұйымдар мен жеке тұлғаларға міндетті.
3. Вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық медициналық дәрмектерді (бұдан әрі - ИМД) тасымалдау және сақтау 2004 жылы 14 шілдеде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2950 нөмірімен тіркелген 2004 жылғы 14 маусымдағы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің "Вакциналармен және басқа да иммунобиологиялық дәрмектермен жұмыс істеу" туралы 484 нөмірлі бұйрығына сай жүргізілуі керек (бұдан әрі - 2004 жылғы 17 маусымдағы N 484 ҚР ДСМ бұйрығы).
4. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда мынадай қысқартылған терминдер пайдаланылады:
адсорбциялған көкжөтел-дифтериялы-сіреспе вакцинасы - АКДС;
адсорбциялған дифтериялы-сіреспе анатоксині - АДС;
адсорбциялған дифтериялы-сіреспе анатоксині құрамында антиген азайған - АДС-М;
адсорбциялған дифтериялы анатоксині құрамында антиген азайған - АД-М;
сіреспе анатоксині - АС;
туберкулезге қарсы вакцина - БЦЖ;
полиомиелитке қарсы вакцина - ОПВ.
5. Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша халықты аурудың алдын алуға бағытталған егу жұмыстарымен қамту немесе егуден кейінгі болатын асқынулардан соң, оны тоқтату Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің қаулысы арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |