Реферат Пәні бойынша: "Қазақстан тарихы"


Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы. Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары



бет2/8
Дата21.10.2022
өлшемі49,31 Kb.
#154435
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тарих

1.Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы. Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары

Қазақстан бүгінгі таңда да түсті және қара металлургияның қайнар көзі саналады. Археолог ғалымдардың мәлімдеуінше ежелгі замандағы металлургияны өндіру Орталық Қазақстан жерінде жүзеге асты. Бұл аймақта ерте кезеңде адамдар мыс балқыту арқылы түрлі бұйымдар жасаған. Металл өндіру мен оның тарихтағы орны жайлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалада мынадай ой-пікір білдіреді: «Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті.

Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді».

Металлургия - бұл металдарды бөліп алу мен тазарту, химияның, физиканың, физикалық химияның және бірқатар техникалық пәндердің негізінде пайда болған және дамыған қорытпаларды, ұнтақты және композициялық материал-дарды алу әдістері туралы ғылым.

Металлургия – кенді шикізаттан, қайтарма шикізаттан және шикізатты өңдеудің әртүрлі аралық өнімдерінен металдар мен қорытпаларды өндірумен айналысатын өнеркәсіптің саласы. Б.з.б. дейінгі бірнеше мыңдаған жылдарға дейін-ақ алтын, күміс, мыс, қорғасын секілді металдар алынған. Қазіргі уақытта металлургия саласына 72 металл жатады. Бүгінгі күні 86 металл белгілі, оның 63-і, яғни 75 % жуығы, XIX ғасырдың басында ашылды. Металдың ашылуы мен оны таза күйде бөліп алуға дейін көп уақыт өтті. Мысалы, бериллий 1798 жылы ашылды, ал таза металл зертханада тек 1899 жылы алынды –101 жылдан соң. Металдың зертханада алынуымен оның өнеркәсіптік өндірілуіне дейін де көп уақыт қажет. Кез-келген металды бөліп алу процесінің өнеркәсіптік игерілу ұзақтығы өңдеу құнымен ғана емес, оның тәжірибелі қолданылуымен де анықталады. Ежелгі металлургияның отаны ретінде қазақ жерін атауға болады. Металды балқыту арқылы, одан бұйым жасауды ата-бабамыз осыдан 4-5 мың жыл бұрын меңгерген еді. Металлды меңгеру бойынша археолог ғалымдардың ғылыми тұрғыдан дәлелдері Қазақстаннан табылған көптеген құнды жәдігерлермен байланысты.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет