Реферат пәні: Педагогика Тақырыбы: Оқыту заңдылықтары Орындаған: Хожашев Қанат Тексерген: Жандаулетова Ш


Оқыту процесінің жалпы заңдылықтар



бет2/4
Дата06.04.2023
өлшемі14,89 Kb.
#173913
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
канат педагогика1

1. Оқыту процесінің жалпы заңдылықтар:


1.Оқытудың мақсаты тәуелді: а) қоғамның дамуының деңгейіне және қарқынына; б) қоғамның сұранысына және мүмкіншілігіне; в) педагогика ғылымының және практикасының даму деңгейіне және мүмкіншілігіне.
2.Оқытудың мазмұны тәуелді: а) қоғамдық сұранысқа және оқыту мақсатына; б) әлеуметтік және ғылыми техникалық прогрестің қарқынына; в) оқушылардың жастық мүмкіншіліктеріне; г) оқытудың теориясы мен практикасының дамуының деңгейіне; д) оқу орындарының материалдық техникалық және экономикалық мүмкіншіліктеріне.
3.Білім сапасы оқытудың әрбір жаңа кезеңінің тиімділігі тәуелді: а) оның алдындағы кезеңнің өнімділігіне және ондағы қол жеткен нәтижеге; б) оқылып жатқан жадығаттың сипатына және көлеміне; в) мұғалімдердің ұйымдастырушылық педагогикалық әсеріне; г) оқушылардың оқығандығына; д) оқыту уақытына.
4. Оқыту әдістерінің тиімділігі тәуелді: а) әдістерді қолданудағы біліміне және дағдысына; б) оқыту мақсатына; в) оқытудың мазмұнына; г) оқушылардың жасына; д) оқушылардың оқу мүмкіншіліктеріне; е) материалдық техникалық қамтамасыз етілуіне, ж) оқыту процесін ұйымдастырылуына.
5. Оқытуды басқару. Оқытудың өнімділігі тәуелді: а) оқыту жүйесінде кері байланыстың қарқындылығына; б) түзетуші әсердің дұрыстығына.
6.Оқытуды ынталандыру мыналардың есебінен болады:а)оқытудың мотивтері а)сыртқы /қоғамдық, экономикалық, педагогикалық/ стимулдардың.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.
Оқытудың негізгі заңдары:
-Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.
-Оқытуда теориямен тәжрибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педагогикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.

2. Оқытудың жеке /нақты/ заңдылықтары


1. Дидактикалық заңдылықтары. Оқытудың нәтижесі оқытудың ұзақтығына, меңгеріліп жатқан мазмұнның оқушыға мәнділігіне тікелей пропорционалды. Берілген көлемдегі білім мен іскерліктің меңгерілу өнімділігі оқылып жатқан материалдың санына, қиындығына және күрделілігіне кері пропорционалды. Оқытудың нәтижесі қолданылған әдістердің, құралдарға және мұғалімнің шеберлігіне тәуелді. Оқытудың «жасату» жолы «тыңдау» жолынан 6-7 есе өнімді.
2.Танымдық/гносеологиялық/заңдылықтар.Оқытудың нәтижесі оқушылардың оқуға деген сұранысына және оқушылардың оқу іс-әрекетінің көлеміне, білімдерді, іскерлікті практикалық қолдану көлеміне тікелей пропорционалды.Оқыту нәтижесі оқушылардың үй тапсырмасын әрдайым және жүйелі орындалуына, оқытудың проблемділік деңгейіне, оқушыларды әлі келетін және мәнді оқу проблемаларын шешуге қатыстырылу қарқынына тәуелді.
3.Психологиялық заңдылықтар. Оқытудың өнімділігі оқушылардың оқу іс-әрекетіне қызығушылығына, оқушылардың оқу мүмкіншілігіне, тренировкалық жаттығулардың санына, тренировканың қарқынына, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейіне, оқушылардың зейінінің деңгейіне және тұрақтылығына, оқушылардың еңбек істеуге деген қабілеттілігіне байланысты.
4.Кибернитикалық заңдылық. Оқыту тиімділігі кері байланыстың жиілігіне және көлеміне, оқыту процесін басқару сапасына тікелей пропорциональды болады. Білім сапасы қадағалаудың тиімділігіне де байланысты болады.
5.Әлеуметтік заңдылықтар. Индивидтің дамуы тікелей немесе жанамалай қарым-қатынасқа түсетін басқа да индивидтердің дамуымен шартталған. Оқытудың өнімділігі танымдық контактінің көлеміне және қарқындылығына, «интеллектуалдық ортаның» деңгейіне,өз-өздерін оқытудың қарқындылығына тәуелді.
6.Ұйымдастырушылық заңдылықтар. Оқытудың тиімділігі мұғалімнің ұйымдастырушылық жұмысына, жұмыс істеу қабілетіне тәуелді. Ақыл-ой шаршауы сезім органдарының тежелеуіне соқтырады: төрт сағат оқу сабағы анализаторлардың сезімдігін 2 есе кемітеді. Балалардың ақыл-ой жұмыс істеу қабілеті денсаулық жағдайына, ақыл-ой іс-әрекетінің режиміне, жынысына, жасына, жылдың уақытына, апта күніне, тәулік уақытына тәуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет