3. Оқытудың принциптері /ұстанымдары/ мен ережелері:
Саналылық және белсенділік принципінің негізіне ғылым орнатқан заңдылықты жағдайлар жатыр: білім алудың мәні терең және дербес ұғынылған білімдер құрайды, олар өз ойын қарқынды жұмыс істеу жолымен игеріледі.
Көрнекілік принцип негізінде мынадай ғылыми заңдылықтар жатыр: адамдардың басым көпшілігінде көру органдары ең үлкен сезімділікке ие, көру органынан миға түсетін ақпарат кодировканы қайта жасауды талап етпейді, ол оқушының есінде жеңіл,тез және берік орын алады.
Жүйелілік және бірізділік принципі мынадай ғылыми жағдайларға негізделеді: оқушының миында қоршаған дүниенің анық суреті бейнеленгенде ғана ол нағыз және іскер білімге ие болады.
Ғылымилық принципінде мына заңдылық бекітілген: білім беру мазмұнын меңгеру және оқушылардың танымдық күшін дамыту – оқыту процесінің екі өзара байланысты жақтары; оқу материалын меңгерудің беріктігі тек қана объективті факторға емес, сонымен бірге субъективті факторға да тәуелді; білімді меңгерудің беріктігі оқытуды ұйымдастырумен, әр түрлі формалар мен әдістерді қолданумен,оқытудың уақытымен шартталады;оқушылардың еске сақтауы таңдаушылық сипатта болады.
Шамаға лайықтылық принципі оқытудың көп ғасырлық практикасы жасаған талаптардан шығады оқушылардың жастық даму заңдылықтары және оқушылардың даму деңгейіне сәйкесті дидактикалық процесті жүзеге асыру. Я.А.Коменский шамаға лайықтылық принципін жүзеге асыруға арналған ережелерді анықтады:жеңілден қиынға,белгіліден белгісізге,оңайдан күрделіге.
Ғылымилық принципі оқушыларға ғылым орнатқан білімдерді меңгертуді талап етеді.
Теория мен практиканың байланысы принципінің негізіне философияның мынадай басты қағидасы жатқызылған: өмір, практика – шындықтың өлшемі, танымдық іс-әрекеттің қайнар көзі.
Оқыту принципінің талаптары ережелер жүйесі арқылы жүзеге асады. Ереже – бұл нақты жағдайда белгілі бір мақсатты орындаудағы педагогикалық іс-әрекетті суреттеу. Көбінесе оқытудың ережесі деп қандай да бір принципті қолданудың жекелеген жақтарын ашатын басшылықтық жағдайларды түсінеді.