Реферат пәні: Педагогика Тақырыбы: Оқыту заңдылықтары Орындаған: Хожашев Қанат Тексерген: Жандаулетова Ш



бет4/4
Дата06.04.2023
өлшемі14,89 Kb.
#173913
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
канат педагогика1

Қорытынды


Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылық-тарды меңгеру негізінде жүзеге асады.Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайтала-натын өзара байланыс заңдылық деп аталады. өзара байла-нысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы бай-ланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.Білім беру,тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-әрекеттеріне тәуелді.
Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп,жаңарып,толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.Жоғарыда аталған педагогикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады. 

Пайдаланған әдебиеттер


1. Әбиев Ж.,Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004. 2. Подласый И.П. Педагогика бастауыш мектеп. М., 2000. 3. Подласый И.П. Педагогика. М., 2003. 4. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. Алматы, 1993. 5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000. 6. Лихачев Б.Т. Педагогика М., 1998.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет