Реферат Тақырыбы : Қазақстан футболының даму тарихы



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі18,3 Kb.
#92610
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Қазақстандағы футбол


Еуразия Ұлттық Университеті

Реферат
Тақырыбы : Қазақстан футболының даму тарихы

Дайындаған : Аманкелді Ильяс ( ПГС 7322-05 )


Тексерген : Аханов Азамат
Мазмұны
1.Еліміздегі футбол тарихы
2.Футболдың дамуына үлес қосқандар
3.Дереккөздер


Қазақстандағы футбол даму тарихы

1913-16 жылдар аралығында Семей қаласында “Ласточка”, “Ярыш”,“Орлята” мен “Олимп” атты футбол командалары құрылады. Кейбір деректерге сүйенетін болсақ, футболды қазақ жеріне ағылшын саудагері әкелген. Мұхтар Әуезов “Ярыш” командасының құрамында өнер көрсеткен деген деректер де бар. “Ярыштың” құрамында Әуезовпен бірге Кәрімов, Мұхаммедов, Хисматуллин, Рыспаев, Сайдашев, Нигматуллин, Сыздықов, Ғаббасов, Құрманов, Ямбушев пен Ахмедшин сынды қазақ футболының негізін қалаушылар доп теуіп, бұл спорт түрінің елімізде дамуына өз үлестерін қосқан.


1913 жылы жас Мұхтар ойнаған еліміздегі алғашқы футбол командасы 
Евгений Один футбол жылнамашысының деректеріне сүйенсек, “Ярыш” халықаралық сахнада өнер көрсеткен алғашқы қазақ командасы еді. Футбол ойыны күннен -күнге дамып, халықтың сүйікті спорт түрлерінің біріне айналған. Осылайша, бұл ойын Павлодар қаласына да жеткен. Павлодарда 1915-16 жылдары “Ястреб” және “Звездочка” командалары құрылып, олар көршілес жатқан губернияларының командаларымен бақ сынасып, бірнеше рет жеңіске жеткен болатын. Бұл кездесулердің нәтижесінде футбол ойыны Орта Азия мен Сібірге таралып кетеді. 1928 жылы Петропавлда Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының губерниялары арасында алғаш рет ресми түрде жарыс ұйымдастырылады. Жарысқа қатысқан футболшылар ішінен қазақ тарихындағы алғашқы футбол құрамасы ұйымдастырылып, осы ұжым I Бүкілодақтық жұмысшылар спартакиадасының іріктеу ойындарында өнер көрсеткен. Осы жарыс аясында қазақ құрамасы бес кездесу өткізіп, ұпайлар саны бойынша екінші орынға ие болған. 1937 жылы қазақ командасы тұңғыш рет кәсіпқой клубтар арасынан КСРО чемпионатына қатысып, Кеңес Одағының III Чемпионатында алматылық «Динамо» командасы үшінші орынды еншілеген болатын. 1948 жылы спорттық ұжымдар арасынан алғашқы Қазақстан Кубогі турнирі ұйымдастырылған еді. Бәсекелестерінен басым болып шыққан қарағандылық «Динамо» командасы тамаша өнер көрсетіп, ақтық сында жеңіске жетіп, Қазақстан Кубогін қоржындарына салған. 1951 жылы Кеңес үкіметі «ВЦСПС Кубогі» атты жарыс ұйымдастырып, бұл додада бүкіл Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген ондаған командалар өнер көрсеткен. Қазақ футболы халықаралық деңгейге шыққан кез 1957 жылға тап келген. Осы жылы алматылық «Қайрат» командасы Финлядияның «Вааса» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, нәтижесінде қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктірген. Екі жылдан кейін Қазақ КСР футбол федерациясы өз жұмысына кірісе бастады. 1968 жылы қазақ футбол тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі орын алды.Сол жылы Кеңес үкіметі КСРО футбол федерациясына қарасты «Б» санаттағы қазақ аймағын құрып, алғашқы жарысқа 21 клуб қатысқан. Осы 21 клуб ішінен жезғазғандық «Еңбек» жүзден жүйрік атанған. Дәл сол жылы кәсіби клубтар арасындағы тұңғыш Қазақстан Кубогінің жарысы ұйымдастырылып, ақтық сында бас жүлдеге целиноградтық «Динамо» қол жеткізген. Бірте-бірте қазақ футболшылардың есімдері бүкіл Кеңес Одағына таралып, үздіктер қатарынан біздің саңлақтарымыз да көріне бастады. Осылайша, 1971 жылы “Смена” жастар апталығы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, КСРО чемпионатының жоғарғы дивизиондағы «Үздік жаңа есім» атағына “Қайрат” командасының қорғаушысы Сейілдә Байшақов қол жеткізген. Сол жылы ұйымдастырылған Бүкілодақтық “Переправа” атты турнирінің жеңімпазы болып Қазақстанның жастар құрамасы танылды. Қазақ футболшыларылары Еуропа елдерінің жасыл алаңдарында да өнер көрсетіп, 1976 жылы алматылық шабуылшы Александр Хапсалис пен оның павлодарлық аттасы Кадейкин Еуропада өткен жасөспірімдер чемпионатында жеңіске жеткен. Бұдан кейін де қазақстандық футболшылар Олимпиада ойындарында үздік нәтижелерге қол жеткізіп, қазақтың атын бүкіл әлемге паш етті. 1988 жылы Сеулде өткен ХХIV жазғы Олимпиадалық ойындарда алматылық “Қайрат” командасының жартылай қорғаушысы Евгений Яковенко турниде керемет ойын көрсетіп, қазақ футбол тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атағына қол жеткізді. Сол жылы алматылық “Қайрат” КСРО Федерация Кубогін жеңіп алып, ақтық кездесуде бакулік “Нефтчи” командасын 4:0 есебімен жеңген. Келесі жылы қазақ жерінде ҚазКСР футбол ассоциациясы құрылды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет