Байланысты: CCиМ 19-11 Толегеова Мадина Реферат Футбол
3. Футболданәлем чемпионаттары Футболдан әлем чемпионаты (немесе Футболдан Әлем Кубогы, ФИФА әлем чемпионаты деп те атайды), ресми атауы ФИФА Әлем Кубогы (ағылш. FIFA World Cup) - футболдан халықаралық жарысы. Әлем Чемпионаты ФИФАның ұйымдастыруымен өткізіледі, және оған ФИФАға мүше барлық ерлер құрама командалары қатыса алады.
Финалдық турнирлер 4 жылда 1 рет болады. Бірақ іріктеу турнирлерін қосқан 3 жылға дейін созылады. 2010 жылғы әлем чемпионатыныңіріктеу кезеңіне барлығы 204 құрама қатысты. 4 жыл сайын өтетеін әлем чемпионатының финалдық турниріне барлығы 32 (31 құрама іріктеу кезеңінен жолдама алады, 1 құрама чемпиоантты өткізуші ел бірден жолдама алады; 2006 жылғы әлем чемпионатына дейін чемпион атанған команда келесі чемпионатқа бірден жолдама алатын еді, 2006 жылдан бастап чемпионда іріктеу кезеңіне қатысады) құрама қатысады. Әлем чемпионатын өткізуші ел алдын ала белгіленіп қояды.
Әлем чемпионатының финалдық турнирлері 1930 (1942 мен 1946 жылдары екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан өткізілген жоқ) жылдан бері өткізіліп келеді. Жәнеде барлық спорт әлемінің көптеген жанкүйерлері асыға күтеді. Кейде ең көп жанкүйерлер жинайтын спорттық турнир - Олимпиада ойындарында көп жанкүйер жиналады.
Соңғы әлем чемпионаты 2010 жылы маусымның 11-нен шілденің 11-не дейін Оңтүстік Африка Республикасында өткізілді.
Әлем чемпионатының тарихында барлығы 8 құрама әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Оның ішінде ең көп чемпион атанған Бразилия құрамасы - 5 рет. 4 рет әлем чемпионы атанған Италия құрамасы, одан кейін Германия - 4, Аргентина мен Уругвай - 2 рет. Және Англия, Франция, Испания құрамалары бір-бірден чемпион атанды.
3 рет әлем чемпионы атанған жалғыз ойыншы бар, ол футбол королі - Пеле (1958, 1962, 1970 жылдары). Және 20 ойыншы 2 рет әлем чемпионы атанды (оның көбі бразилиялықтар, 4-і Италия ойыншылары, 1-і Аргентина ойыншысы). Витторио Поццо 2 рет әлем чемпионы атынған жалғыз жаттықтырушы (1934 және1938). Марио Загало менФранц Бекенбауэр футболшы ретінде де, жаттықтырушы ретінде де әлем чемпионы атанғандар (Загало 2 рет ойыншы ретінде (1958, 1962 жылдары), жаттықтырушы ретінде (1970 жылы); Бекенбауэр - 1974, 1990 жылдары). Ең көп әлем чемпионы атанып абсолюттық рекордың иесі Марио Загало болып табылады. Барлығы 4 титул (1994 жылы бас жаттықтырушының көмекшісі ретінде чемпион атанды).