Байланысты: CCиМ 19-11 Толегеова Мадина Реферат Футбол
Іріктеу турнирі.Іріктеу турнирлері әлем чемпионатының финалдық турниріне қатысатын құрамалардың санын азайтып және іріктеп алу үшін өткізіледі. Әлем чемпионатының алдындағы іріктеу турнирі өткізілмеген Жалғыз чемпионат ол - 1930 жылғы әлем чемпионаты. Іріктеу турнирі ФИФА-ға мүше ұйымдардың құрамалары бойынша өткізіледі: азиялық іріктеу (АФК), африкалық (КАФ), еуропалық (УЕФА), солтүстікамерикалық (КОНКАКАФ), оңтүстікамерикалық КОНМЕБОЛ, аралдық (ОФК). Іріктеу турнирі өткізілмес бұрын ФИФА әр аймаққа финалдық турнирге қанша команда қатысатынын бөліп береді.
1938 жылдан бастап әлем чемпионатын өткізуші ел автоматты түрде финалдық турнирге жолдама алады. Жәнеде, 2006 жылға дейін соңғы әлем чемпионы келесі чемпионатқада бірден жолдама алатын еді. 2006 жылғы әлем чемпионатының алдында әлем чемпионыда іріктеу турниріне қатысатын болып белгіленіп, 2002 жылғы әлем чемпионы Бразилия іріктеу турниріне қатысты.
Төмендегі кестеде аймақтарға бөлу орындары көрсетілген. +Ч деген әлем чемпионына берілетін қосымша орын, +Х чемпионатты өткізуші елге берілетін қосымша орын. Аймақ аралық қосымша кездесулердің орны 0,5 болып саналады. Қоюланып жазылғандар қосымша кездесулердің жеңімпаздары.
1.В 1938 жылы Австрия аншлюс салдарынан әлем чемпионатына қатысқан жоқ. Ақыры чемпионатқа Еуропадан 12 құрама қатысты (чемпион мен өткізуші елді қосқанда.).
2.1950 жылы Үндістан, Шотландия және Түркия финалдық кезеңнен бас тартты. Ақыры чемпионатқа Еуропадан 6 құрама қатысты, Азиадан біреуіде қатысқан жоқ.
3.1958 жылғы чемпионатта Азия мен Африка екеуіне 1 орын берілген болатын, ал Еуропаға 9 орын. Алайда Израильдің барлық қарсыластарының бас тартқанынан кейін Израиль мен Уэльс арасында қосымша кездесу өткізілді. Ақыры Азия мен Африка екеуара - 0,5 орын алса, Еуропа — 9,5 орын алды.
4.1962 жылғы чемпионатта Еуропа 8 орын, және тағы 2 команда Азия мен Африканың командаларымен қосымша ойын өткізді. Еуропаның 2 құрамасыда жеңіске жетіп, соңында Еуропаға есеп бойынша 10 орын берілді.
5.1994 жылғы чемпионатта қосымша кездесулер 2 раунд болды. Алғашында ОФК и КОНКАКАФ командалары кездесті, жеңімпаз КОНМЕБОЛ командасымен кездесті.
6.2006 жылдан бастап чемпион автоматты түрде орын алмайтын болды
Әлем чемпионатының өткізілу формуласы 1998 жылдан бері 32 қатысушы-командадан құралған. Финалдық турнир алдын ала таңдалып алынған елде, 1 ай көлемінде 2 жүйеде өткізіледі (топтық кезең және шығып қалу жүйесінде).
Топтық кезеңде 32 команда әр топта 4 командадан, 8 топқа бөлінеді. Топ құрамы жеребе бойынша қарастырылады.
Әр команда өз тобында 1 айналымдық 3 ойыннан өткізіеді. Соңғы турдың ойындары 1 күнде және 1 уақытта өткізіледі. Әр жеңіске команда 3 ұпай алады, тең ойынға - 1 ұпай, жеңіліске - 0 ұпай.Әр топтан келесі кезеңге (плей-офф) өз тобында үздік шыққан 2 команда жолдама алады, барлығы 16 құрама.
Екінші кезеңді командалар шығып қалу жүйесінде өткізіеді. Жеңіліп қалған команда ( жартылай финалды қоспағанда) турнирден шығып қалады. Егер негізгі уақытта командалар бірі-бірімен тең ойнаса, қосымша уақыт қосылады, ал егер олда жеңімпазды табуға көмектеспесе ойын соңындағы пенальти өткізіледі. 1/8 финалда өз тобында 1-ші орын алған құрама басқа топтан 2-ші орын алған құрамамен кездеседі. Осы ойынның жеңімпаздары 1-4 финалға жолдама алады, оның жеңімпазжары 1/2 финалға шығады. Жартылай финалда (1/2 финал) жеңіліс тапқан екі құрама өзара қола медельді сарапқа салады. Жартылай финалда жеңіске жеткен екі құрама өзара финалдық ойынды өткізеді. Жеңімпаз алтын медаль мен әлем чемпионы деген атақ және әлем кубогын келесі әлем чемпионатына дейін ұстауға алады.