Этимологиялық принцип пен дәстүрлік-тарихи принцип.Этимологиялық принцип сөздердің қалпын емес, шығу тегін этимологиясын сақтап жазуға негізделеді. Мысалы, орыс тілінде қайық деген мағынаны білдіретін сөз лотка түрінде емес, лодка түрінде жазылады. Бұлай жазуда сөздің негізі лодочный, лодочка деген сөздердің құрамында кездесетін лод екені ескеріледі.Этимологиялық принцип бойынша жазу сөздердің өткен дәуірдегі қалпын сақтайды. Мысалы, орыс тілінде пчел,пошел,пшенный деген сөздердің құрамындағы е әрпінің орына қазіргі кезде о дыбысы айтылғанмен, бұлардың ертеректегі қалпы сақталып, этимологияялық принцип бойынша жоғарыда көрсетілген түрде жазылады.
Дәстүрлік-тарихи принцип этимологиялық принциппен төркіндес, соған ұқсас принцип болып саналады. Орфографияның бұл принципі тілдің ерте кездегі жазу дағдысына негізделедеі де, сөздің еретеректегі айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтауды көздейді. Мысалы,