Реферат Тақырыбы: Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар Орындаған: Ералы Әсем


Құрылымдық жобалар — нақты, пайдалы, қажетті бір өнім жасау. Жобалардың типологиялық белгілері



бет2/3
Дата14.01.2022
өлшемі75,5 Kb.
#129335
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар

Құрылымдық жобалар — нақты, пайдалы, қажетті бір өнім жасау. Жобалардың типологиялық белгілері:

  1. Жобадағы басымды бағыт: зерттеушілік, шығармашылық, қызық оқиғалы, рөлдік-ойындық, тəжірибелі-бағытталған т.б.

  2. Пəн-мазмұндық бөлімі: əдеби-шығармашылық, табиғи-ғылыми зерттеулер, экологиялық, тілдік (лингвистикалық), мəдени, спорттық, географиялық, тарихи, əуенді.

  3. Жобаның үйлесімділік сипаты: тікелей, жасырын.

  4. Байланыс ортасы (бір мектеп, сынып, қала, аудан, мемлекет, əлемнің əр түрлі мемлекеттерінің қатысушылары арасында).

  5. Жобаға қатысушылардың саны (тұлғалық, жұптық, топтық).

  6. Жобаны орындау ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді. Бірінші белгіге сəйкес жобалардың келесі типтерін көрсетуге болады:

  • Зерттеушілік. Бұндай жобалардың құрылымы нағыз ғылыми зерттеуге ұқсас. Олар толығымен зерттеу логикасына бағынады. Жобалар мақсаттардың анықталған болуын жəне жақсы ойластырылған құрылымды, əлеуметтік маңыздылығын, ойластырылған əдістерді, сонымен қатар нəтижелерді өңдеу əдістерді талап етеді.

  • Шығармашылық. Кез келген жоба шығармашылық тұрғыдан қарауды қажет ететінін айтып кету жөн, сондықтан бұл мағынада кез келген жобаны шығармашылық деп айтуға болады. Жобаның типін анықтағанда басымды аспект ерекшеленеді. Шығармашылық жобалардың нəтижелері сəйкесінше безендірілуі тиіс. Бұндай жобалардың əдеттегідей, алдын ала ойластырылған құрылымы болмайды, ол тек белгіленеді жəне əрі қарай жоба қатысушыларының қызығушылықтары мен логикасына орай дамиды. Жоспарланатын, қажет нəтижелер туралы келісуге де болады (бірлескен газет, шығарма, бейнефильм, спорттық ойын, экспедиция т.б.).

  • Рөлдік, ойындық. Бұндай жобаларда құрылым тек белгіленеді де жұмыстың аяғына дейін ашық болып қала береді. Қатысушылар жоба мазмұнымен анықталатын белгілі бір рөлдерді алады. Бұлар əдеби кейіпкерлер немесе ойдан шығарылған əлеуметтік қарым-қатынастардағы кейіпкерлер болуы мүмкін. Бұндай жобалардың нəтижелері жобаның басында белгіленуі мүмкін немесе оның аяғында ғана көрінуі мүмкін. Шығармашылық дəрежесі бұл жерде өте жоғары, бірақ жұмыстың басымды түрі рөлдік-ойындық, қызық оқиғалы болып табылады.

  • Ақпараттық жобалар. Жобалардың бұл түрі берілген объект бойынша ақпарат жинауға, жоба қатысушыларына бұл ақпаратты жеткізуге бағытталған. Бұндай жобалар зерттеушілік жобалар секілді жақсы ойластырылған құрылымды, жұмыс барысында жүйелік түзету мүмкіндіктерінің бар болуын талап етеді.

Жоба мақсаты — ақпарат көздері (əдебиеттер, көпшілік ақпарат көздері, мəліметтер қоры, сонымен қатар электрондық, интервью, анкета толтыру жəне т.б.) жəне ақпаратты өңдеу (анализ, белгілі фактілермен салыстыру, қорытындылар) — нəтиже (мақала, реферат, баяндама, бейне т.б.) — презентация (желіде жариялану, телеконференцияда талқылау т.б.) [3].

Бұндай жобалар көбінесе зерттеушілік жобаларға интегралданады жəне олардың бір бөлігі болады.



  • Тəжірибелі-бағытталған (қолданбалы). Бұл жобалардың басқалардан айырмашылығы — жобаға қатысушылардың жасайтын жұмыстарының нəтижесі басынан белгіленеді. Жəне де бұл нəтиже міндетті түрде əлеуметтік қызығушылықтарға, оқушылардың əлеуметтік қызығушылықтарына бағытталған болады (газет, құжат, бейнефильм, спектакль, заң жобасы, анықтама материалы т.б.). Бұндай жоба жақсы ойластырылған құрылымды талап етеді.

Екінші белгі бойынша — пəн-мазмұндық бөлімі бойынша жобалар келесідей болуы мүмкін:

  • Əдеби-шығармашылық. Бұл бірлескен жобалардың ең кең таралған түрі. Əр түрлі жастағы топтардың, əлемнің əр түрлі мемлекетінен, əр түрлі əлеуметтік деңгейдегі, əр түрлі мəдени дамудағы, əр түрлі діни бағыттағы балалар бірге қосылып бір əңгіме, повесть, бейнефильм сценарийін, газетке мақала, өлең жəне т.б. жазады.

  •   Табиғи-ғылыми жобалар көбінесе зерттеушілік болады. Олардың зерттеушілік мақсаты, тапсырмасы нақты белгіленген (мысалы, белгіленген территориядағы ормандардың жағдайы жəне оларды қорғауға бағытталған шаралар; ең жақсы кір жуғыш ұнтақ; қыстағы жолдар жəне т.б.).



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет