Реферат Тақырыбы: Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар Орындаған: Ералы Әсем



бет3/3
Дата14.01.2022
өлшемі75,5 Kb.
#129335
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар

Экологиялық жобалар да көбінесе басқа салалардан зерттеушілік, іздеушілік əдістерді, интегралданған білімдерді қолдануды талап етеді. Олар бір уақытта тəжірибелі-бағытталған да болуы мүмкін (қышқыл жаңбырлары; біздің ормандарымыздың флорасы мен фаунасы; өндірістік қалалардағы тарихи ескерткіштер; қаладағы баспанасыз қалған үй жануарлары жəне т.б.).

  • Тілдік (лингвистикалық), кең таралған, себебі шет тілдерін оқыту мəселелерін қозғайды;

  • Мəдени жобалар əр түрлі мемлекеттердің тарихы мен дəстүрлерімен байланысты.

  • Спорттық жобалар спорттың бір түрімен айналысатын балаларды біріктіреді. Бұндай жобалар барысында олар сүйікті командаларының жарыстарын; жаттығу əдістемелерін; үлкен халықаралық жарыстардың нəтижелерін талқылайды жəне т.б.

  • Географиялық жобалар зерттеушілік, қызық оқиғалы жəне т.б. болуы мүмкін.

  • Тарихи жобалар қатысушыларға алуан түрлі тарихи мəселелерді зерттеуге, белгілі бір тарихи оқиғаларды, фактілерді талдауға мүмкіндік береді.

  • Əуенді жобалар əуенмен қызығатын серіктестерді біріктіреді. Бұл аналитикалық жобалар немесе шығармашылық жобалар (балалар бірігіп, бір музыкалық шығарманы ойдан шығарады) болуы мүмкін жəне т.б.

    Жоғарыда аталған қасиеттер, шеберліктер мен біліктіліктердің барлығы оқушыда бірден болмауы мүмкін. Олар белгілі бір жұмыс кезінде, біздің жағдайымызда жобалық жұмыс кезінде, қалыптасады. Яғни біздің мақсатымыз — жобалық жұмысты ұйымдастыру.

    Бұл əдістің негізін салушылардың бірі — профессор Килпатриктің пікірінше, «жобаның міндеті жұмыс барысында өзіне практикалық міндеттер қоятын жəне оны орындай алатын, үнемі өзіндік инициатива көтеріп отыратын адамды тəрбиелеу» болып табылады. Жобалық əдістің тартымдылығы, негізінен жұмыс процесінде (жоба бойынша) оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыта түсуінде. Оқушылар өз жұмыстарының нəтижелерін бағалауға жəне жоспарлауға үйренеді. Бұл əдетте оқуға деген қызығушылықтың артуына əсер етеді жəне оқыту нəтижелерін жақсартады.

    Білім беру процесіне ақпараттық технологияларды ендіру қажеттілігі туындап отырған секілді. Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушы мəтінмен жұмыс істеу, графикалық объектілерді жəне деректер қорын құру, электрондық кестелерді қолдану негіздерімен, яғни ақпаратты жинақтаудың жаңа тəсілдерімен, танысып, оларды қолдануды үйренеді. Ақпараттық технологиялармен бірге компьютер білім беруде, оқушының оқуы мен шығармашылығында жаңа мүмкіндіктер ашады.

    Өзіміздің бақылауларымыз көп жағдайда жобалық əдістеменің қолданылуы дəстүрлі оқыту процесіне орын беретінін көрсетеді. Бұның себебі: мұғалімдердің оқыту процесіндегі осындай балама түрінің қолданылу ерекшеліктері туралы уақытында емес немесе толық емес хабардар болуы жəне де жобалық əдістемені қолданғандағы оқушылар тарапынан кездесетін қиындықтар: тілдік қиындықтар, өзіндік ойлауға, ұйымдастыруға жеткіліксіз қабілеттілік. Сондықтан жобалық жұмысты ұйымдастыру ең алдымен оқу процесіндегі жобалық əдістемені қолданудың негізгі теориялық жəне практикалық негіздерін зерттеуді талап етеді.



    Бұл мəселеге қатысты, менің ойымша, ақпараттық технологияларды қазіргі заманғы білім беру үрдісіне енгізу өте маңызды болып табылады. Мектеп болса да, жоғары оқу орны болса да, ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыс тауып келеді жəне оны əрі қарай дамытуымыз қажет.

     

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет