|
|
бет | 3/3 | Дата | 08.02.2022 | өлшемі | 25,87 Kb. | | #120972 | түрі | Реферат |
| Байланысты: реферат арайАкустикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:
естіп қабылдауын дамыту;
дыбыс туралы ұғымын қалыптастыру, дамыту;
фонематикалық талдау, жинақтауын дамыту,
шатастыратын дыбыстарды ажырату дағдысын дамыту.
Аграмматикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:
затты, іс — әрекетті, құбылыстарды атау мен сәйкестендіруін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;
сөздің морфологиялық құрылымы туралы түсінігін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;
сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;
байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру.
Оптикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:
көріп қабылдауын, талдауын, жинақтауын дамыту;
жазуда шатастыратын дыбыстарды ажырату.
Жалпы мектептің 1 — ші сынып оқушыларын жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарынан сақтандыру бағдарламасының мақсаты:
ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету;
оқытуда қиыншылық кездесетін балаларды қазақ тілі мен оқу сабақтарына қажет біліктілігі мен дағыларын меңгеруге жан — жақты дайындау жатады.
Бағдарламаның міндеттері:
фонематикалық талдау, жинақтауын дамыту;
тілдік талдау, жинақтауын буын, сөз, сөйлем, мәтін деңгейлерінде дамыту;
фонемдерді ажыратуын анықтау, бекіту;
кеңістікті — уақытты бағдарлау түсінігін анықтау және дамыту;
зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту;
сөз қорын, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, дамыту;
сөйлеу, жазу, оқу актілеріне қатысатын анализаторларды (есту, көру, сезу) дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|