Реферат тақырыбы: Газ тәрізді,сұйық және қатты диэлектриктердегі электр өткізгіштіліктің табиғаты


Газ тәрізді диэлектриктердің тесілуі



бет4/7
Дата23.04.2023
өлшемі498 Kb.
#175200
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бахтияров Нұрсәт

Газ тәрізді диэлектриктердің тесілуі. Газ тәрізді, сұйық және қатты диэлектриктердің тесілу механизмінің маңызды айырмашылықтары болады. Жер радиоактивтілігінің немесе кос-мосты сәулелердің әрекетімен 1 секундта 1 ауада құрылатын электрондар, оң және теріс иондар саны 10-нан 20-ға дейін құрайды. Бұл бөлшектер күшті өрісте газдардың тесілуіне келтіретін бастапқы зарядтар болып табылады.
Олар бейберекетсіз жылулық қозғалыста болады. Өріс әсер еткеннен кейін бөлшектерге қосымша жылдамдық қабылдап, өріс бағытымен немесе оған қарама – қарсы қозғала бастайды. Бөлшектердің бағыты олардың зарядының таңбасына байланысты. Сол кезде газдағы бөлшектер қосымша энергияға ие болады:
,

мұнда q – заряд
Uλ – еркін жүріс жолының ұзындығындағы кернеудің түсуі
λ – еркін жүріс жолының ұзындығы; Егер де өрістің тектестігі жеткілікті болса, онда

осыдан


(Газдың электр беріктігінің (Епр) қысымнан (пунктирмен қалыпты атмосфералық қысым тәуелділігі белгіленген)


болады да, зарядталған бөлшектердің қосымша энергиясы соқтығысқан молекулаларға беріледі. Егерде осы энергияның өлшемі үлкен болған жағдайда атомдар мен электрондардың қозуы басталады. Бұл жағдайда электрондардың ядродан біршама жердегі орбитаға көшуімен байланысты, ал кейбірде молекулалардың иондануыменде байланысты болады.


Газдың қысымы және температурасының берілген мәндерінде, өрістің анықталған кернеулігінде пәрменді соқпа иондануы басталады., себебі q мен λ әрбір газдарға тұрақты болады. Бұл өріс кернеулерін /Еб/бастапқы кернеулік дейміз.
Кейбір газдарда, мысалы оттегінде, көмірқышқыл газда, су буларында бөлініп кеткен электрон басқа нейтралды молекуламен қосылып, сол молекуланы электротеріс ион жасайды. Электронның нейтралды молекулаға "жабысуы" сол молекуланың электрон қабыршығын сондай өзгертеді, яғни нәтижесінде электронды қабылдап, алған молекуланың қуаты нейтралды молекуладан бір шамаға азаяды. Сол энергия шамасының мөлшерін электронға ұқсастық энергия дейміз. (энергия средства к электрону). Бұл энергия газдардың көбісінде 0,75 – тен 4,5 – ке дейін электроновольт (эВ). Инертті газдарда – аргон, неон, гелий, криптон, ксенон және азотта теріс иондар пайда болмайды. Ауадағы разрядта оң иондар пайда болады О+, О2+, N+, N2+, NO+.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет