Реферат Тақырыбы: Инъекциялы дәрілік үлгілер Орындаған: Ендібай М. Б тобы: тфп-414 Тексерген: Бүләш ж жоспары: Кіріспе



бет7/8
Дата08.02.2022
өлшемі27,94 Kb.
#118922
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1567182643Endibai Moldir TFP -414 Referat inekciyaly darilik ulgiler

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: сұйықтықты тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, халатты, қайшыны, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын 8-12 млрд инъекция жасалады, оның 1 млрд — қа жуығы-вакцинация кезінде балаларға. Әсіресе, дәрілік препараттар дамушы елдерде және өтпелі экономикасы бар елдерде (бұрынғы КСРО, Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері) парентеральды түрде тағайындайды.Инъекциялардың көп болуына байланысты дәрілік заттарды парентеральды енгізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау проблемасы ерекше маңызға ие болады. ДДҰ анықтамасы бойынша," қауіпсіз инъекция — бұл реципиентке зиян келтірмейтін, медицина қызметкерінің қажетсіз тәуекелге ұшырамайтын және басқа адамдарға қауіпті қалдықтардың жиналуына әкеп соқпайтын инъекция.
Жергілікті анестезия инъекциялы және инъекциялы емес болып бөлінеді. Инъекциялыға – инфильтрациялық, өткізгіштік, А.В. Вишневскийдің «жылжушы инфильтраты», инъекциялы емеске – химиялық, физикалық, физика-химиялық, инесіз инъектор, инерефлексанестезия жатады.Жергілікті анестезияның инъекциялы емес түрлері.Апликация анестезиясы (сыртқы-терминальды, химиялық түрі) анестетикті белгілі бір жерге жағу немесе басып тұру. Анестезияның бұл түрі ауыз қуысы мен мұрынның кілегей қабығына қолданылады (дикаин, лидокаин, анестезин).
Кілегей қабықты сілекейден құрғатып, мақталы тампонды анестетикке батырып немесе ұнтағын сеуіп анестезия жасалатын жерге 2-3 минутке қояды.
Химиялық түріне көз ауруларында қолданылатын тамшыларды айтуға болады.
Физикалық түріне өте төмен температурамен мұздату (хлорэтил) жатады. Себілген дәрң тез буланып тін салқындап барып мұздайды, нәтижеде сыртқы нерв талшықтарының өткізгіштігі тоқталынады.
Хлоэтил (қайнау температурасы 12-13°) ампуладан 30-35 см қашықтықтан анестезия жасалатын жерге шапшып ағады. Бұл тәсіл қазір стоматологияда қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет