Реферат Тақырыбы: Құқықтық мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін факторлар


Қазақстан – демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет



бет5/6
Дата11.03.2023
өлшемі23,58 Kb.
#171931
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
құқық талшын
туракты ток сурак, туракты ток сурак, туракты ток сурак, перспи апплика, перспи апплика, 2 5465154380158207824, Мадина үшеуі бірге, англ Талшын, интересные пси
Қазақстан – демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет
Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Демократиялық мемлекет – Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүдесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді.
Зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстаудың мемлекеттен бөлектігін білдіреді және бұл жағдай Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бірдей қвтысты. Мемлекет оргындары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмы істейді. Сонымен бірге, әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Наным немесе атеизм мәселесі адамның жеке басының шаруасы болуы тиіс.
Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүдесін қорғайтыны, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем денгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы, т.б.
Әлеуметтік мемлекет – жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес қоғам мен адамға тұтас қызымет ететін мемлекет. Ол мемлекеттің қаржы көздері есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдық ауыртпалықтардың да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге әрекет етеді.
Қазақстан өз мемлекетінің әлеуметтік сипатын Конституциясында кепілдік берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік игілік істер арқылы анықтаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет