Реферат Тақырыбы: «Жүйке талшықтарының құрылымы мен қасиеттері. Синапс.»



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі25,43 Kb.
#123048
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Мұхтазар Аружан Анатомия СОӨЖ 9 ХБ-20-1

2. Жүйке талшықтарының қасиеттері.
Жүйке талшығының белгілі физиологиялық қасиеттері бар: қозғыштық, өткізгіштік және лабильділік.
Жүйке талшығы өте төмен шаршаумен сипатталады. Бұл жүйке талшығы бойымен бір әрекет потенциалы жүргізілгенде иондық градиенттерді қалпына келтіру үшін өте аз мөлшерде АТФ жұмсалатындығына байланысты.
Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері:
1) қозғыштығы – тітіркендіруге жауап қайтарудағы қозу жағдайында болу
қабілеті;
2) өткізгіштігі – тітіркендіру әсер еткен жерден пайда болған қозуды ӘП
түрінде әрі қарай өткізуі;
3) рефрактерлігі (қозбаушылығы) – қозу кезіндегі жүйкенің қозғыштық
қасиетінің уақытша күрт төмендеуі.
2. Миелинді жүйке талшықтарында қозуды өткізу механизмі. Миелинсіз және миелинді жүйке талшықтарының қозуды өткізу механизмі бірдей емес Миелинді жүйке талшығы (А және В типті) мембранасының миелинмен қапталған учаскесі қозбайды, қозу тек Ранвье үзілістерінде дамиды. Қозу (ӘП) пайда болған Ранвье үзілістерінің бірінде зарядтардың кері өзгерісі (реверсия) болады. Мембрананың электрлік-теріс және электрлік - оң
учаскелер арасында пайда болған электр тоғы мембрананың көршілес
аймақтарында тітіркендіреді. Бірақ қозу жағдайына, тек келесі Ранвье
үзілісінің мембранасы келе алады. Қозу пайда болған үзілістің екі жағындағы
үзілістер мембранасының Na+ иондарына өткізгіштігі күшейіп, теріс
зарядталады, яғни серпініс қозған үзілістен қозбаған үзіліске көшеді
(секіреді). Кейде қозу бір үзілістен ғана емес екі үзілістен де секіруі мүмкін.
Сөйтіп миелинді жүйке талшығында қозу секірмелі (сальтаторлы) түрде
өтеді. Осындай миелинді жүйке талшығымен қозудың секірмелі таралуы

3. Миелинсіз жүйке талшықтарында қозуды өткізу механизмі. Тыныштық жағдайда миелинсіз жүйке талшығы мембранасының ішкі жағы теріс, ал сырты – оң зарядты болады.
Мембрананың сыртқы және ішкі беттерінің арасында электр тоғы өтпейді,
себебі мембрананың липидтік қабының электрлік кедергісі өте жоғары.
Қозудың дамуы (ӘП) кезінде мембрананың қозған жерінде зарядтың кері
өзгерісі (реверсия) нәтижесінде деполяризация байқалады. Бұл жердегі
мембрананың Na+ ионына өткізгіштігі күшейеді де, оның сыртқы беті теріс
зарядталады, ішкі беті оң зарядты болады. Содан кейін осы қозған жерде
қозудың реполяризация кезеңі басталады, бұл К+ иондарының сыртқа
шығуымен байланысты. Осылай мембрананың қозған жері мен қозбаған жері
арасында пайда болған потенциал айырмасы (айналмалы ток – оң зарядтан
теріске қарай) жүйке талшығының бойымен жаңа учаскеге қарай үзіліссіз
жылжып отырады. Мұндай қозудың (ӘП-ның) миелинсіз жүйке талшықтары
мембранасының бойымен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет