Реферат тақырыбы: Мал майларын шыжғырудың технологиясы және гигиенасы, майларды үздіксіз шыжғыру


Майды атмосфералық қысымда шыжғыру



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі36,95 Kb.
#94964
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
май шыжғыру
көрсеткіштік, көрсеткіштік, көрсеткіштік, көрсеткіштік, 1лекция, Жаңабай Дариға ФОК171 пед практика, 8 сын 0-дік срез, Лекция-1607583541229 (1)
Майды атмосфералық қысымда шыжғыру. Майды ашық қазанда құрғақ тәсілмен екі сатыда шыжғырады. Бірінші сатыда ұсақталған шикі – май 3 немесе 4 қабылдауға 500С дейін қыздырылған қазанға кішкене порциямен салынады, шикізатты үздіксіз араластыра отырып 65 – 700С дейін қыздырады. Екінші сатыда май массасын 80 – 900С дейін 20 минут қыздырады. Коллагеннің гидротермиялық ыдырауы мен глобулярлық ақуыздар денатурациясы жүреді, нәтижесінде олар шыжық түрінде тұнады, ал май түссіздене түседі. Шыжғыру ұзақтығы 70 – 80 минут. Майды тұздау мен алдын – ала тұндыру көйлекке бу беру тоқтатылған соң және араластырғышты айырғаннан кейін қазанда жүргізіледі. Тұздың шығыны шикізат массасының 2% құрайды, оны 3 немесе 4 қабылдауда қосады. 20 – 25 минут тұндырғаннан кейін шыжғырылған майды шарнирлік труба арқылы тұндырғышқа құяды, содан соң сепараторға жібереді. Тазартылған майды салқындатады және ыдыстарға құяды, ал шыжықты қосымша майсыздандырады. Үдерістің жалпы ұзақтығы қазан сыйымдылығына байланысты 150 – 215 минут. Ашық қазанда май шикізатынан майды толығымен шығару мүмкін емес. Шыжғырудан кейін тұндырылған шыжықта 20% дейін май болады, оны материалдық шығынды және арнайы жабдықтарды талап ететін қосымша шығаруға жіберу қажет болады.
Желатин мен желім өндірісіне арналып өңделген сүйекті ашық қазанда атмосфералық қысымда ылғал тәсілмен майынан айырады. Бұл үшін тиеу және түсіруі механизацияланған суырмалы перфорирленген корзиналы қазандар ыңғайлы. Қазанды бу көйлегі арқылы қыздырған дұрыс,себебі сүйек пен бу әсерлескенде мықты эмульсия түзіледі және майдың сорпаға бөлінуі ұлғаяды. Майды сүйектен шыжғыру 90 – 1000С –та суда (су сүйекті жылдам және тегіс қыздыруға, май жасушаларын бұзуға қажет) жүргізеді. Майды өңделген сүйектен шығару ұзақтығы 5 – 6 сағат. Мұнда шикі сүйек құрамындағы 90% дейін май шыжғырады. Желатин мен желім өндірісіне арналып ұсақталған сүйекті (5 см.жуық) қайнату ұзақтығы 4 – 5 сағат, май шығымы - 40%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет