Реферат тақырыбы: Математиканың біздің өмірдегі маңызы Тексеретін: Шаганбаева. Ш. Б орындаған: Бакитова Наргиза ҚМ-103а ақтөбе 2023



бет3/3
Дата12.06.2023
өлшемі18,25 Kb.
#178691
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
матем манызы (1)

Қорытынды
Математика және нақты ғылымдар адамзаттың ақыл-ойының дамуына үлкен үлесін тигізеді. Ақыл-ойы дамыған адамдар жаңа технологиялар ойлап тауып, адамзаттың өмір сүру жағдайын жақсартады. Әрине, бұл математикамен айналыспайтын, гуманитарлық салада жүрген адамдардың интелекті төмен деген сөз емес. Жақсы әдеби кітаптар оқып та өзімізді дамыта аламыз. Бірақ, бұл жеткіліксіз.
«Егер ақылды болғың келсе, көп оқы!» тіркесіне «және математикамен айналыс!» деген жолдарды қосқым келеді. Гуманитарлық сала мен нақты ғылымдар бір-бірін толықтырып отырады. Гуманитарлық саланың жақсы мамандары базалық деңгейде нақты ғылыммен айналыспағандықтан, шешім қабылдауда қателіктер жіберіп жатады. Ал жақсы математикатер, технологтар абстрактілі әлемге кіріп кетіп, нақты әлеммен байланыс үзіп алып жатады. Барлық «жақсы» нәрселердің өз мөлшерінде болғаны абзал.
Ежелгі математик тұлғалар өлең де жазған. Мысалы Омар Һаям, әл-Фараби, Ұлықбек, тіпті XIX ғасырдағы Софья Ковалевская,... тіпті, Вейерштрасстың «Математик – ақын болмаса, белгілі бір жетістікке жете алмайды» деген сөздері де бар.
Бастауыш және орта мектепте біз мейілінше оқушыларға жан-жақты әмбебап білім беруіміз керек. Ал, жоғарғы мектепте Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегідей таңдау жасатып, өз жан дүниесіне жақын саламен айналыстырғанымыз жөн. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет