4. Металдың электрхимиялық коррозиясының сыртқы факторлары
Сыртқы факторларға: коррозиялық орта мен коррозия жағдайларының құрамына байланысты факторлар: температура, қысым, ортаның қозғалыс жылдамдығы, сыртқы поляризация, т.б. жатады.
Ерітіндінің рН сутектік көрсеткіштері, сутекті ионы ерітіндісіндегі белсенділігін сипаттау үшін рН сутекті көрсеткішін қолданады.
Ерітіндінің рН көрсеткіші – металдың электрхимиялық коррозия жылдамдығына катодтық жəне анодтық деполяризациялық реакциялардың потенциалын өзгерте отырып əсер етеді. Онда коррозияланатын металл бетінде қорғаушы қабыршығының, сонымен қатар электродтық реакция кернеуінің көбеюін тудырады.
Барлық металдар ерітіндінің рН көрсеткіштері, электрхимиялық коррозия жылдамдығына байланысы бойынша А.Я. Шаталовтың берілгендерімен, бес топқа бөлуге бөлінеді:
қышқылды жəне сілтілі ерітінділердегі жеткілікті тұрақты металдар (Ag , Au, Pt), оның коррозия жылдамдығы рН-қа байланысты емес.
қышқылда төзімділігі аз, бейтарап жəне коррозияға төзімді сілтілі ерітінділерде төзімділігі жеткіліксіз (Mg, Mn, Fe) металдар. Қышқылды жəне аз еритін сілтілі ерітінділерде оның төзімділігі, қорғаушы гидрототықты қабыршықтармен беріледі.
Шындығында, темірде жоғары температурада гидрототық қабыршығының еруімен коррозия өсе бастайды:
Fe(OH)2 + NaOH = Na+ + HFeO -2 + H2O;
қышқылдарда тұрақсыз, бірақ тотықтарының қорғаушы қасиеті жоғары сілтілі ерітінділерде, коррозиялығы төзімді
(Ni, Co, Cd).
қышқылда коррозияға төзімді, бірақ сілтілі ерітінділерде тұрақсыз (Та,Мо,W). Ол – қорғаушы қабыршығының қышқылдығына байланысты.
бейтарап ерітінділерде коррозияға төзімді, бірақ қышқылды жəне сілітілі ерітінділерде (Zn, Al, Sn, Pb, Bi, Be, Cu) тұрақсыз. Ол қышқылдар мен сілтілерде еритін гидрототық қабыршығының амфотерлі қасиеттерімен беріледі, мысалы:
Zn(OH)2 + 2HCl = Zn2+ +2Cl - + 2H2O
H2ZnO2 + 2NaOH = 2Na+ + ZnO 22- + 2H2O
Қорытынды:
Электрхимиялық коррозиялық процестің жүру мүмкіншілігі, металл иондарының ерітіндіде жəне еркін электрондардың металда болу салдарына байланысты. Металдың электрон өткізгіштігі мен ерітіндіде ион өткізгіштігінің болуы, анодтық жəне катодтық процестердің территориялы бөлек – металл мен ерітіндінің беткі бөлігінің бөлек бөлімшелерінде жүруіне мүмкіндік береді. Бұл – электрхимиялық процестің жүруіне қойылатын негізгі шарт болмайды. Өйткені, кейбір коррозиялық жағдайларда катодтық жəне анодтық процестер уақыт бойынша алмасып, бір жағында ғана жүруі мүмкін. Бірақ, анодтық жəне катодтық процестердің кеңістіктік бөлінулері, энергетика тұрғысынан тиімді. Өйткені катодтық жəне анодтық реакциялар, олардың жеңіл жүретін бөлімшелерінде болуы мүмкін. Сондықтан, көптеген тəжірибелік жағдайларда электрхимиялық коррозияның жүруі, əр түрлі бөлімшелерде анодтық жəне катодтық процестердің локализациялануымен сипатталады. Сол себепті, электрхимиялық коррозиялық процестің жүру механизмі, химиялық коррозияның жүру механизмінен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |