Насыбай неге зиянды? Насыбайдың денсаулыққа зияны көп.
Жалпы, дәрігер мамандардың айтуынша, насыбайдың адам денсаулығына тигізер зияны өте көп. Біріншіден, насыбай ату темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйренгендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, мазасыз күйге түседі. Оның құрамына никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті қоспалар қосылады. Әрі насыбай ату адамның жасын қысқартады. Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісігіне ұшырайды. Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықыласты азайтады. Тыныс алу жолдары қабынады. Ұдайы насыбай ату ұйқысыздыққа әкеліп соғады. Тамаққа деген тәбетті жойып, адам ағзасы әлсірейді. Сондықтан насыбайдан аулақ болған жөн.
Оның зиянды болатын себебі, құрамында никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне (қатерлі ісік) ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензпирен, полоний, висмут, т.б.) бар темекіден жасала-тындығы, кейінгі кезде кей жерлерде оған өзге де улы заттардың қосылатындығы.
Соның басты – бастысы: кейбіреулер насыбайға тауықтың саңғырығын, әктің суын, қара аға-штың смоласын қосып әзірлейді. Бұлардың қай-қайсы да өте зиянды. Тіпті, жай ғана тауықтың саңғырығын жеп қойған қойлардың бір сағаттың ішінде өліп қалғандығы жөнінде оқиғалар өмірде болған. Қара ағаштың смоласының зияны да тауықтың саңғырығының уынан кем емес.
Соған қарамастан, кәрі де, жас та насыбайды еріннің астына салып атады. Сол себепті насыбай ататындардың 80 пайызының ауыз қуы-сы, ас қорыту жүйесі ісікке ұшырап ауырады. Әуелі қызық үшін насыбай ататындар кейін оған әбден әуестеніп, үйреніп кетеді де, насыбай атпаса басы ауырып, айналады, тамаққа зауқы соқпайды, сөйтіп, насыбайға тәуелді болып қалады. Қазір насыбай ататын жастар да аз емес. Себебі насыбайдың бір орамының бағасы ап-арзан. Оны бірнеше рет бөліп атып, елтуге қолайлы. Ал оның орнына темекі сатып алып тартайын десе, насыбай сатып алған тиын-тебен темекінің бағасына жетпейді, әрі насыбайды одан кім көрінген сұрай бермейді. Көшеде темекі тартып келе жатса, шылым сұрайтындар көп.