Реферат Тақырыбы: Өкпе аускультациясы



бет2/6
Дата16.11.2022
өлшемі88,5 Kb.
#158434
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат аускультация Асель
Аралас пиодермиялар
Өкпе аускультациясы
Аускультацияның жалпы ережелері:
- науқастың кеудесінен киімінтолық шешу керек, себебі, киім дыбысқа кедергі келтіруі мүмкін;
- кеудесін қалың түк жапқан науқас болса, түктерін сумен сулау немесе майлау қажет, түктердің фонендоскоптың мембранасына үйкелісі тыныс алудың патологиялық шуларына ұқсайды;
- аускультация жасайтын бөлме жылы және тып-тыныш болуы керек;
- фонендоскопты науқастың терісінен сырғып кетпес үшін кеудегетығыз қою керек, керісінше жағдайларда мембрананың сырғуы кедергілер тудырады;
- фонендоскоптың мембранасын денеге қатты тығыз қоюға болмайды, себебі ол дыбыстың өткізілуін төмендетіп, тыныс алу экскурсиясына кедергі болады, сөйтіп, дыбыстың өткізілуін нашарлатады;
- бір фонендоскопты неғұрлым ұзақ қолдану керек, себебі, дыбыстың шығуы оның конструкциясымен де тығыз байланысты;
- аускультацияны науқасты отырғызып өткізген жөн.
Өкпе аускультациясын жүргізу.
Алдыңғы жағынан анықтау:
• Өкпенің екі ұшын оң және сол жақтарынан салыстырмалы түрде тыңдайды;
• Төмен қарай қабырға аралықтарын;
• Сол жақтан тек ІІІ қабырға аралығына дейін ғана;
• Содан кейін қолтық алды, ортаңғы сызықтары бойынша тыңдайды.
Артқы жағынан анықтау:
• Өкпенің ұшын;
Омыртқа маңы сызық бойымен;
• Жауырын астынан екі жақтан салыстырмалы түрде тыңдау керек.

Жанынан анықтау:

  • Науқас қолын көтеріп, желкесінен ұстап тұрады

  • Қолтықтың алдыңғы, артқы, ортаңғы сызықтары бойынша анықтайды.


Бірінші негізгі тыныс алу шуларын, содан кейін патологиялық шуларды тыңдайды (егер болса).
Негізгі тыныс алу шуларына везикулалық және бронхиалдышулар жатады. Оларды науқас мұрынымен тыныс алғанда тыңдаған жөн. Дыбыстың ең жақсы естілген жерінде тыныс алу және тыныс шығару фазаларының ұзақтығына назар аударылады. Диагностикалық аспектіде негізгі тыныс алу шуларының аускультациясының маңызы зор: кез келген өкпе аурулары негізгі тыныс алу шуларының өзгеруімен жүреді.
Қалыпты бронх тынысы ауа дыбыс өзегі арқылы өткенде кеңірдек пен көмекейден естіледі (синонимы - ларинготрахеалды тыныс алу).
Оның аускультациялық белгілері:
- ұзақтығына қарай дем шығару дем алғанға қарағанда созылыңқы;
- бас бронхтар, кеңірдек пен көмекейдің үстінен және жауырын аралығындағы ІІІ-ІV кеуде омыртқасының деңгейінде жақсы естіледі.
Бронх тынысы кеуде қуысының белгілі бір бөлігінен анықталса, бұл өкпенің патологиялық өзгерістерін білдіретін патологиялық бронх тынысы болып табылады. Кеңірдек пен бас бронхтарға жақын жатқан өкпе тіндерінің ошақты тығыздалуы (пневмония, ателектаз, ісік) кезінде бірінші кезекте патологиялық бронх тынысы естіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет