Реферат Тақырыбы: Өкпе аускультациясы


Патологиялық тыныстың түрлері



бет3/6
Дата16.11.2022
өлшемі88,5 Kb.
#158434
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат аускультация Асель
Аралас пиодермиялар
Патологиялық тыныстың түрлері
Патологиялық бронх тынысының бірнеше түрі бар:
- күшейген (зақымдалу ошағы беткей орналасқан кезде естіледі);
- әлсіреген (зақымдалу ошағы терең орналасқан кезде естіледі);
- амфора тынысы (өкпедегі қабырғасы жұқарған қуыстың үстінен 6 см кем емес диаметрден естіледі, аузы тар жұқа шынылы құмыраға үрлегенде естілген дыбыс амфора дыбысына ұқсас);
- металл дыбысы (ашық пневмоторакста металлды ұрғандай дыбыстың естілуі);
- қабырғалық (физиологиялық бронх тынысы естілетін аймақта кеңірдек пен көмекейдің ісіктік стенозында естіледі).
Қалыпты везикулалық тыныстың пайда болуы тынысты ішке алған кезде альвеолалардың көп мөлшерде ауамен толуында байқалады. Оның аускультациялық белгілері:
- дем шығарудың ұзақтығы дем алудың 1/3 бөлігін құрайды;
- дыбыс кеуде қуысының екі жағынан да өкпелік паренхиманың үстінен тыңдалады;
- кеуде қуысының симметриялық аймақтарында біркелкі дыбыс болуы керек (оң өкпенің жоғарғы ұшында визикулярлы тыныс қаттырақ естіледі, оң жақ бронхтық жоғарғы бөлінінің беткей орналасуына байланысты)
Везикулярлық тыныс алудың өзгеруі (әлсіреуі - дем шығару естілмей, дем алудың дауысының төмендеуі кезінде; күшеюі - дем алудың дауысының жоғарылауы және дем шығарудың ұзаруы) физиологиялық және патологиялық түрде болуы мүмкін.
Физиологиялық везикулярлық тыныс алудың әлсіреуі - бұлшық еттердің тонусының шектен тыс дамуында немесе кеуде бөлігінің май қабатының қалыңдауында байқалады. Бұл жағдайда тыныстың әлсіреуі екі жақта да біркелкі болады.
Патологиялық везикулярлық тыныс алудың әлсіреуі өкпе ауруларында немесе көршілес мүшелер мен тіндердің зақымдалуы кезінде пайда болады. Бірінші жағдайда бұл:
- альвеолалардың вентиляциясының бұзылысы салдарынан пайда болатын тыныс жолдарының обструкциясы (көмекей, кеңірдек, бронх). Көмекей мен кеңірдек деңгейіндегі обструкцияда (Квинке ісігі, бөтен дене, ісік кезінде) және бронх демікпесінде тыныс алудың әлсіреуі екі жақта бірдей байқалады. Астматикалық статустың тыныс алуды өте қатты әлсіретуінен оның естілмеуі де мүмкін («мылқау өкпе»). Егер обструкция бронхтың локальды тығыздалуына әкелсе (ісіктер, лимфа түйіндерінің үлкеюі) онда тыныстың әлсіреуі жергілікті зақымданған ошақта естіледі.
Эмфизема, өкпенің тыныс алу экскурсиясының және альвеола қабырғасының эластикалық қабілетінің әрі тербелісінің төмендеуімен сипатталады;
- Плевраның шекті қалыңдауы, паретальды және вицеральды жапырақшаларының қабысуы плевриттен кейін болады.
- Өкпе тінінің тығыздалуының диффузды ұсақ ошақтары, қалыпты өкпе тінінің арасында ірі бронхтардан шеткей орналасқан (өкпенің шашыраңқы туберкулезі)
- Крупозды пневмонияның тасу және сауығу сатысында, экссудаттың альвеолаларды толық толтыруына жеткіліксіздігінен.
- Плевра қуысына газ немесе сұйықтықтың жиналуы, өкпенің қысылған бөліктерінің вентиляциясының азаюына және дыбыстың өткізгіштігінің төмендеуіне әкеледі.
Везикулярлы тыныстың әлсіреуі тыныс алу бұлшық еттерінің әлсізідігінен (миопатикалық синдром, myastenia gravis) немесе кеуде торының қандай да бір бөлігінің тыныс экскурсиясының рефлекторлы азаюында қатты ауырсынуға байланысты (қабырғалардың сынуы, жайылмалы теміретке) болады.
Везикулярлық тыныс алудың физиологиялық күшеюі физикалық күш түскенде, кеуде клеткасының қабаты жұқа астениктерде мысалы, балаларда (пуэрильді тыныс алу — латын тілінен рuer - ұл бала) байқалады. Ал везикулярлық тыныс алудың патологиялық күшеюі қатты және үзілісті болады.
Қатты тыныс алу терең тыныс алумен және ауа шығару фазасының ұзаруымен сипатталады (тынысты ішке алудың үштен бір бөлігіне сәйкес), бронхиттер, бронхопневмониялар кезінде, бронхтың ішкі беткейі оның шырышты қабатының бөртіп ісінуінің әсерінен немесе бронх ішінде қақырық түсіп тарылуынан болады. Күшейген везикулярлық тыныс қалыпты везикулярлық тынысқа сәйкес жұмсақ біркелкі, бірақта одан күштілеу, жуандау естіледі. Осы қасиеттермен ол қатайған везикулярлық тыныстан ажыратылады:
- қатты тыныс өкпенің барлық бөлігінен естіледі, ал патологиялық бронхтық - өкпенің тек бірнеше бөлігінен сирек естіледі;
- патологиялық бронхтық тыныс алу қабыну ошағының үстінен бронхофонияның күшеюімен сипатталады. Сонымен қатар, перкуторлы дыбыстың тұйықталуымен және дауыс дірілінің күшеюімен айқындалады.
Үзілісті тыныс - тыныс алу мен тыныс шығарудың үзілісті болуы. Тыныс алғанда кейбір ұсақ бронхылар шырышты болса немесе бронхтың ішкі кілегей қабаты бөртіп іскенде ауаның өтуіне бөгет болады да, ауа үзіліспен өткеннен тыныс та үзіліспен пайда болады. Осындай тыныс тек қана өкпе ұшынан естілсе, инфильтративті (ошақты) туберкулез ауруын көрсетуі мүмкін. Егер үзілісті тыныс екі өкпенің үстінен естілсе (әсіресе, төменгі бөліктерінен естілсе), негізгі себебі мысалы, қатты қобалжу кезінде немесе суықта тыныс алу бұлшық еттерінің біркелкі жиырылмауына байланысты.
Тыныс шуларына қырылдар, крепитация, плевра үйкеліс шуы жатады. Науқас аузымен тыныс алғанда оларды тыңдаған дұрыс.
Сырылдардың пайда болуы тыныс алғанда трахеяда, бронхтарда, өкпе қуыстарында қанның, экссудат немесе транссудат тербелісіне байланысты. Сырылдар құрғақ (ысқырықты және ызылдаған) және ылғалды (ұсақ көпіршікті және ірі көпіршікті, олардың өзі үнді, үнсіз) болады. Сырылдар тыныс алғанда немесе тыныс шығарғанда, сонымен қатар, тыныстың екі фазасында да естіледі. Жөтелгенде және тыныс алу жиілегенде тыныс жиілігі өзгереді.
Құрғақ сырылдар бронхтардың обструктивті әркелкі және тез тарылуында естіледі. Егер бронхтық обструкция бронхтардың шырышты қабатының ісінуімен немесе бұлшықеттерінің тарылуымен қабынса, онда сырылдардың тембрі жоғары болады (ысқырықты сырылдар). Бронхтардың ішінде қою, жабысқақ қақырық жиналса, оның бір ұшы бронх қабырғасында ал екінші ұшы бос жүрсе, ызылдағансырылдар естіледі. Құрғақ сырылдардың маңызды қасиетінің бірі созылыңқылығы,демді ішке алғанда немесе шығарғанда бронхтың қысылған жерлерінен, қақырық арасынан өткен ауа сырылды пайда болдырады. Ал ылғалды сырылдар бірінен кейін бірі өтетін кішкене сырылдар жиынтығы тәрізді естіледі.
Ылғалды сырылдар бронхтарда және өкпе қуысында сұйық және қою қақырықтың болуынан пайда болады. Құлаққа олар ауаны суға түтік арқылы үрлегенде пайда болатын көпіршік тәрізді естіледі. Оның пайда болу механизмі: ауа өткен кезде қақырық бетінде қою қабаттың пайда болуынан. Бұл қабат созылып, дауыс шығарып жарылады.
Бронхтардың қабынған бөлігіне байланысты ылғалды сырылдар ірі, орташа және ұсақ көпіршікті болып бөлінеді. Диагностикалық бақылауды ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдарда күшейте түседі, себебі, ұсақ бронхтардың қабынуымен қабыну процесі альвеолаларға өтіп кетуі мүмкін, ол пневмонияға әкеліп соқтырады. Үлкен бронхтардың жоқ жерінде үлкен көпіршікті сырылдардың болуы өкпе тінінің қуыстануының және бронхоэктаздың белгісі бола алады. Егер қабынған бронхтардың жанында тығыздалған өкпе тіні немесе жылтыр қабырғалы қуыс болса, пайда болатын ылғалды сырылдар дыбысты болып естіледі (қаттырақ, «құлақ үстінен»). Ылғалды дыбысты ұсақ көпіршікті сырылдардың өкпенің төменгі жағында анықталуы бронхопневмонияның бар екендігін дәлелдейді, ал бұғана асты немесе жауырын асты бөлігінде болуы - туберкулездің бар екендігін немесе өкпенің қуыстануын анықтайды. Ылғалды дыбысты емес сырылдар өткір бронхит пен өкпе ісінуіне тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет