Реферат Тақырыбы: Өкпе аускультациясы



бет4/6
Дата16.11.2022
өлшемі88,5 Kb.
#158434
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат аускультация Асель
Аралас пиодермиялар
Крепитациясықыр(латын тілінен crepitatio - сыну) шаштың үйкелісінің дыбысын еске салады. Ол альвеолалардың тыныс алу соңында ажырауынан пайда болады. Өкпенің қабыну процесінің бастапқы кезеңінде альвеолаларды тұтқырлы экссудат толық толтырмайды, тек қабырғаларын ылғалдандырады. Осыдан альвеолалардың тыныс шығарған кезде қабырғалары жабысып, тыныс алғанда қысқа дыбыс шығарумен ажырайды. Көптеген альвеолалардың қабырғаларының ажырауы құлаққа крепитация болып естіледі (бастапқы крепитация деп аталатын crepitatio indux). Қабынудың белсенді кезінде экссудат альвеоланы толық толтырады, сол кезде крепитация жоғалады. Экссудаттың сорылуында осы жағдай қайталанады және соңғы крепитация пайда болады (crepitatio redux). Ауыру кезінде крепитация ұзақ уақыт естіледі. Бұл өкпенің белгілі бір бөліктерінің қабыну процесіне байланысты асинхронды болып келеді, ол өкпенің бір сегментінде басталады немесе аяқталады, ал екінші сегментінде қабынудың белсенді кезеңінде болады.
Науқастың төсегінің жанында крепитацияны ылғалды, дыбысты, ұсақ көпіршікті сырылдардан дифференциялау керек, себебі, осы сырылдардың диагностикалық маңызы зор. Олардың аускультациялық айырмашылығы:
- крепитация (сықыр) тыныс алудың соңында пайда болады, терең тыныс алғанда ұлғаяды. Сырылдарды тыныс алудың барлық фазасында тыңдай аламыз (тыныс алғанда, тыныс шығарғанда, тыныс алғанда және тыныс шығарғанда бір уақытта);
- крепитация (сықыр) форсирленген тыныс алғанда немесе жөтелде өзінің қарқынын өзгертпейді, ал сырылдар ұлғаяды немесе жоғалып кетеді.
Айтып өткендей, крепитация өкпе қабынуының белгісі болып табылады (пневмония, альвеолит). Одан басқа, ол инфарктіде, өкпе ісінуінде, өкпе ателектазында естілуі мүмкін. Соңғы жағдайға байланысты альвеолаларда транссудаттың іркілуі вена қан тамырларында немесе лимфада қан айналысының бұзылуына байланысты. Бірнеше себептерге байланысты крепитация сирек сау адамдарда, ұзақ уақыт төсекте жатқанда және дұрыс тыныс алмағанда (мысалы, «гипсті төсекте» жатқан, омыртқасы сынған науқастарда) естіледі. Ол ұқсас себептерге байланысты пайда болады: вентиляциясы төмен альвеолаларда, әсіресе өкпе перифериясында, жоғарғы тыныс алудың төмендеуінде болады, бірақ, терең тыныс алғанда қалпына келеді. Қабынуға қарағанда, бұндай крепитация бірінші 3-4 тыныс алуда жоғалады және өкпе тінінің тығыздалуының басқа да себептері болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет