Реферат Тақырыбы: Өкпе аускультациясы



бет5/6
Дата16.11.2022
өлшемі88,5 Kb.
#158434
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат аускультация Асель
Аралас пиодермиялар
Плевраның үйкеліс шуы өкпенің париетальді және висцеральді жапырақшаларының үйкелуінен болады. Қалыпты жағдайда плевра жапырақшаларының арасында (1-2 мл) сұйықтық болады, ол жапырақшалардың үйкелмеуін қамтамасыз етеді. Құрғак плеврит кезінде плевра бетінде фибрин жиналады да, плевра беті кедір-бұдыр болады. Тыныс алған кезде өкпе қабы бетінде үйкеліс шуылы пайда болады, аязды күні қардың үстінде жүргенде естілетін сықыр сияқты, немесе бір нәрсені тырнағанда естілетін дыбысқа ұқсас болады.
Құрғақ плевритте плевра жапырақшаларының арасындағы сұйықтықтың тегіс бөлінбеуінің әсерінен, үйкеліс шуы пайда болады. Плевра үйкелісінің шуы беткей милиарлы микроорганизмдердің жайылмалы түрінде байқалады(туберкулез, канцерлматоз),сонымен қоса, қалыпты жағдайда болатын сұйықтықтың азаюынан эксикоз болады. Экссудативті плевритте үйкеліс шуын экссудаттың үстінен естуге болады.
Плевра үйкеліс шуылы дем алу үдерісінің екі фазасында да тыныс алу және тыныс шығару кезінде де естіледі. Өкпе қабының үйкеліс шуылы бәрінен де анық өкпенің тыныс алудағы қимылдары нағыз айқын жерінде, қолтық асты, артқы, ортаңғы, алдыңғы сызықтары бойымен естіледі. Кей кезде бұл шуыл өте қатты болғандықтан, пальпация кезінде қолмен сезілуі мүмкін. Өкпе қабы үйкеліс шуылын ылғалды сырылдардан ажырату үшін науқасты жөтелдіру керек. Бұл жағдайда плевра үйкеліс шуылы өзгермейді, ал ылғалды сырылдар жойылуы мүмкін. Өкпе қабының үйкеліс шуылын сықырдан ажыратуға мына белгілер көмектеседі:
- өкпе қабының үйкеліс шуылы дем алу фазасының екеуінде де естіледі, сықыр тек дем алу фазасыңда және оның ең терең кезінде;
- кеуде клеткасын фонендоскоппен қаттылау басқанда өкпе қабының үйкеліс шуылы күшейеді, ал сықыр өзгермейді;
- өкпе қабының үйкеліс шуылы стетоскопқа сықырдан жақындау естіледі;
- дем шығарғаннан кейін, ауыз бен мұрынын жапқызып, құрсақты жиырып бұлтитады, бұл кезде кеуде пердесі төмен түседі. Осы кезде париеталды және висцералды плевра жапырақтары бір-бірінің үстімен жылжиды, егерде құрғақ плеврит болса оның зақымданған беттері кедір бүдір болса, өкпе қабының үйкеліс шуылы пайда болады. Бұл кезде бронх арқылы ауа жүрмегендіктен, яғни альвеолаларға ауа кірмегендіктен, ылғалды сырылдар мен сықырлар естілмейді.
- үйкеліс шуы науқас жөтелгенде өзгермейді, ал сырылдар өзергеді.
Плевральды жапырақшаның жүрек аймағында қажалуы перикардтың систола және диастола кезіндегі үйкелуінен болады, соның салдарынан, плевроперикардиальды шу, әсіресе терең тыныс алғанда жақсы естіледі.
Гиппократ шуын (succussio Hippocratis) гидропневмоторакста науқастың денесінің жоғарғы жағын қатты қағуда естіледі. Шуды дұрыс есту үшін науқасты қатты, арқасы тік орындыққа отырғызу керек. Гиппократ шуын асқазандағы шудан ажырата білу керек.
Тамған тамшының дыбысын (gutta cadens) гидропневмоторакста және үлкен өкпе кавернасы қақырықпен толған жағдайда, науқастың денесін горизонтальді күйінен вертикальді күйіне жылдам ауыстырғанда тыңдайды. Сұйықтық төменгі бөлікке ығысады, ал қалғандары тамшылар түрінде экссудатқа тамады да, сәйкес дыбыс шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет