Өндірістік микроклиматтың негізгі парамерлері Ауаның температурасы - өндірістік ортаның, әсіресе технологиялық процесстерінің ерекшеліктеріне байланысты жылуды көп бөлетін цехтарындағы микроклиматты анықтаушы басты факторларының бірі болып саналады. Осындай өндірістердің мысалы болып металлургия (домналық, конвейерлік, мартендік, электрлік болат балқыту, прокаттық цехтары), машина жасауда (құю цехтары, ұсталық, термиялық цехтары), тоқыма (текстиль), резиналық, түсті металлургия, тағам өнеркәсіптеріндегі бірқатар өндірістері, құрылыс материалдарын жасау өндірісі саналады.