Өндірістік бөлмелерді зиянды заттардан және шаң-тозаңдардан тазартып отыру үшін міндетті түрде ғимаратты желдетіп отыру керек. Сол үшін де өндірістегі микроклимат жағдайларына үлкен мән беріледі, бұл – салыстырмалы ылғалдылықпен, қозғалу жылдамдығымен, ауа температурасымен сипатталатын ауа ортасының жай-күйі.
Микроклиматтың бұл параметрлерінің әрқайсысы жеке-жеке және әртүрлі жағдайда адам ағзасындағы физиологиялық процестерге және көңіл күйіне, жұмысқа қабілеттілігіне өте үлкен ықпал етеді.
Қоршаған ортаға ағзамен берілетін жылудың мөлшері тұрақты шама емес, ол орындалған жұмысқа, микроклиматқа, дене кейпіне және басқа да факторларға байланысты болады.
Табиғи желдету кезіндегі ауаны алмастыру бөлменің ішкі және сыртқы ауа қысымы мен температураның айырмашылығының есебінен пайда болатын жылудың және желдің күшінің салдарын болады, ал жасанды желдету желдеткіштің көмегімен жасалған жасанды күштің салдарынан болады.
Ғимараттар мен үймереттердегі жылу, желдету және бөлмелердегі ауа алмасуы ҚР-ның мемлекеттік стандартына және өндірістегі санитарлық нормалар және ережелердің талаптарына сай болу керек. Мұндай нормативтік-құқықтық актілер жұмыстың түрлері мен ауырлық категорияларына, жұмысшыға жылу сәулесінің тигізетін әсеріне және де жыл мезгіліне байланысты да жүзеге асырылып отырады.
Өндіріс орындарында табиғи желдету барлық бөлмелерде қарастырылуы керек. Ол ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған болып екіге бөлінеді. Бұл тәсіл бөлмелерге самал желдің кіріп-шығуының көмегімен жүзеге асады. Ал жасанды (механикалық) желдетудің табиғи желтетуден ерекшелігі самал жел ғана емес вентиляторлардан соққан күшті жел де қосылады.
Желдету
Бұл бөлмедегі артық жылу, ылғалдылықты, қауіпті және зиянды заттарды жою үшін, сондай-ақ, жұмыс зонасындағы микроклиматтық жағдайды жақсарту үшін жасалатын бөлмедегі ауаның алмасуын реттейтін ұйымдық шаралар.
Ауаны салқындату
Белгілі бағдарлама бойынша өзгеретін температураны, ылғалдылықты, ауаның тазалығы мен қозғалыс жылдамдығын орнату және автоматты түрде қалыпта ұстап тұру.
Термореттеу
Дененің ағзадағы температурасын бірқалыпты деңгейде сақтай отырып, метеорологиялық жағдайларға байланысты, адам ағзасы мен қоршаған ортаның арасындағы жылу алмасуды реттейтін адам ағзасының физиологиялық мүмкіншілігі.
Микроклимат
Өндірістің ішкі ауа температурасы мен адам ағзасының жылу алмасуының нәтижесінде болатын өндірістік ғимараттың ішкі ортасының климаты.