Қорынтынды
Вирусология саласында жүргізілген көптеген зерттеулерге қарамастан, герпеcвирустық инфекция мәселесі өзектілігін жоғалтқан жоқ, керісінше әр саладағы мамандарды осы мәселені зерттеуге өз үлестерін қосуға итермелейді. Жыныстық жолмен жұғатын вирустық инфекциялар арасында гениталды ұшық жиі кездесетін аурудың бірі. Мамандардың бірыңғай пікірі жоқтығынан диагностика, науқастарды жүргізу тактикасы, стандартталған тест жүйесі сұрақтары, сондай-ақ дәрігерлердің бұл аурудың кейбір клиникалық көріністері және немен аяқталатындығы жөнінде толық мағлұматы болмағандықтан, гениталды ұшықты бақылауға көнбейтін инфекциялар қатарына жатқызады. Алынған мәліметтер көптеген деректермен дәлелденген, онда әр түрлі лабораторияларда қойылған ПТР нәтижелерінің сәйкес келмейтіндігі көрсетілген. Бұл ПТР тест жүйесінің әртүрлі сезімталдығымен түсіндіріледі, ол қолданған праймерлерге және ДНК амплификация циклының соңына тәуелді. Осы мәліметтерді ескере отыра, клиникалық лабораторияларда қолданылатын тест жүйесін стандарттайтын әдістерді енгізу қажеттігі туындайды. Гениталды ұшықтың вирусы адам ағзасының барлық мүшелері мен тіндеріне, шырышты қабыққа, тері жабындысына, ішкі ағзаларға тропты. О.И. Киселев және В.И. Покровский зерттеуі бойынша вирустық инфекциямен шақырылған өзгерістер, келесі процестердің нәтижесі болып табылады: өмірге қажетті ағзалардың қызметінің бұзылуы; виремия (вирустық жүктеме жалпы токсикозбен сәйкес келеді); науқастың жалпы жағдайының ауырлығы, қызбаның пайда болуы, инфекциялық процесстің сипаты, ағымы және соңы, сондай-ақ бактериалық инфекцияның қосарлануы және асқынудың туындауы иммундық жүйе жұмысымен тығыз байланысты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:
1. Пяткин К. Д. "Микробиология", 1980.
2. Б.Т. Толысбаев; К.Б. Бияшев.”Микробиология және иммунология” - Алматы, 2008.- 498
3. - Шортанбаев А.А., Кожанова С.В “Жалпы иммунология” -.Алматы,2009.-319
Достарыңызбен бөлісу: |