Қорытынды Шығарманың негізгі тірегі – адам баласы болғандықтан, шығарма кейіпкерлерінің жанында болып жатқан сыры мен құбылыстары анықталады. Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алады. Психологизм элементтері ертедегі ауыз әдебиетінен бастап, әдеби процестің қалыптасуында әр түрлі шамада көрінген. Дүние жүзі әдебиетінде көркемдік шеберліктің бұл саласындағы табыстар З. Фрейд және Э. Фромм есімдерімен байланысты. Мұндай шығармаларда оқиға шиеленісуінен гөрі психологиялық қақтығыстар бірінші тұрады. Психологиялық тартыс арқылы кейіпкердің ішкі тебіренісі беріліп, жан сыры ашылады, адам мінезі дамиды.