Реферат Тақырыбы: С++ тілінің құрылымы Дайындаған: Хамзаева К. А қабылдаған: Сермаханов Р. Н тобы: ет9-10г



бет10/12
Дата13.02.2023
өлшемі416,17 Kb.
#168607
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
c

Программа құрылымы
C++ тіліндегі программа функциялардан, сипаттамалардан жəне препроцессор директиваларынан тұрады. Функциялардың біреуінің атауы main болуы тиіс. Программаның орындалуы осы функцияның бірінші операторынан басталады. Функцияны анықтаудың қарапайым форматы төмендегідей болады:
қайтарылатын_мəн_типі атауы ([ параметрлер ]) {
функция тұлғасын құратын операторлар
}

Көбінесе функция кез келген бір мəнді есептеу үшін қолданылады, сондықтан функция атауының алдында оның типі көрсетіледі. Функциялар туралы 74 б. айтылады, ал төменде ең маңызды болып табылатын мəліметтер келтірілген, олар:



  • егер функция мəн қайтармауы тиіс болса, void типі көрсетіледі;

  • функцияның тұлғасы блок болып табылады, сондықтан ол жүйелі жақшаға алынады;

  • функциялар қабаттасқан түрде берілмейді;

  • əрбір оператор нүктелі үтірмен аяқталады (құрама оператордан басқасы).

Құрамында main, f1 жəне f2 сияқты функциялары бар программа мысалы:


Препроцессор директивалары
сипаттамалар
int main() {
негізгі функция операторлары
}
int fl(){
fl функциясының операторлары
}
int f2(){
f2 функциясының операторлары
}


16
Программа бірнеше модульден (бастапқы файлдардан) құралуы мүмкін. Енгізу/шығару туралы бірқатар алдын ала ескертулер. C++ тілінде құрамдас енгізу/шығару құралдары жоқ, ондай операциялар стандартты кітапханалардағы функциялар, типтер жəне объектілер көмегімен жүзеге асырылады. Көбінесе екі тəсіл қолданылады: С тілінен мұраланған функциялар жəне C++ тілінің объектілері.
С тілі стиліндегі негізгі енгізу/шығару функциялары:
int scanf (const char* format, ...) // енгізу
int printf(const char* format, ...) // шығару
Бұлар шамалардың кез келген санын format форматы тіркесіне сəйкес форматталған түрде енгізу жəне шығару əрекеттерін орындайды. Формат тіркесінде мəлімет шығару кезінде ағымға (экранға) көшірілетін немесе мəлімет енгізу кезінде ағымнан (пернетақтадан) шақырылатын символдар жəне % белгісінен басталатын, енгізу жəне шығару кезінде нақты шамалармен алмастырылатын түрлендіру спецификациялары болады.
С тілі стиліндегі енгізу/шығару функцияларын пайдаланатын программаның мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет