Реферат Тақырыбы: С++ тілінің құрылымы Дайындаған: Хамзаева К. А қабылдаған: Сермаханов Р. Н тобы: ет9-10г



бет6/12
Дата13.02.2023
өлшемі416,17 Kb.
#168607
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
c

C++ тіліндегі мəліметтер типтері


Мəліметтер типтерінің тұжырымдамасы
Кез келген программаның негізгі мақсаты мəліметтерді өңдеу болып табылады. Əр типтегі мəліметтер əртүрлі жолмен өңделеді жəне сақталады. Кез келген алгоритмдік тілдегі əрбір тұрақтының, айнымалының, өрнектің немесе функциялардың есептеу нəтижелері белгілі бір типке сəйкес келуі керек.
Мəліметтер типі бойынша төмендегілер анықталады:

11
Осындай сипаттамаларға байланысты программадағы нақты объектілерді бейнелеу үшін қолданылатын əрбір шаманың типі алдын ала таңдалады. Типті міндетті түрде сипаттау арқылы компилятор программаның əртүрлі конструкцияларының жұмыс істеу мүмкіндігін тексере алады. Мəліметтерді өңдеу үшін қолданылатын машиналық командалар шамалардың типтеріне байланысты жұмыс атқарады.
C++ тілінің барлық типтері негізгі жəне құрама болып екіге бөлінеді. C++ тілінде бүтін, нақты, символдық жəне тіркестік шамаларды бейнелеу үшін алты негізгі мəліметтер типі анықталған. Осы типтерді негізге ала отырып, программалаушы құрама типтер сипаттамасын енгізе алады. Оларға жиымдар, тізбелер, функциялар, құрылымдар, сілтемелер, нұсқауыштар, біріктірмелер жəне кластар жатады.


Мəліметтердің негізгі типтері
Мəліметтердің негізгі (стандартты) типтерін көбінесе арифметикалық типтер деп те айтады, өйткені оларды арифметикалық операцияларға қолдануға болады. Негізі типтерді сипаттау үшін келесі түйінді сөздер анықталған:

  • int (бүтін);

  • char (символдық);

  • wchar_t (кеңейтілген символдық);

  • bool (логикалық);

  • float (нақты);

  • double (екі еселенген дəлдіктегі нақты сандар).

Алғашқы төрт тип бүтін сандық (бүтін), соңғы екеуі жылжымалы нүктелі типтер (нақты) деп аталады. Компилятордың бүтін шамаларды өңдеу кезінде қалыптастыратын коды жылжымалы нүктелі шамаларға арналған кодтан өзгеше болып келеді.
Стандартты типтердің компьютердегі ішкі бейнеленуі мен олардың мəндерінің диапазонын нақтылайтын төрт тип спецификаторы бар, олар:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет