double типі атауының алдындағы long спецификаторы сандық шамаға компьютер жадынан 10 байт орын бөлінетінін көрсетеді.
Жылжымалы нүктелі тұрақтыларға келісім бойынша double типі беріледі. Тұрақтының типін F, f (float) жəне L, l (long) жалғауларының көмегімен нақты түрде көрсетуге болады. Мысалы, 2E+6L тұрақтысының типі long double, ал 1.82f тұрақтысының типі float болады.
14
1.4-кестеде нақты типтер үшін олардың ең кіші жəне ең үлкен мəндерінің
абсолюттік шамалары берілген.
Əртүрлі платформаларға ауыстырылатын программаларды жазу кезінде int типінің мөлшері туралы жорамал жасауға болмайды. Оны анықтау үшін sizeof операциясын қолдану керек, соның нəтижесінде байтпен берілген типтің мөлшері, яғни ұзындығы табылады. Мысалы, MS-DOS операциялық жүйесі үшін sizeof(int) функциясының нəтижесі 2 болса, ол Windows 9x немесе OS/2 жүйесі үшін 4-ке тең болады.
ANSI стандартында негізгі типтер үшін мəндер диапазондары берілмейді,
тек олардың ұзындықтары арасындағы қатынас анықталады. Мысалы,
sizeof(float) ≤ sizeof(double) ≤ sizeof(long double)
sizeof(char) ≤ sizeof(short) ≤ sizeof(int)≤ sizeof(long)
Мəліметтерді бейнелеу дəлдігімен жəне олардың өзгеру диапазонымен ерекшеленетін бүтін жəне нақты типтердің бірнеше түрлері программа құрушыға компьютердің нақты аппаратуралары мүмкіндіктерін барынша тиімді қолдану үшін енгізілген. Өйткені программаны орындау жылдамдығы мен пайдаланылатын компьютер жадының көлемі көбінесе қолданылатын типтерді таңдауға байланысты болып келеді. Алайда компьютердің белгілі бір түрі үшін тиімді түрде жұмыс істейтін программа басқа платформаларға көшіру мүмкіндігінен айырылуы мүмкін, сондықтан, жалпы жағдайда, мəліметтер типтерінің нақты сипаттамаларына тəуелді болмауға тырысу керек.
15
void типі
Аталған типтерден басқа C++ тілінің негізгі типтеріне void типі де жатады, бірақ бұл типтің мəндер жиыны бос болып табылады. Ол мəн қайтармайтын функцияларды анықтау үшін, функцияның аргументтерінің жоқ екенін көрсету үшін (функциялар жайында 74 б. айтылған), нұсқауыштардардың базалық типі ретінде (49 б.) жəне типтерді түрлендіру операциясында (54 б.) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |